Ахметова Нуржайна Аушановна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, № 23 ЖОББМ КММ, Павлодар облысы,Екібастұз қаласы
Алфавиттердің ауысуы Ахметова Н.А..docx (55 КБ)
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың алған білімдерін жүйелі айта білуге үйрету, білім деңгейін көтеру.
дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру сауатты, көркем жазуға баулу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: оқу, талдау, сұрақ-жауап, салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, (көне түрік, араб, латын) алфавиттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу;
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім:
-Балалар, бүгін біз сабақта «Қазақ тілі тарихындағы алфавиттердің ауысуы» деген тақырыпты қайталаймыз. Біздің сабағымыздың мақсаты: әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді жүйеге келтіріп, пысықтап бекітеміз, осы тақырыпты сендер қалай меңгергендеріңді анықтаймыз.
-Алфавитердің пайда болуы мәдениет халықтарымен тығыз байланыста болған.
-Осы мәліметтер жөнінде Данияр айтады.
Данияр: жазу тілі – көптеген тарихи ақпарат көздері бойынша өте бай қор болып есептеледі. Қандай жазу тілі болсын бірі-бірімен тығыз байланыста болған. Жазу тілі мен мәдениет өзара тығыз байланыста дамып отырған. Олардың өзара дамуы – бұл жаңашылдық емес. Мәдениет мың жылдар бойы басқа мәдениеттермен де тығыз байланыста болып гүлденіп, үздіксіз дамып келді.
Мұғалім: Балалар, «Алфавит» дегеніміз не?
Мұғалім: «Азбука» деген не?
І. 1-ші топ оқушылары жауап береді.
Слайдтарды көрсетіп отыру.
Жеңіс: - Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырларда Жетісу мен Сырдария аралығын алып жатқан өңірге ғұндар қоныс аударғаны мәлім. Олар сақ-массагеттермен (скиф) араласып, біртұтас халыққа айналды. Бірте-бірте олардың ықпалы күшейіп, Енисейден бастап, Монғолстанға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені өздеріне қаратып алғаны көне тарихтан белгілі. Көне түркі жазуы – түркі тілдес тайпалардың тұңғыш әріптік жазуы. Бұл әліпби 35 әріптен тұрады. Онңнан солға қарай жазылады. Бұл жазу түрінде 8 дауысты фонема бар.
Мұғалім:Көне түркі жазулары қайда сақталған?
Мадина: Сол кезден бастап, қазіргі Қазақстан мен Орта Азия жерінде түркі халықтарының арғы негізі саналатын халықтар тілі, яғни көне түркі тілі кең өріс алады. Сонымен, таңбалы тастарда, ескерткіштерде, сол замандағы адамдардың түрлі тарихи кезеңдердегі өмірімен тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, діні мен тілі, көркемдік талғамы басқа да көп мәліметтер ескі тастарда сақталған.
Түрік тілі мен басқа тілдердің дамуы және қалыптасуы әр кезеңде өткен. Түркі тіліне 30-дан астам шығыс халықтардың тілдері енгізілген. Қазіргі уақытқа дейін 25-тен астамы туған тіл ретінде қолданылады.
Руслан: Көне түркі жазуын оқудың кілтін 1893 жылы Дания ғалымы Людвиг В. Томсен (1842-1927) тапқан және В.Томсенмен бір кезде орыс ғалымы В.В.Радлов та көне түркі жазуының кілтін тапқан.
слайдтарды көрсетіп отыру.
Владислав: - VII ғасырдың басында араб басқыншылары Орталық Азияға еніп, түркі тілдес халықтардың көзқарастарын жаңаша қалыптастырса, екіншіден, осы елдердегі адамдарды исламдандырды. Осының негізінде көптеген шығыс ғұламаларының аса бай мұрасы халыққа танымал болды. Сонымен, ислам Орталық Азияға дінмен қоса өркениетті де ала келді. Ұлы Жібек жолымен бірге қазақ жерінде ғылым, өнер, мәдениет қалыптасып дамыды. араб жазуы 28 әріптен, үш дыбыстан тұрады. Олар оңнан солға қарай жазылады. Оның ішінде 28-дің үшеуі дауысты дыбысты білдіреді.
Жанерке: Жүсіп Баласағұн. Махмұд Қашқари, Ахмет Байтұрсынов т.б.
ІҮ. 7 слайд: Латын жазуының шығу тарихын кім зерттеді?(оқушыдан сұрау)
Слайдтан көрсетіп отыру.
Айгерім: Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит. Латындар – римдік көне тайпалар. Біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда грек тілінен классикалық латын алфавитіне 23 әріп енгізілді. Латын тілінің негізінде қазір 70-ке жуық әліпби, соның ішінде 30-дан жоғары еуропалық, 20 азиаттық, 20 африкалық әліпбилер бар. 1928 жылы Кеңес Одағы кезінде Орталық Ақпараттық Комитетінің ІҮ сессиясында латын тілінің әліпбиіне көшу туралы қаулы қабылданды. 1929-39 жылдары Қазақстанда жаңа алфавитке көшу жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болды.
1929 жылы қазақ тіліндегі білім жүйесі өте қиын кезеңді бастан өткізді. Араб тілінен латын тіліне көшірілді. Ғасырлар бойы қазақтардың бірталай рухани мұралары, жазылған кітаптары араб жазуымен қайтадан жазылып шығарылды. 1924 жылы А.Байтұрсынов қазақтарға түрік тілінде жазылған кітаптарды да араб тілінде оқуға мүмкіндік туғызған. Мыңдаған араб тілінің негізінде қазақ тілінде оқи білетін қазақтар жаңадан шыққан жаңа латын әліпбиді үйренуге тура келді. Бірақ латын тілі қазақ тілі дыбыстарының жүйесі бойынша сәйкес келмеді.
Ү. Орыс алфавитіне біздің еліміз не себептен көшті ?( оқушылар қарсы топқа сұрақ қояды)
Слайдтан көрсетіп отыру.
Самал: Сол себептен латын тілінен кейін орыс алфавитіне кириллицаға көшуге қажеттілік туды.
Кириллица грек әліпбиінің негізінде құрылды. 9 ғасырдың соңында Кирил мен Мифодий ағайындыларының болгар грамотасы бастапқыда күшті славян тілі үшін құрылды. Кирил мен Мифодий қасиетті кітапттарды славян тіліне аударды. 10 ғасырдың басында құрылған бұрын кириллица қазір біз пайдаланып жүрген орыс алфавиті славян дыбыстары арқылы грек алфавиті қайта құрылды.
1939-1940 жылдары түгелдей орыс алфавитіне көшу туралы үкіметіміз қаулы шығарды. Бұл орыс алфавиті оқуға, жазуға өте қолайлы болды. 1940 жылдан бастап барлық кітаптар мен мерзімді баспалар орыс алфавитімен жарияланып отырды.
Мұғалім: Орыс алфавитінің қолданысы мәдениетке қандай әсер етті?
Орыс алфавитінің негізінде біз Батыс елдерінің мәдениетімен және тарихымен, салт-дәстүрлерімен, қолөнерімен, әдебиетімен, ғылыми еңбектерімен таныс болдық. Батыс елдерінің тілдері мен мәдениетінен үлгі алдық. Орыс тілі арқылы Шығыс пен Батыс елдерінің халықтарының арасында өзара байланыс дамыды.
Мұғалім: Орыс алфавитінің негізінде қазақ алфавитінің ерекшеліктері қандай?
Слайдтан көрсетіп отыру.
Орыс алфавитінің негізінде ұлттық жүйенің жазбасы есепке алынып, қазақ тілінің тән дыбыстарының ерекшелігі жасалды. Әріп белгілерінің ұлғаюына байланысты қазақ тілінің тән дыбыстары қалыптастырылды.
Осы алфавиттердің ауысуы туралы қандай қорытындыға келеміз.
Қорытынды:
Мұғалім: Міне, оқушылар, қарасаңдар қай ғасырлардағы болсын алфавиттердің маңызы зор екен. Солай ғой, балалар? (әрине)
Жұмысымызды қорытындылау үшін келесі тапсырма.
IV. Пысықтау. Ал енді, сендермен алфавиттер туралы алған мәліметтерді тағы да қайталау үшін мынадай грамматьикалық тапсырмалар орындаймыз.
1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерді қазақ тіліне аударыңдар
2-тапсырма:
Древнетюркская письменность – это первое буквенное письмо для тюркских племен.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерде көп нүктенің орнына керекті жалғауларын жазып, анықтаңдар.
3-тапсырма. сендер шағын әңгіме-эссе жазыңдар осы тыңдап алған алфавит туралы мәліметтер арқылы. (5 мин)
V. Бекіту. Орындаған тапсырмаларды тыңдау, қателер болса, оларды жөндеу.
IV. Қорытынды Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымызда алфавиттер тақырыбын аяқтадық. Менің ойымша, сендер алған мәліметтер болашақ өмірде қажет болады.
IV. Бағалау. Сендер бүгін жұмысқа белсенді қатыстыңдар, мен сендерге жақсы баға қоямын.
VI. Үй тапсырмасы.
І деңгей. Диалог құрастыру.
ІІ деңгей. Диалог пен сөзжұмбақ құрастыру.
ІІІ деңгей. «Көне түрік тілі мен қазіргі қазақ тілінде байланысы сақталды ма?» деген тақырыпқа әссе жазыңдар.
Мұғалім: Сабағымызды елбасымыздың айтқан сөзімен аяқтағым келеді. «Мемлекеттің деңгейі қашанда азаматтардың білімімен, мәдениет деңгейімен анықталады. Мәдениеттің ұстанымдары халықаралық және ішкі ұлтаралық бейбітшілікпен келісімнің негізінде жасалады. Мәдениет – біз үшін еліміздің саяси жаңаруына ықпал етуші күш».