НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Жасұланова Данеля Дулатқызы, 4 класс, КГУ "Башкульская средняя школа", село Башкуль, ВКО, Республика Казахстан

 

 

Конырова Анаргуль Ансагановна, учитель начальных классов, КГУ "Башкульская средняя школа", село Башкуль, ВКО, Республика Казахстан

 

 

Асқабақтың пайдасы және қасиеті

"Асқабақтың пайдасы және қасиеті"  Жасұланова Данеля Дулатқызы

Аннотация

 

Осы ғылыми жұмыста мектеп оқушыларына қызық болған асқабақ жайында көптеген қызықты мәліметтер қарастырылған. Асқабақтың адам денсаулығына пайдасы туралы жан-жақты қарастырған. Тағам, дәрумен, ем ретінде қолдануы туралы деректер жиналған.

 В этой научной работе рассмотрено тыква, которая заинтересовала учащихся начальной школы.  И учащиеся предоставляют много интересной информации о тыкве. Тыква предоставляет комплексные преимущества для здоровья человека. Как продукт питания, как витамин,  и как применяемое  средство в лечении многих заболевании. 

 In this scientific work reviewed by a pumpkin, which is interested in primary school students. And students provide a lot of interesting information about the pumpkin. Pumpkin provides comprehensive benefits to human health. As a food product, such as vitamin, and how to apply agent in the treatment of many diseases.

 

І. Кіріспе

 Қауын, қарбыз дей алмайсың,
 Піскенмен, жей алмайсың.

Жарғаныңмен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті.      (Асқабақ)

Бұл жұмбақтың жауабы – асқабақ. Менің анам әрқашан асқабақтан дәмді тағамдар әзірлейді. Алайда, асқабақтың пайдасы туралы көп ешкім біле бермейді. Ауыл тұрғындарыда үнемі асқабақты көктемде салып, күзде жинап алады. Осындай кезде маған мынадай ой келді: «Асқабақ деп нені айтамыз? Оның тарихы қайдан бастау алады? Асқабақтың пайдасы бар ма?».  Менің ойымша асқабақ – бұл өсімдік. Бірақ менің сыныптас досым, бұл әрі тағам, әрі дәрі, әрі дәрумен деп есептеймін деді.         Осы сұрақтарға жауап іздеп, ең алдымен энциклопедияны ақтарып, мынандай анықтама таптық: «Асқабақ - ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Осы анықтаманы тереңірек түсіну үшін, сұраққа нақты жауап алу үшін біз осы тақырыпта ұстазымызбен ақылдаса келе, ғылыми жоба жазуға бекіндік.

Біздің жобамыздың басты мақсаты - Асқабақ дақылын зерттей отырып оның емдік және пайдалы қасиеттерін білу, өсіру, қорғау жолдарын қарастыру.

Міндеттері:
1. Асқабақтың шығу тегімен және түрлерімен таныстыру.
2. Емдік мақсаттағы және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу.
3. Асқабақтан жасалатын тағамдардың жасалу жолдарын көрсету.

Зерттеу  нысаны - адам

Зерттеу заты -  асқабақ

Зерттеудің өзектілігі – ауыл тұрғындары асқабақты күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейді.

 Зерттеудің болжамы – ауыл тұрғындары асқабақтың тек тағам түрінде ғана емес, сонымен қатар емдік және басқа да пайдалы қасиеттерін білетін болады.

  Зерттеу әдістері

- ғылыми әдебиеттердегі анықтамалармен танысу;

- бақылау;

- сауалнамалар жүргізу

- зерттелген нәтижеге талдау жүргізу.

І.Негізгі бөлім:

2.1  Асқбақтың шығу тарихы

Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. АСҚАБАҚ (Cucurbita) - асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда Мексикада, Перуде мәдени дақыл ретінде өсіріле бастаған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген.

Ежелгі Грек және Рим тұрғындары кепкен асқабақтарды сұйықтықтар құятын ыдыс ретінде қолданған. Орыстардың 1926 жылы жасаған экспедициясының нәтижесінде жабайы асқабақтар Африканың солтүстігіндегі мекендерден табылған екен. Ғалымдардың болжамы бойынша, асқабақтың отаны – Африка. Ол күллі әлемге сол жерден таралған. Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.

Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстік аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді, қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір, қырлы, салалы, жеміс сабағы тікенді - түкті келеді.
Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады. Асқабақтың Қазақстанда 9 түрі таралған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Қазақстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері, оның ішінде "Волгалық сұр-92", "Мозолесвтік-10", "Қашғарлық-1644" сорттары өсіріледі. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен табақша аскабақ (патиссон) жатады. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі тек мәдени жағдайда ғана кездеседі. Түрлерінің көп мөлшерде кездесетін орталықтары Мексика, Гватемала, Гондурас. Ірі асқабақты Украина, Поволжье және Приморский аймағында өсіреді. Мускатты асқабақтың тропикалық аудандардың жылы және ылғалды климатына бейімделген сорттары бар, олардың жемістеріңде қанттың мөлшері аса жоғары болады. Пісіп-жетілген дәндерінде 52% дейін май болады. Кәдімгі асқабақтың жемісінің формасы мен мөлшері және түсі көп өзгеріп отырады. Асқабақ тұқымдасының көпшілігінің дәнінде көп мөлшерде май болады.  Сіз бен біздің бақшамыздан немесе аналарымыздың дәмді тағамдарынан көріп жүрген асқабақтың түсі сарғылт болғанымен, жасыл, ақ, сары, қызыл және сұр түсті асқабақтар да бар екен. Асқабақтың орташа салмағы 4-8 кг, ал ең жоғарғы салмағы – 800 кг. Асқабақтар Антарктидадан басқа кез келген жерде өсе береді және айтарлықтай күтімді қажет етпейді. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүстік-Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайда пальмалардың арасында өседі, сабақтарының сыртында қатты түктері болады.         

2.2  Асқабақ тұқымдасының сипаты

Қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта не кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақтың Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, сәнқабақ (люффа) бар. Асқабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, итжүзім, коңыраусары жабайы түрде өседі. Асқабақтың ұзын шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Тұтас не салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады. Гүлдері сарғылт, кейде жасыл түсті гүл шоғырын құрайды немесе жапырақ колтығына жекелене орналасады. Асқабақ тұқымдастары — дара жемісті, бір және қос үйлі, айқас тозаңданушы өсімдіктер. Жемісі — жалған жидек немесе қауашақ, олардын салмағы кейде 100 килограмға жетеді. Тұқымдары етті, жалпақ тұкым жарнақтарынан тұрады. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдыстар (ожау, т.б.) жасалынады.

Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу, оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бос тұрады. Кейде 5 аталық тұтасып, гүл ортасында бағана түзеді. Аталық тозандығы - имек. Аналық жатыны -үш ұялы. Гүлі – дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлдер - ұзын гүлсағақтарда, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады.Жемісі - қабақ (тыквина). «Қабақ» деген - өсімдіктердің сырты қатты, шырынды жеміссерігі болатын жидектектес жемісі. Асқабақ тұқымдастардың тұқымы өте көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар, мысалы, мексикалық қияр – чайот. Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120-туыс) жатады.       

Мускаттық асқабақ хош иісті, дәмді болады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2-10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы — ірі, ұзынша қалемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тарамдалған мұртшалары жанындағы өсімдіктерге шырмалып өседі. Жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсі әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді. Ірі жемісті асқабақтың салмағы 40-50 кг-ға дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15-18% құрғақ заттар, 8-10% сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20-40% май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланады. Мал азықтық түрінен сүрлем дайындалады.

Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері – шөптекті бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапырағы - ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ.

Продолжение......   "Асқабақтың пайдасы және қасиеті"  Жасұланова Данеля Дулатқызы

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину