ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 
10 ноября 2018 г.

Слямбекова Шынар, 11а сынып, Ново-Одесское ауылы, Ұлан ауданды, ШҚО, «Базылбек Ахметов атындағы  орта мектеп» КММ.

 

 

Жетекшесi: Нургазина Сауле Калибековна, тарих пәні мұғалімі, Ново-Одесское ауылы, Ұлан ауданды, ШҚО, «Базылбек Ахметов атындағы  орта мектеп» КММ 

 

«Отан деп соққан жүрегі…»

«Отан деп соққан жүрегі…»

Мазмұны:

1. Жұмыстың сипаттамасы…………..2 бет
2. Кіріспе бөлім………………………..3 бет
3. Зерттеу бөлімі……………………….4 бет
«Отан деп соққан жүрегі…»
4. Қорытынды………………………….7бет
5. Қолданылған әдебиеттер……… 8бет

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Бұл жұмыс өлкеміздің тарихта аты қалған тұлғаларын дәріптеуге арналған. Соның ішінде ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян.
1945 жылдың 9 мамырына дейін болып Ратушаға ту тіккендердің бірі біздің Кенжебайдай атамыз екенін әрбір Қаратөбелік білуі тиіс. Ауыз толтырып ерлігі бар адамның аты ең болмаса «Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясында» аты – жөні жоқ. Сондықтан зерттеу жұмыс барысында осы адамның өмірі мен қызметіне шолу жасалады.

Зерттеу әдісі:

Аудандық архивтен, қорғаныс бөлімінен, мұражайдан, тусықандарынан материалдар іздестіру, жүйелеп жинақтау

Зерттеуге негіз болған материалдар:

Архив материалдары, туған туыстарының К. Мәденов туралы білетін мәліметтері, баспасөз материалдары, отбасылық архивінен алынған құжаттар

КІРІСПЕ

Соғыс жаңғырығы жылдан – жылға алыстап барады… Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғалар аз емес. Мысалы, Бақтыораз Бейсекбаевты аға буын өкілдері білген жоқ қой. Қазір еліміздегі ең жоғарғы награда «Халық қаһарманы» атағының иегері. Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?…

 Оны ашып анықтау белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау – бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз.
Біздің бүгінгі сөз ететін тұлғамыз елеусіз қалған ер болмақ.
Кенжебай Мәденов… Төл тарихымыздан ойып алар орны болса да есімі ескерусіз жатқан ерлердің бірі. Оның есімі кешегі қанды қырғын соғыстағы жеңіс тарихымен біте қайнасып жатыр. Жеңіс күнін жақындатуға жол салған десе де болады. Өйткені, «Империя кеңсесі» атанған Ратушаға алғаш ту қадаған кім еді десе, біз мақтанышпен біздің жерлесіміз қаратөбелік Кенжебай атамыз дер едік.
Жұмысымның көкейкестілігі өзінің елі үшін, ағаларының кегі үшін жаудан қаймықпай Жеңіс күнін ерлікпен Берлинде қарсылаған батыр атамыздың лайықты бағасын ала алмай жүруі. Жеңістің 60 жылдығына орай шыққан «Жеңіс, Победа!» кітабында аты жоқ. Өлкеміз тарихынан мәлімет берер Батыс Қазақстан энциклопедиясында да жоқ. Еліміз тарихынан мәлімет берер «ҚАЗАҚСТАН» энциклопедиясында да қысқаша өмірбаяны ғана берілген, суреті жоқ.
Осыларды көре отырып, бар ғұмырын Отан үшін сарп еткен ерге Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алуына аз да болса үлес қосу. Бұл ғылыми жобамен танысқан адам бастан – аяқ болмағанмен Кенжебай Мәденов өмірінің кейбір қырларынан мағлұмат алады.

Зерттеу бөлімі

Бұл тұлғаны алғаш зерттеуге негіз болған нәрсе мектеп оқулығындағы дерек еді. Онда Маденовты Орал өңірінің жас офицері деп жазған екен. Мен елең ете қалдым. (1 қосымша)
Сөйтіп жүргенде жерлес журналист Қ. Хасановтың «Қаратөбе өренді, өнерлі өлке» кітабынан оның есімін тағы кездестірдім.(2 қосымша)

Шынымен Ратушаға ту тіккен қазақ біздің жерлесіміз бе екен деп «Қазақстан» энциклопедиясын аштым. Аты бар екен.(3 қосымша) Бұл кім, оның туысқандары бар ма екен деп сұрастырдым. Әйтеуір Қаратөбеде бірлі – екілі ағайындары бар екен. Бірақ олардан ауыз толтырарлық ештеңе біле алмадым. Аталас інісі Сәулебай ата газет парағын ұстатты.(4 қосымша)
Одан Кенжебайдың Махамбет ұрпағы екенін білдім. Кезінде облыстық газет редакторы болған Бақтыбай Далабаев ағамызда сол Кенжебай Мәденовтың немерелес інісі екенін біліп, ол кісімен телефон арқылы сөйлесудің сәті түсті. Атырауда тұратын баласының телефонын, мекен жәйінің адресін берді. Қолымдағы көптеген деректерді сол баласы Махамбеттің берген деректері. Әрине факс арқылы жібергендіктен олқылықтар да жоқ емес.(5 қосымша ) Кейбір деректердің авторларының аты беймәлім. Бірақ әйтеуір зерттеуге қажетті материалдардың аз да болса қолыма тигеніне қуанып отырмын. Жоғары да аталған деректерден Кенжебай Мәденовтың өмір жолына тоқталайын:

Қазақстанның батыс өңірі қай уақытта да өнерпаз адамдарға кенде емес. ХХ ғасырдың 30 – жылдары осылардың ішінде, әсіресе күйші Мәден Керешұлы айрықша көзге түсетін. Мәденнің шаңырағында 1925 жылы 19 ақпанда ұл бала дүниеге келген. Бұл көп балалы күйші Мәденнің отбасындағы кенже ұлы Кенжебай болатын.

Оның балалық шағы тарихымыздың қиын – қыстау күндерінде өтті. Бозбала шаққа жеткен 16 жасында қарғыс атқыр соғыс деген пәлекет басталды. Мәденнің үш ұлы соғысқа аттанды. Ең үлкені Өтеген Мәденов 1942 жылы алынып, 1945 жылы Будапешт түбінде жаралы болып, елге оралды. «Қызыл жұлдыз» орденін, басқа да медальдар тағынып қайтты. Бұрыннан мектеп ұстазы болатын. Оқытушылар институтын, Алматыдағы партия мектебін бітірген. Кейіннен Орал облыстық партия комитетінде жоғары қызметтер атқарған.
Екінші ағасы Алтынбай 40 – жылы армияға алынғаннан ауылына қайтпастан, Ленинград қоршауында басынан аяғына дейін қатысып, 1944 – жылдың күзінде Балтық жағалауындағы шайқастарда ерлікпен қаза тапқан.

Кенжебайдың өзіне тетелес ағасы Жауылбай да майданда, Старая Русса маңында шаһит болған.

Кенжебай Мәденов 1925 жылы 19 – ақпанда Батыс Қазақстан облысының, Қаратөбе ауданының, Қаракөл ауылдық кеңесінде (қазіргі Қаракөл ауылы, Қызылқоға ауданы, Атырау облысы) дүниеге келген. 1943 жылы 8 – қаңтарда отбасынан 4 – ші болып қан майданға аттанды. Краснохолм әскери – жаяу әскер училищесін 1943ж қарашада бітірді. 3 – Украина майданының 8 – гвардиялық армиясының 57 – атқыштар дивизиясының 170 – гвардиялық атқыштар полкінде станкілік пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1944 жылғы қарашада офицерлердің жаяу әскер курсын үздік бітіріп, «кіші лейтенант» офицерлік шенін алып шығады.
Бұдан кейін 1 – Белорус майданындағы 5 – екпінді армияның 266 атқыштар дивизиясының 1008 – атқыштар полкындағы 2 – баталонның 5 – ротасында атқыштар взводының командирлігі әскери міндетін атқарды. Украинаның оң жағалауын, Молдавия аумағын (ЯССО – КИШИНЕВ операциясы), Польшаны, оның астанасы Варшаваны, Германияны (ВИСЛА – ОДЕР операциясы) азат ету және Берлинге шабуыл жасау сияқты соғыс қимылдарына қатысқан.
К. Мәденовты бізге тілге тиек етуге себеп болған оның Берлин Ратушасына ту тіккені. Осы оқиға қалай болған еді. Оны білу үшін «Қазақстан коммунисі» (1970жылы№6) журналына үңілейік. Осы журналдың 66 – 67 беттерінде, Кенжебай Мәденовтың өзінің «Батыр гвардияшылар» атты мақаласы жарық көрген екен. Сонда қаһарманның өзі өмір жолын төмендегіше баяндаған: «Ұлы Отан соғысы басталғанда мен 16 жаста едім. Үлкен ағаларым Өтеген, Алтынбай, Жауылбайлар отанды қорғауға аттанып та кеткен. Осы кезде семьядағы қарт әке – шешемізбен өңшең шиеттей жас балалар қалдық. Олардың ішіндегі естияры мен. Семья жағдайыма байланысты 9 – класты бітірген соң жұмыс істеуге тура келді. 1942 жылдың июнінде Қаратөбе (Орал облысы) аудандық шикізат дайындау мекемесінде есепшілік қызметке орналастым. Бұл кезде ауылда жұмыс істеп жүргендер қарттар мен әйелдер, жасөспірімдер болатын. Соғыстың ауыр жылдары болатын. Бүкіл еліміз біртұтас соғыс лагеріне айналып, тылдағылар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еттік.

Ұрыс Сталинград түбінде жүріп жатқан кез. Соғыс үні Орал, Гурьев облыстарының кейбір аудандарына да жеткен. Осы шақта тетелес ағам Жауылбайдың соғыста ерлікпен қаза тапқаны туралы «қара қағаз» алдық. Бұл қайғылы хабар мені қатты тебірентті, зұлым жаудан кек алу үшін армия қатарына сұрандым.

Кіші командирлер даярлайтын курсты бітіріп 1943 – жылдың қараша айында 3 – Украин майданының 57 – гвардиялық атқыштар дивизиясының 170 гвардиялық атқыштар полкінің құрамында станковый пулемет бөлімшесінің командирі болып Кривой – Рог түбіндегі ұрыстарға қатыстым. Аяғымнан ауыр жараланып, госпитальда емделіп шыққан соң атақты 5 – екпінді армияның құрамында ЯССО – КИШИНЕВ ұрыстарына қатысып Молдавия жерін жаудан азат еттік. 1944 жылы сентябрь аяғының аяғында біздің 5 – екпінді армия 3 – Украин майданынан 1 – Белорусь майданының қарамағына берілді. Осы армияның қарамағындағы кіші лейтенанттар даярлайтын курсты бітіріп шығып 266 – дивизияның 1008 – полкіндегі 1 взводқа командир болып тағайындалып Висла өзенін көктей өтудегі Польшаның астанасы Варшаваны азат етудегі шабуылға қатыстым. Жаудың жанталасқан қарсылығын жаныштай отырып 1945 – жылдың январь айының аяғында Германияға кірдік. Жау өз жерінде жанталаса қарсылық көрсетті. Бұл маңдағы ең қатты шайқас Одер өзенінің арғы бетінен плацдарм алу үшін жүріп жатты. Жау жағы күніне бірнеше рет шабуылға шығып біздерді Одердің суына батырмақ болды. Бірақ жеңіске ұмтылған совет жауынгерлері батыл соғысып жау шабуылына тойтарыс берді. Ұрыстың соншалықты сұрапылдығына қарамастан біздер арғы беттегі кішкентай жерді февралдің басынан 16 – апрельге дейін яғни Берлинге үлкен шабуыл жасалғанша ұстап тұрдық. Одер жағасындағы екі жарым айға созылған кескілескен ұрыстардың бір ғана эпизодын мысалға келтірейік. Февраль айының екінші жартысы. Біздің полк Одердің арғы бетіндегі кішкентай жерде ұрыс жүргізіп жатты. Сол қанатта 1 – батальон командирі майор Алексеев парторг аға лейтенант қырғыз жігіті Қ. Үсенбековтер болса, батальонның оң жағында 2 – батальонның командирі майор қазақстандық А. Дейкин және мен басқарған взвод тұрды. Біздің осы арадағы шебіміз Берлинге 60 – 70 км жердегі төте бағыт болатын. Сондықтан болар неміс фашистері осы бағытта өзінің барлық таңдаулы күштерін пайдаланып бақты. Қанша қиын болса да біз гитлершілдерді шептен бері жылжытпадық. Біздің жақтан да шығын көп болды. Осы ұрыстағы ерлігі үшін Алексеев пен Үсенбековтерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Неміс фашистері осы күнгі ұрыста өздерінің «Гитлерюгенд» аталатын жастар отряды мен әйелдер батальонын ұрысқа салды. Бұл Одер бекінісін қолда ұстап қалу үшін жасаған Германия бас командованиесінің ең ақырғы жан ұшырған әрекеті еді. Осы кішкентай жердегі ұрыс кезінде, блиндажда өткен партия жиналысында мені коммунистер қатарына алды. Сонда мен 20 – ға жаңа толған шағым еді. Төрт жылға ұласқан қанды қырғынның ақырғы кезеңі таянып, атағы тарихқа мәңгі қалар 45 – жылдың көктемі туған – ды. Бұл совет қаруы суы қанған шар болаттай шынығып, өз үңгіріне тығылған фашистердің желкесін қиюға төнген шақ болатын. Ол күндерде Берлин құрсауы да олқы емес – ті. Совет Армиясы апрельдің 16 – сында тарихқа аты әйгілі Берлин шабуылы операциясын бастады. Біздің полк 21 – апрель күні Берлин қаласының түбіндегі Марден елді пунктін власовшыл сатқындардан тазартып, жау ордасына тікелей жорыққа шықты. 23 – апрель күні біздің взвод Берлин қаласына кірді. Осы күні көше бойындағы соғыста сол көзіме граната жарқыншағы тиіп жаралы болдым. Сүйекке қадалған қорғасынды алдырмастан, жедел дәрігерлік көмек алып, ұрыс жүргізіп жатқан өз взводыма келіп, тиісті міндетімді атқара бердім. Кескілескен шайқастар Берлин көшелерінің орталықтарында жүріп жатты. Жау мықты қорғаныс жүйелеріне бекініп алған. Олар жанталаса қарсылық көрсетіп майдың 2 – сіне дейін берілген жоқ. Әсіресе фашистердің мемлекеттік екі мекемесі Рейхстаг пен Ратуша төңірегінде адам айтқысыз қырғын соғыс болды.
– Жолдас, лейтенант сізді батальон командирі шақырады, – деп жетіп келді бір жас жауынгер. Бұйрықты алысымен өз көмекшім аға сержант мордва жігіті Азоркинге жағдайды айтып батальон командиріне кеттім. Батальон штабы алыс болмайтын. Штабқа ене,
– Әміріңіздемін, жолдас комбат, – дей бергенімде ар жағын айттырмай, батальон командирі капитан И. Бобылев қасындағы батальон парторгі аға лейтенант Рахметолла Қарамановқа қарап, менің қолымды алып, арқамнан қақты.
– Саған қиын да абыройлы тапсырма бар, соны айтқалы шақырдым, жолдас лейтенант Мәденов, – деді.
– Орындауға дайынмын, жолдас комбат!
– Маңдай алдымыздағы зәулім үйді көріп тұрсың ба? «Империя кеңсесі» деп аталатын, фашистердің Рейхстагтан кейінгі бір ордасы Ратуша осы. Жаудың мықты бір бекінісі бұл. Осыған бірінші шабуылдап, жеңіс туын тігу біздің батальоннан сенің взводыңа жүктеледі. Взвод қарауына батальонның ержүрек солдаттарынан қосымша күш берем. Сенің қимылыңды біздің батальон да өзіңнің Одерден өтердегі көршің майор Алексеевтің батальоны да қолдайды.
– Тапсырма түсінікті – дедім мен.
– Тапсырманы орындау кезіндегі, орындағаннан кейінгі абырой да бәрімізге ортақ. Ратушаға жеңіс туын тігуге өзге бөлімдерде құштар. Бірақ бұл үлес бізге бұйырды. Қимылда, жолдас Мәденов! Барыңыз! Жолдас лейтенант бұл тек менің ғана бұйрығым емес, жоғарғы командованиенің де бұйрығы.
Бұйрықты алғаннан кейін взводыма келіп, жауынгерлерге алдағы міндеттерді түсіндірдім, тапсырманы қалай орындаудың жайын, шабуыл жасаудың жобасын айттым. Бізге бір бөлімше көмекке келді. Ратуша көп қабатты қара – қоңыр зәулім үй. Взвод шабуыл жасауға әзір. Ратушаның қақпасына дейін 40 – 50 метрдей. Берлин көшелері өте тар, үйлері аса биік болады. Арасы жақын болғанымен, фашистер көшенің екі жағынан бірдей, жалғас кварталдарда үйлердің шатырларына неше түрлі пулемет орнатып Ратушаға дейінгі алаңды жауған қардай сабалатып атқылап тұрды. Оқ нөсерінің күштілігі сондай ол асфальтты тесіп өте алмай жоғары шоршып бұршақ жауғандай сатырлап жатыр. Бізге көмекке танктер мен өздігінен жүретін ауыр артиллерия құрамы келді. Бірнеше снаряд Ратушаның ауыр қақпаларын бұзып қабырғаларын опырып жіберді.

Осы кезде «Ратушаға лап қойыңдар!» деген команда естілді. Алға! Алға! деп есіктен ытқи жөнелдім. Менің ізімше взводтағы жауынгерлер де бір – бірден лап берді.
Ұрыстың жойқыны Ратушаның ішінде болды. Жаумен жекпе – жек соғыса отырып астыңғы қатардың бөлмелерін бірінен соң бірін гитлершілерден тазарттық. Жау енді төменнен түріліп жоғары қабаттарға көтеріліп кетті.

Міне үшінші қабаттағы залдағы жуан бағананың тасасынан шыға келген алып тұлғалы фашист тұсынан өте берген бір солдатқа көк желкеден қанжар салды. Есіл жауынгер соғыстың бітуіне жақын қалғанда қапылыста қаза тапты. Дырау неміс енді қасына келіп қалған маған тап берді. Шамасы өзінен анағұрлым аласа қазақтың қара баласын менсінбесе керек. Кеудеме төніп қалған жау қанжарын көз ілестірмей қағып жіберіп найзаны дәлдеп бір сілтеп жібердім. Фашист балталап кескен теректей теңкие барып сұлап түсті. Ратушаның зәулім қорғаны ішіндегі қолма – қол шайқас бірнеше сағатқа созылды.

Ақырында «Империя кеңсесі» жаудан түгел тазартылды да, Ратушаның төбесіне біз тіккен қызыл ту желбіреп тұрды. Біздің взвод ілгері жылжып шабуылға жол ашты. Осыдан кейін де үш – төрт күндей қиян – кескі шайқастарды бастан өткіздік. Фашизмнің ең соңғы қорғаны Рейхстаг алынып, оның төбесіне де Советтің Жеңіс туы қадалғаннан кейін қанішер гитлершілер совет қаруы алдына тізе бүкті.»

Міне, бұл батырдың өз қолымен жазған естелігі болатын. Бұдан артық не дәлел, не дерек керек. Ғабдол Слановтың өзі Кенжебай атамыздың аузынан естігенін жазған. Жазушы жазған кездегі бір тоқтала кететін нәрсе оның күйшілік қабілеті де болғаны. Оны очерктің соңғы бөліміндегі мына жолдардан білуімізге болады.

– Мәден қарттың домбырашылығынан сенде бір жұғына қалған шығар – ау, – деп қолқалағанда атамыз кәдімгі күйшінің шабытына енгендей, кеудесін шалқайта, басын жоғары ұстап, ырғала жөнелді. Бапты болмаса да, бірде қоңырлата шалқып, кейде сағалата шымырқап домбыраға жаңа бір тіл бітті. Азынаған керней дауысы ма, көсіле шапқан ат тұяғының дүбірі ме, әлде лүпіл қаққан қуанышты жүректің соғысы ма, арманына жетіп шалқыған көңілдің шаттығы ма, әйтеуір ерекше бір үндер бірінен соң бірі келіп жатты.
– Мәден қарттың күйі мен естімеген күй екен…
– Өз күйім. 1945 жылдың Жеңіс күні өзімше шерткен болып едім.
– Сонда майданда да қазақ домбырасы өздеріңмен бірге жүрді ме?
– Бірге жүрмегенде! – деді Кенжебай домбыраны тоқтата беріп. – Берлиннің төрінде отырып – ақ шерткенбіз домбыраны. Күйсіз өмір бола ма?
– Осы күйіңнің атын қойдың ба?
– Аты не дейсіз бе? Не болушы еді? «Жеңіс күйі» болады да.
Міне осы жолдардан оның тағы бір қабілеті ашыла түседі. Табиғат берген дарын ба, әлде, атаның қанымен сіңген қасиетті өнер ме? Әйтеуір жаумен арпалысып жүргенде рухтандырған күй құдіреті неткен күшті десеңізші!

Жалпы Кенжебай атамыздың ер боп тумауы мүмкін емес сияқты. Өйткені ол «ел басына күн туғанда, ереуіл атқа ер салған» Махамбеттің тікелей ұрпағы. Оның Махамбет ұрпағы екенін «Огни Приуралье» газетінің 2005 жылғы бір нөмірінен оқыдым. Газетке үңілсек Кенжебай атамыз бен оның ағасы Өтеген Мәденовтардың суреттері бар екен. Алматылық тұрғын М. Жалқанова деген азаматша Жеңістің 60 жылдығына орай өзі кезінде Махамбет пен Исатай тарихы туралы материалдар жинақтағанын айта келіп өзінің жеке мұрағатынан 1980 ж 04. 06. «Ленинская смена» газетіне Қазақ КСР – нің еңбек сіңірген мұғалімі У. Худайбергеновтың «Добрые зерна памяти» деген мақаланы тауып алғанын айтып, газет бетінде жариялануын өтініпті. Оның дерегіне сүйенсек Кенжебай Махамбет Өтемісұлының шөпшегі болып шығады.
Кенжебай атамыз туралы жазғандар негізінен орыс, неміс жазушылары. Неміс жазушылары Г. Похе және Г. Олига «Түн көрпесі түрілгенде» кітабында ержүрек қазақ баласы Мәденов туралы жазған екен. Қазақ жазушысы Ғабдол Слановтың өзі солардың кітабынан оқып барып, ойына ой түсіп, Кенжебай мен кездесіп барып «Тайсойған түлектері» деген көлемді очерк жазып жариялайды. Бұл очерк кейіннен жазушының шығармалар жинағының алтыншы томына енген.
Кенжебай туралы жазылған деректердің бірі 1969 жылы шыққан даңқты маршал Г. К. Жуковтың естелігі: 1945 жылдың 29 сәуіріндегі қанды шайқасты еске ала отырып, былай жазады: «На Ратушу наступали 1008 – й стрелковый полк и 1010 – й полк 266 – й стрелковый дивизий. Первым сюда ворвался взвод лейтенант К. Маденова. Вместе с отважным лейтенантом смело действовали бойцы Н. П. Кондрашев, К. Е. Крютченко, И. Ф. Кашпуровский и другие. Они закидали вестибюль и коридоры ручными гранатами. Каждую комнату приходилось брать с боем». Атыраулық журналист Берік Қорқытов Жуковтың кітабын Кенжебайдың қалай оқығанын төмендегіше еске алады:

1969 ж. Бір күні Кенжебай үйге телефон шалып:
– Сенде Жуковтың кітабы бар ма?- деп сұрады.
– Бар.
– Сол кітапты екі – үш күнге берші, оқиын.
– Өзің туралы жазған кітапты әлі оқымай жүрмісің?
– Қолыма түспей жүр, оқыған жұрттар да сенің айтқаныңды айтады, соны өз көзіммен оқиын деп едім.
– Кел, алып кет.
Кенжебай келіп кітапты алып, екі – үш күннен кейін қайтып әкелді. Басқа бөспе біреу болса Жуков мен туралы жазыпты деп елдің мазасын алып, даурығып жүрер еді. Кенжебайда ол жоқ, баяғы қарапайым қалпы.
– Кітап қалай екен?
– Жақсы екен, – деді де отырмастан нан ауыз тиіп, шығып кетті.
Бұл соғысқа бастан – аяқ қатысқан даңқты қолбасшының көргені де, білгені де көп. Кітапта оның бәрі жазыла бермейді, жойқын шайқастар мен ерекше ерліктер ғана қаламға ілінеді. Жоғарғы бас қолбасшының бірден – бір орынбасары болған құлашы кең қолбасшының естеліктеріне құрама басқарған генералдар енгенімен, қатардағы жауынгер мен офицердің ене қоюы некен – саяқ. Осындай некен – саяқтардың бірі Кенжебай Мәденовтың кітапқа енуі тегін емес, көзге түскен ерен ерлігімен енген, маршал оны ержүрек лейтенант деп атап жазған. Олай болса бұл ескерусіз, атаусыз қалмайтын ерлік. Мұны жазған кісінің пікірін біз толығымен қуаттаймыз. Өйткені бойында ерлік пен өрлік рухы болмаса қарсы алдына келген жаудан қаймығып, қорқып мерт болар еді…. Еңгезердей алып неміске қарсы тұрған қазақтың қара баласының ерлігіне таңғаласың да, бас иесің.
Жазушы Ғабдол Сланов Берлин оқиғасын өте әсерлі жазған:
Қанды шайқас Берлиннің көшелеріне көшкеніне бір аптадай болып қалған – ды. Екі жақтан да шығын едәуір болып жатыр. Бірақ Совет Армиясының шабуылға бастаған рухы анау – мынау емес – ті. Ратуша мен Рейхстагқа жеңіс туын қадауға қанша полк таласпады. «Рейхстагқа ту қадауға бізге рұқсат етсеңіз екен!» « Ратушаға ту қадау үлесі бізге бұйырса екен. Өтінеміз, тілейміз!..» – деген тілектер Берлин жүрегіне тұс – тұстан шабуыл салған әскер бөлімдерінің қайсысынан болса да командашыға толып кеткен болатын. Ақыры бұл сыбаға Мәденов қызмет етіп жүрген полкқа тигенде, енді бұған өзара батальондар таласты. Батальон командирі арнайы шақырып алып бұйрық берген соң Кенжебай Мәденов жедел басып қуана жөнелді. Бұл шақта Кенжебайдың взводы бес – ақ минут тынысқа шығып, көп қатарлы үйдің бір бөлмесінде дамылдап отырған – ды.
– Ұрысқа әзірлен, жауынгерлер!- деп Кенжебай келе сала әмірін айтты да, сырттағы бір дауысты құлағы шалып тына қалды. Ол аға лейтенант Бондаренконың дауысы болатын:
– Лап! Ратушаға! Лап!
Кенжебай енді бір минут кідірместен:
– Алға! Алға!- деген жалғыз сөз айтып есіктен ытқи жөнелді. Взвод жауынгерлері оның соңынан ілесе тартты. Соның арасынша – ақ, біздің жақтың танктері мен жылжымалы зеңбіректері күңірентіп оқ боратты. Ратушаның қалың қабырғаларын шұрқ тесіп есіктерін опырып, әйнектерін талқандап зеңбірек доптары борс – борс жарылып жатты. Шабуылға шыққан жауынгерлерді көрген жау жасақтары өлген – тірілгеніне қарамастан баудай түсіп жатса да терезе – есіктерден сығаласып, жанталаса қарсыласты. Олардың оқ нөсері Вильгельм Кайзер штрассенің бойымен Ратушаға қарай оқ бората жүгірген лейтенант Мәденовтың жауынгерлеріне құйылды. Кенжебай табанда ақыл тауып, көше бойлап баруға болмайтынын білді де, үйді – үйдің қабырғаларын барлап өтіп, нысанаға жақындай түсті Бұл тұста қайрат еткен саперлер еді, ілгері жылжып, үйлердің қабырғаларын бірінен соң бірін бұзып, шабуылға жол ашты. Бұл үйде бекінген жаулармен кескілесе ұрысып, бірінен соң үйлердің бірін жаудан тазартып, Кенжебай жасағы алға басты….
Қоршауға алынған Ратушаның ішіне тығылған жау тағы да оқ нөсерін боратты. Зәулім орданың сансыз терезелерінен де, чердактарынан да, ең астыңғы «көрлерінен» де жаңбырдай себелеген оқ, пулемет оғы, автомат оғы, миномет оғы, тіпті зеңбірек оқтары да жақын көзделіп гүрс те гүрс жарылып жатыр. Совет жағынан бораған нөсерде қисап жоқ. Дүние адам танығысыз. Көк ала түтін, тарсыл – гүрсіл, борс – борс… Бұ дүниенің тамұғы қара тұман, қап – қараңғы түнек боп көзіңді байлағандай, басың мең – зең тартып барады. «Осы түнек қашан түрілер екен! Түретін өзің емес пе? ИӘ, иә… Ал! Қимылда қане, Кенжебай! Қимылдайтын күн бүгін! Берлин төріндегі айдаһар ұясына жеңістің қызыл туын қадасақ өзіңді аялап өсірген халқын «адал сүтін анаңның, ақта адал дәмін еліңнің!..» деген ойлар заматта Кенжебай басынан зу ете шыққан-ды. Осыдан соң-ақ, қанды шайқастың у – шуы мен түнерген қауіпті сүреңі де өз жайында қалғандай, қанша күн шығын болған күш – қуаты қайтадан сабасына түскендей, көзі жарқырап шыға келді….
Міне, үшінші қатардың дәлізіндегі жуан бағанның тасасынан алып тұлғалы бір фашист шыға келді де, тұсынан өте берген совет жауынгеріне көк желкеден қанжар салды. Есіл жауынгер қапылыста қаза тапты. Дырау неміс енді қасына келіп қалған Мәденовке тап бергенді. Шамасы өзінен анағұрлым аласа қазақтың қара баласын алым көрсе керек, өзіне төніп қалған жау қанжарын көз ілестірмей қағып жіберіп, Кенжебай да жарағын дәлдеп бір сілтеп жіберді. Фашистің дәуі түбінен ара қиған теректей теңкие барып сұлап қала берді. Кенжебай майданға араласпас бұрын – ақ, 43 – жылы Сахмар, Уфа қаласында соғыс әдісін үйренгені зая кеткен жоқ. Шынтуайтта төнген ажалды өзінен серпе білді.
Ең жоғарғы қатарларға осындай кескілескен ұрыспен өтті. Әйтеуір Ратушадай зәулім қорғанның ішіндегі қолма – қол шайқас талай сағатқа созылып еді. Ақырында «Империя кеңсесі» жаудан түгел тазартылды да, лейтенант Мәденов Ратушаның төбесіне өз қолынан совет халқының жеңіс туын қадады. Берлин төбесінде Тайсойғандық баланың қадаған туы жалын атып тұрған – ды. «Алдағы жеңіске тарта бер, совет қаһарманы! Әлі де талай шайқас бар!» дегенді көлеңдеп те, желбіреп, жан біткендей қимылдап айтып тұрғандай.
Осыдан соң лейтенант Кенжебай Маденов батальон командирінің алдына келіп әскерше тартылып тұра қалды:
– Әміріңіз орындалды, жолдас…
Батальон командирі бұл жолы да лауазымын Кенжебайға айтқызбай, батыр лейтенанттың жауырынынан қағып – қағып қалып, құшағына орап алды да бетінен балаша сүйе берді. Келесі сәтте батальон парторгі Рахметолла Қараманов дейтұғын және бір батыр да жүгіріп келіп, Кенжебайдың қолын қысып, сілкіп жатты. Бәрінің де бетінде нұр, көздерінде от. Айдаһардың бір ордасына жеңіс туын тіккенге бәрі дағы риза боп тұр еді.
1945 жылғы апрелдің осыдан кейінгі ең соңғы күнімен екі түні де, майдың алғашқы күндері де қиян кескі қанды шайқас еді. Фашизмнің ең биік, ең мығым қорғаны – Рейхстаг алынып, оның төбесіне де жеңіс туы қадалғаннан кейін ұзамай – ақ адам өміріне жалмауыздай емініп, дүниені түгел оппақшы болған, қанішер қарақшылар тізе бүкті. Қанға шөлдеген айдаһар Гитлер мен Гимле, Геринг, Геббельстермен қоса жаһаннамға аттанды.
1945 жыл, 9 – мамыр… Жеңіс Күні… Кенжебай Мәденовтың жасы небәрі 20 – да, бірақ оның иығында взвод командирінің бай тәжірибесі, екі жарақаты, кеудесінде екі «Қызыл Жұлдыз» ордені, 2 – дәрежелі Отан соғысы ордені, ерлік үшін 4 медаль, Жоғары әскери басшылықтан 8 алғыс хаты болды. Осы жылы ол Рота командирінің орынбасары болып тағайындалды. Қазақ даласының бір түкпіріндегі Ақтайсай ауылының түлегі Кенжебай атқыштар взводын басқарып Берлиндегі Жеңіс күнін қарсы алам деп ойлап па еді?
Кенжебай елге қайтты. 1946 жылы жазда Қаратөбедегі үйіне келгенде Кенжебайдың омырауы ордендер мен медальдарға толы болатын. Есімі орыс, тіпті неміс жазушыларының еңбектеріне іліккен Кенжебай атамыз соғыстан кейін де елінің, туған халқының артқан сенімін адалдықпен атқарды.
1946 – 49 жылдары Қаратөбе аудандық «Загогживсырье» конторында есепші болып жұмыс істеді.
Онан соң өзінің әскери еңбек жолын жалғастырды. 1949 жылдан бастап ол 24 жыл бойына мемлекеттік қауіпсіздік органдарына қызмет етті. Өмірінің сңғы 20жылында Қазақ КСР МҚК – нің Гурьев облыстық басқармасында қызмет етті. Қауіпсіздік органдарының төменгі қызметкерінен бөлім басқармалығына дейін, кіші лейтенанттан подполковник шеніне дейінгі жолдан өтті. Ұзақ жылдар бойына ол чекисттік мамандар таңдау және тәрбиелеумен айналысты. Жасөспірім ұрпақтар арасында кеңінен әскери – патриоттық жұмыстар жүргізді. Жұмыс жасай жүріп үнемі өз білімін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін шыңдауға да көңіл бөлді. Қазақ мемлекеттік Университетінің Заң факультетін (сырттай) бітірді.
Әскери қызметінің барлық салаларында подполковник Маденов азаматтық міндетін адал орындаудың үлгілерін көрсетті, қарапайым, қайырымды, адал адам болды. Соғыс кезінде алған ауыр жарақаттары ерте сыр беріп, Кенжебай Маденов 50 жасқа қараған шағында 1974 жылдың 26 желтоқсанында Гурьев қаласында дүниеден озды.
Маденов Кенжебайдың соғыс кезінде де, мемлекет қауіпсіздігін қорғау қызметінде де бар өмірі ерлік пен Отанға деген сүйіспеншілікке толы болды.

Қорытынды

Сөз соңында айтарым, мен туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың бар болғанын мақтан етемін. Баласы Махамбеттің айтуынша Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысының әкімі болған кезде Елбасымыз алдына « Халық қаһарманы» атағын беруге ұсынған екен. Ол мәселе аяқсыз қалған.«Неге аяқсыз қалған?» деген сұрақ мені мазалайды. Былтырғы жылы Атырау қаласында көше аты берілген екен. Мұның өзі көңілге қуаныш ұялатады. Алайда Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алса, тіпті деректі фильм түсірілсе, халық Рақымжан Қошқарбаевты қалай таныса Кенжебай Мәденовті де солай таныса деймін. Әлі де болса іздестіріп өмірінің әрбір сәтін жүйелеймін. МХК – де қызмет атқарып жүрген кезіндегі атқарған істерін де зерттеймін. Бір деректерден құпия түрде Ағылшын – Ауған соғысына жіберілді деп естідім. Бірақ мұның беймәлім жақтары көп. Осы деректер менің қызығушылығымды оятады. Алайда Кенжебай атаның Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктерінің өзі үлкен бағаға ие болуы керек деп ойлаймын. Өйткені «Атаға қарап ұл өсер» дегендей жас ұрпақ аға буынға қарап сап түзейді емес пе? Бүгінгі күннің жас ұрпағы атынан менің ұсынысым ел ағалары ол ерлікті бағалап Кенжебай атаның ел тарихында елеулі орын алуына, «Халық қаһармандарының» қатарына енуіне септігін тигізсе ата – бабамыздың аруағы бір аунап қалар ма еді?!

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Қаратөбе – өренді, өнерлі өлке» Қ. Хасанов 20 бет

2. «Огни Приуралье газеті» 2005 жыл
3. «Воспоминание и размышления» Г. К. Жуков 3 том 248 бет
4. Архив материалы. Қор№34, т 1, іс13
5. Қазақстан тарихы 9 сынып 82 бет
6. «Қазақстан» энциклопедиясы Ж. Хисымов 6 том 417 бет
7. Ғабдол Сланов Шығармалар жинағы 6 том 194 бет
8. «Атырау» газеті 1999 жыл «Есімі еленбей қалған ер» Б. Қорқытов
9. «Қазақстан коммунисі» журналы 1970 жыл №6 «Батыл гвардияшылар» К. Мәденов
10. Награда қағазында берілген мінездеме
Қаратөбе мектеп – гимназиясының
9 – сынып оқушысы Майданов Ринаттың
«Отан деп соққан жүрегі»
ғылыми – зерттеу жұмысына пікір

Рецензия

Ұлы Жеңіс күндерінен бері қаншама уақыттар өтті…
Осы жылдар туралы қаншама естелік, роман – дастандар жазылып, қаншама кино түсірілсе де адамзат тарихында бұрын – соңды болып көрмеген бұл жойқын шайқастың тарихы түгел жазылып нүктесі қойылған жоқ. Ол мүмкін де емес. Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?! Оны ашып анықтау белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып, елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау – кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы. Осындай елеусіз жатқан ерлердің бірі, жерлес атамыз – Кенжебай Мәденов.
Бұл адамның ба өмірі мен ерлігі, шындығында да, үлкен құрметке лайық. Ринаттың бұл адам туралы көп білуге деген талпынысын бақылай отырып, мен бей – жай қарай алмадым.
Күннен – күнге алыстап бара жатқан соғыс тарихына өзінің кішкене болса да еңбегін сіңіруге құлшынған оқушы үшін іштей қуанып, риза болдым.
Оның ғылыми жұмысы көпжылдық үлкен еңбек. Ол мұрағаттардан, тума – туыстарымен кездесіп, К. Мәденов туралы деректер жинап, осылайша ғылыми жұмысын жазды.
Ринаттың жұмысының мақсаты – бар ғұмырын Отан үшін сарп еткен ерге, Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын беру. Өйткені, маршал Г. К. Жуковтың естелік қаламына іліккен К. Мәденов батыр атағына шындығында да лайық емес пе?
Бұл жұмыс әлі де Мәденовтың Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетіндегі қызмет еткен тұсындағы ерліктерімен жалғасын таппақ.
Жас ұрпақтың өз өлкесінің тарихын білуге ұмтылуы – ол елдің тарихын білуге ұмтылғандығы.
Осыдан бастап, Отанның кішкентай азаматының қалыптасуы басталады емес пе?

Рецензент: Қазақстан тарихы пәнінің I санатты
мұғалімі Нургазина Сауле Калибековна

Научная работа ученицы 11а класса
КГУ «Средняя школа имени Базылбека Ахметова»

Слямбековой Шынар на тему
«Сердце, которое билось за Родину…»
Рецензия

Столько лет прошло со дня Великой Победы…
Столько трудов, воспоминаний написано, столько фильмов снято про славных имён, но в истории человечества еще не расставлены все точки, не изучены до конца судьбы людей, не раскрыты подвиги отважных солдат, которые отдали свои жизни за чистое небо, за счастье народа и за светлое будущее Родины!
Изучить и дать достойное место мужественным героям войны в истории – это священный долг нынешнего, младого, благодарного поколения. Ведь ничто не должно быть забыто.
Один из таких людей наш земляк – Кенжебай Маденов. Вся его жизнь и его подвиги поистине достойны большей оценки.
Наблюдая за стремлением Рината узнать больше об этом человеке, я не могла спокойно смотреть. Я была рада и благодарна этому юноше за то, что в заросшую былью историю войны он стремиться внести свой маленький вклад.
В его научной работе вижу многолетний, кропотливый труд, он собирал материалы в архивах, встречался и узнавал об этом человеке у родных и близких людей и так по частичке создавал свой проект. Целью работы Рината является отнести должное место в истории Казахстана этому человеку, посвятившего всю свою жизнь служению Родине!
Этот проект не докончен, и он будет иметь свое продолжение, в описании мужества Маденова в период службы в органах государственной безопасности.
Если молодое поколение стремиться изучить прошлое своего края, а значить и прошлое своей страны, то с этого момента начинается становление юного гражданина Родины!

Рецензент: Учитель истории Казахстана  Нургазина Сауле Калибековна

Scientific work by student of the 9 – th form
Karatobe school – gymnasium Maidanov Rinat
the theme “The heart wich has struck for Motherland’.

Review

So many years had gone since Victory day…
So many labors memoirs had been written, so many films had been taken about the glorious names, but in history of human would have been put, points, would haven’t been learned fates of people to the end would haven’t been uncovered feats of brave soldiers, who had been given their life for clean sky for happiness of Motherland!
Learn and give worthy place to manly heroes of War in history – its sacred duty of present, young, grateful generation. But nothing mustn’t forget.
One of those people – our countryman Kenzhebai Madenov. All of his life and his feats worthy of great marks in truth.
Observing on Rinat’s aspiration, to learn more about this person, I could not look quietly. I was thankful of this overgrow thing true story of war’s history. He aspirates carry in his little inverstment.
In his scientific work I see his long standing tedious work, he had collected materials in achieves, had met with his relatives and had learned about him. So as partial he has made his project.
The aim of Rinat’s work is to give properly place to history of Kazakhs’ to this person who is hold the light for all his life serving to motherland.
This project is not finished and it will have its continue, in describing of Madenov’s courage in the preloads of service in organs of state safety.
If youth generation aspivate to learn the past of their region, it means that they growing youth cilizers of mother land in this moment.

Review had been written by teacher
of Kazakhstan history:
Нургазина Сауле Калибековна

Источник:«Отан деп соққан жүрегі…»|
10 ноября 2018 г.
Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину