НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Ақмола облысы,Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі, педагогика және филология ғылымдарының магистрі, Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы (ғылыми жетекші), Филология бөлімнің IV курс студенті,   Нурланова Толганай Муратовна (студент-ізденуші)

 

Сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі

Сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі

Аннотация

Бұл мақалада оқушылардың сыныптан тыс уақытын ұйымдастыруға арналған оқу-әдістемелік материалдарды қамтыған. Жұмыстың құрылымы мұғалімге сабақтан тыс уақытты оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін және дайындық деңгейін ескере отырып жобалауға мүмкіндік береді. Оқушылардың бәсекелестігіне әсер ететін сабақтан тыс қызметіндегі тәрбиесін дамытудың объективті және субъективті негіздері, сабақтан тыс жұмыстың әлеуметтік-педагогикалық және тәрбиелік мүмкіндіктері белгіленген.

Аннотация

Статья содержит учебно-методический материал по организации занятости учащихся во внеурочное время. Структура предоставляет возможность учителю проектировать занятость школьников во внеурочное время с учетом возрастных, индивидуальных особенностей и уровня их подготовленности. Определены объективные и субъективные основания на развитие воспитания во внеурочной деятельности, социально-педагогические и воспитательные возможности внеурочной деятельности, которые скажутся на конкурентоспособности учащегося.

Abstract

This article contains training materials for the organization of employment of students in extracurricular time. The structure allows the teacher to design the employment of students in extracurricular time, taking into account age, individual characteristics and their level of preparedness. Determined by objective and subjective grounds for the development of education in extracurricular activities, socio-educational and educational resources, extracurricular activities, which will affect the competitiveness of the student.

 

Қазіргі кездегі қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінгі білімді жаңалау, білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында мектеп мұғалімдері өз үлестерін қосып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев партияның ХVІ съезінде сөйлеген сөзінде «Мәңгілік Ел идеясы арқауындағы жұмылдырушы құндылықтар – азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел – тағаттылық елі. Осындай жағдайда азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болады», – деп атап көрсетті [1]. Осыған орай, мектепте  оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана тәрбиелеп және  қалыптастырып қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да тәрбиелеу қажеттілігі  маңызды болып отыр.

Оқу жоспарынан тыс үйде немесе зертханада, сабақтан тыс уақытта, мұғалімнің жетекшілігімен, оқушының өз ынта еркімен, әрі олардың қалауы бойынша орындалатын дербес оқу жұмысы – сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс жасауға, ойлануға, ізденуге, оларды ұжымдық әрекетке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Соған орай, оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Қазақстан Республикасындағы сабақтан тыс жұмыстың жағдайын қарастырғанда мектептен тыс білімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі айқындалды. Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылады: көркемдік-эстетикалық қосымша білім, экологиялық-биологиялық қосымша білім, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстар. Соңғы жылдары балаларға қосымша білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бірлестіктердің дамуы байқалады, олар оқушылардың коммуникативті, зияткерлік қабілеттерін түзету мен дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағдарланады. Бұл қызмет өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне, азаматтық қалыптасуына мүмкіндік береді [2].

Шетелдік тәжірибені талдау көрсеткендей, мектепте сабақтан тыс қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға болады: ойын, танымдық, мәселелік-құндылықтық қатынас, бос уақыттық-сауықтыру, көркем шығармашылық, әлеуметтік шығармашылық, еңбек, спорттық-сауықтыру, туристік-өлкетану.

Ресейлік ғалым Л.П. Бутенконың пікірінше, елімізде балалардың бос

уақытын ұйымдастырудың өркениетті жүйесін ұйымдастыруға бағдарлануда

Батыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенген жөн.

Қазіргі уақытта Батыс Еуропа елдерінде көптеген «интеграцияланған»

мекемелер бар, олардың арасынан кең тарағаны – мектеп немесе лицейлерге

негізделген түрі. Мысалы, Чехия мен Словакияда мектеп базасында пайда

болған заманауи клуб мекемесі мәдени-тәрбиелеу қызметі түрлерінің дәстүрлі жинағынан басқа кафе немесе шағын мейрамхана мен спорт кешенінен тұрады.

Мемлекеттік ағылшын мектептеріндегі маңызды сәт – аға ұрпақ

өкілдерінің қатысуымен жалпы білім беру процесін мектептен тыс әлеуметтік-мәдени қызметпен толықтыру болып отыр. Әлеуметтік-мәдени мекемелердің тұратын ортамен «бірігіп кету» процесі бір ғимаратта немесе қатар тұрған құрылыс кешенінде орналасқан балалар бірлестіктері санының өсуімен қатар жүреді; соңғы жылдары белгілі аймақ тұрғындарының бастамасымен құрылған жекелеген мекемелер кең таралуда [3].

Сыныптан тыс ұйымдастыру кезінде оқушылардың сабақтары эскурсиялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, пікірталастар, олимпиадалар, сайыстар, дидактикалық театрлар, кітапханалық сабақтар, қоғамдық пайдалы іс-тәжірибелер, ізденушілік және ғылыми зерттеулер өткізіледі. Оқушыларды сабақтан тыс қызметтің барлық бағыттары бойынша біріктірудің ұйымдастыру формалары үйірмелер, секциялар, клубтар, студиялар, оқушылардың ғылыми қоғамдары, зерттеу немесе жобалық зертханалар, кіші ғылым академиясы, балалардың қоғамдық бірлестіктері жатады.

Оқушылардың сөз құдіретіне деген сезімін оятуда, әдеби дүниетанымын кеңейтуге, өз беттерімен көркем шығармалар оқуға баулуда, оқырмандардың дағдысын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, рөлі ерекше. Әдебиет сабағы, сабақ процесіндегі жұмыстар мен сыныптан тыс жұмыстар тонның ішкі бауындай қабысып, бірлікте жүріп отыруы керек. Оқу бағдарламасындағы оқып, талдауға  ұсынылатын шығармалардың барлығын сабақ процесінде игеріп біту мүмкін нәрсе емес. Көркем шығарманы оқудың басты кезеңдері сыныптан тыс мезгілде жүзеге асырылады. Сыныптан тыс оқулардың басты мақсаттарының бірі – кітаппен жұмыс істеуге үйрету, өз беттерімен оны тыңдай білу, оқығандарының ішінен ең негізгі, басты мәселелерді еске ұстау дағдыларын қалыптастыру. Сыныптан тыс  оқу  барысында «кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру» әдісін өткізу өте тиімді. Толығырақ айтқанда, әдістің негізгі атауы «Буккроссинг» деп аталады. Оқушылар оқыған қызықты кітаптарын «Еркін»  сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі. Немесе, «Еркін сөрелерде» оқушыларға белгілі бір автордың туындысы беріліп, кітап айналымда жүреді.  Мысалы, Зейнолла Қабдоловтың   «Ұшқын» және «Жалын» романдарын екі сыныпқа беріп, «Буккроссинг» әдісі арқылы оқытылады. Оқушылар романды оқып болғаннан кейін алған білімдерін дамытып, әрі қарай ұштай түсу үшін оқырман конференциясын өткізу тиімді болып саналады. Екі сынып болып романдарды салыстырып, ұқсастықтарын талдап, неліктен романдар «Ұшқын» және «Жалын» екенін түсіндіре кетіп, пікір талас өткізеді. Мұндай конференцияның негізгі мақсаты – көзқарасты кеңейту, көркем талғамды қалыптастыру, оқырман мүдделерін дамыту. Жаппай кітап оқу  азайып кеткен қазіргі заманда  «буккроссинг» қоз­ғалысын  кітап пен оқырман арасын жақын­датудың тиімді жолы. Егер адам кітапқа қарай жүргісі келмесе, онда кітаптың өзін  адамға қарай жүргізіп, оны оқырман орбитасында шыр айналдыру, адамдардың кітапқа деген ықыласын ояту, рухани мәдениетін көтеру болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын негізгі талап – сыныптан тыс жұмыстар кәдімгі сабақтарға ұқсас болмауы керек. Сондықтан сабақтан тыс

жұмыстарды ұйымдастыруда дәстүрлі әдістерден гөрі дәстүрлі емес әдістерді қолдану ұсынылады.

 

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері

№1 Кесте

Түрі

Педагогикалық міндеттері

 

Дәріс

Демонстрация

(көрсету)

Білім      алушылардың    шығармашылық

қызметін белсендіру

ойлау

Семинар

Дайындық

Жаттығу

Аналитикалық ойлауды қалыптастыру. Ұжымдық жұмысты дамыту шеберлігі.

 

Дискуссия Экзерсис

Ақпаратпен алмасу, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту және өз көзқарасын қорғау жолдары арқылы білімін кеңейту

Конференция

Байқау

Концерт

Көрме

Өз қызметінің нәтижесін ашық талқылау дағдылары арқылы дамыту 

 

Саяхат

 

Ой-өрісті кеңейту және сезімдік қабылдауды байыту

Экспедиция

Туристік жорық

Таным, тәрбиелеу, сауықтырудың әр түрлі жоспардағы міндеттерін шешу

 

Сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың дәстүрлі емес түрлері

№2 Кесте

Түрі

Педагогикалық міндеттері

Пәннің, деректің, құбылыстың, оқиғаның тұсаукесері

Шеберлікті қалыптастыру және дамытуды бір оқиғаны/құбылысты және т.б. бейнелеу ғана емес, сондай-ақ өзінің ұстанымын дәлелді айту.

 

Сюжетті-рөлдік ойын

Қоғамдық қатынас пен құбылыс құрылымында өзін түсіну

Жоба қорғау

Орындалған жұмысқа талдау жасау қабілеттілігі, жаңа идеялар ұсыну, дауыстап әлеуметтік сөйлеу дағдыларын дамыту

Шай ішу және аспаздық байқаулар

Ерекше психологиялық атмосфера құру, қарым-

қатынасты жұмсарту

«Қатты жаңғақ»

Өмірдің қиын өмірлік сауалдардын бірігіп шешу, сенімді әңгімелесу

Мейірімді тосын сыйлар күні

Ықылас белгісін көрсете білу, қуаныш әкелетін

жаттығулар

Сұрақтар

хатқалтасы, қызығушылық бойынша клубтар

Достық жағдайда пікірлермен еркін алмасу

 

 

 

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың біздің балаларымыз жан-жақты дамыған, әріптестік пен мәдениетаралық әрекеттесуге қабілетті, өзі және өз елі үшін жауапкершілік сезімі бар болуы керек деген сөздері Қазақстанның жас ұрпақты тәрбиелеудегі мемлекеттік саясатының мәнін құрайды.

Оқушылардың сабақтан тыс қызметін жүзеге асыру келесі мүмкіндіктерді береді:

– оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне сәйкес қызметтің әр түрін (оқу, еңбек, коммуникативтік, қозғалыстық, көркемдік), қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға бейімделуін, өз денсаулығы мен дене мәдениетін қолдау және нығайту біліктілігін игеру;

– білім алушыларда қоршаған әлемге дұрыс қатынас, этикалық және адамгершілік нормалар, эстетикалық сезімдер, түрлі шығармашылық қызметке қатысу ниетін қалыптастыру;

 – білім алушылардың әрі қарай оқуға дайындық деңгейін анықтайтын, өздігімен білім алу, бақылау мен өзіндік бағалаудың қарапайым дағдыларын дамытатын білім, білік және қызмет тәсілдерін қалыптастыру.

Сыныптан тыс жұмыстары оқушылардың өзіндік ой өрісін дамытуға, білімге қызығушылығын арттыруға үйретеді; оларды өз беттерінше жаңа ғылымның жетістіктерін үйренуге жетелейді. Бос уақыттарын дұрыс пайдалануға талпындырады. Мұндай сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігін атап өтсек: сыныптан тыс жұмыс құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен іс-әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі. Оқушылардың танымдық қызметін дұрыс қалыптастырудағы өз бетімен жұмыс істеу прцесінің сапасын танытатын, алға қойған барлық міндеттерді толық орындауға жетелейтін сыныптан тыс жұмыстар болып табылады. Ұтымды ұйымдастырылған сабақтан тыс жұмыстар оқушы тұлғасының дамуына мүмкіндік береді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2030: Ел прзидентінің  Қазақстан халқына жолдауы» Егемен Қазақстан № 194, 1994

2. Бурганова Р.И., Оспанова Я.Н., Абдрашитова Т.А., Радионова К.В. Модель региональной программы развития досуговой деятельности школьников. – Астана. – 2009. – 87 с.

3. Бутенко Л.П. Свободное время: за и против подростков // Семья и школа. – 2004. – № 2. – С. 9-12.

1-қосымша 

«Сабақтан тыс жұмыстардың тәрбие нәтижелеріне қол жеткізудің айрықша формалары» әдістемелік конструкторы

Нәтижелер деңгейі.

Сабақтан тыс қызметтің түрлері 

Әлеуметтік білімдерді игеру 

Әлеуметтік болмысқа

құндылықты қатынас

қалыптас- тыру 

Өзіндік қоғамдық

әрекет ету

тәжірибесін меңгеру 

 

1

2

3

4

 

1. Ойын 

Рөлдік ойындар

 

 

 

Іскерлік ойындар

 

Әлеуметтік модельдеу ойыны

 

2. Танымдық 

Танымдық әңгімелер, пәндік факультативтер, олимпиадалар

 

          

 

 

 

Дидактикалық театр, қоғамдық білім байқауы, «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубы

 

Балалардың зерттеушілік жобалары, танымдық бағыттағы мектептен тыс акциялар (оқушылар конференциялары, зияткерлік марафондар мектептік мұражай-клуб және т.с.с)

 

3. Проблемалықұндылықты қарымқатынас 

Этикалық әңгімелер

               

 

Дебаттар, тақырыптық диспуттар

 

Сыртқы сарапшылардың қатысуымен проблемалықұндылықты пікірталас 

 

4. Бос уақыттық- сауықтыру қызметі (бос уақыттық қарымқатынас)

Мәдени орындар: театр, мұражай, концерт залдары, галереяға бару 

 

 

 

Концерттер, сахналандырылған қойылымдар, сынып және мектеп деңгейіндегі мерекелік шаралар 

 

Мектептік қоршаған ортадағы оқушыларлың бос уақытта көңіл көтеру акциялары (қайырымдылық

концерттері, жән мектептегі көркемөнер гастрольдері т.с.с.) 

 

5. Көркем шығармашылық 

Көркем шығармашылық бірлестігінің сабақтары

 

 

 

 

Көркемөнер көрмесі, өнер фестивальдері,   сыныптағы, спектакльдер 

 

1-қосымшаның жалғасы

1

2

3

4

 

Мектептік қоршаған ортадағы оқушылардың көркемөнер акциялары 

6. Әлеуметтік шығар- машылық (әлеуметтік түрленген ерікті)

қызмет 

Әлеуметтік сынама (ересектер ұйымдастырған әлеуметтік іске, акцияларға баланың бастамашылықпен қатысуы)

 

 

 

ҰШІ (ұжымдық-шығармашылық іс)

 

Әлеуметтік-білім беру жобасы

7. Еңбек

(өндірістік) қызмет 

Құрастыру бойынша сабақтар, техникалық шығармашылық,

кәсіптік қолөнер үйірмелері

 

 

 

  

Еңбек десанттары, тиімді сюжеттік-рөлдік ойындар, («Пошта», «Фабрика») ересектердің басшылығындағы балалардың өндірістік бригадасы

Балалар мен ересектердің біріккен білім беру қызметі

8. Спорттық- сауықтыру қызметі

Спорт секцяларының сабақтары,

СӨС туралы әңгімелер,

сауықтыру шараларына қатысу

 

 

 

Мектептік спорт турнирлері мен сауықтыру акциялары

Мектептік қоршаған ортадағы оқушылардың спорттық және сауықтыру акциялары 

 

9. Туристік- өлкетану қызметі  

Білім беру экскурсиясы, туристік сапар, өлкетану үйірмесі

 

 

 

Туристік сапар, өлкетану клубы

Туристік-өлкетану экспедициясы  Зерттеу-өлкетану экспедициясы

Мектептегі өлкетану мұражайы 

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину