Кенжеханова Дарина, 9 класс, КГУ "Башкульская средняя школа", село Башкуль, Бескарагайский район, ВКО, Казахстан
Ахметжанова Марям Бейсенгалиевна, учитель истории, КГУ "Башкульская средняя школа", село Башкуль, Бескарагайский район, ВКО, Казахстан
Кіріспе
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Нұрлыбек Баймұратовтың туғанына биылғы 2017 жылы 130 жыл толады. Бесқарағай өңірінің тумасы, тума талант және оның артында өшпестей із, өнегелі іс қалдырған мұраларын, естеліктер жазылады деп ойлаймыз.
Өзектілігі: Өлке тарихын насихаттау. Аймақтық компонент арқылы туған жердің тұлғасын дәріптеу, себебі ол өз ұрпағын патриоттық тәрбиелеуге септігін тигізері сөзсіз.
Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. «Нұрлыбек Баймұратов-дәстүрлі қазақ мәдениетінің насихаттаушы, жалғастырушы» ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында, жүйелі-кешенді, нақты талдау, жинақтау, қорыту, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданды.
Жұмыстың практикалық және теориялық маңызы. Оқушыларға реферат жұмыстары мен ғылыми жоба жазу барысына көмекші құрал.
Зерттеу нысаны. Тарихсыз ел де, жер де болмайды. Бүгінін бағалау, болашағын бағдарлау тарихты білуден, тамырды танудан басталады. Туған еліне, ауылы мен аймағына арнап, жұртшылықтың есінде ұзақ сақталып келе жатқан асыл азаматтардың бірі де бірегейі Нұрлыбек Баймуратов. Газет-журнал беттерінде, басылым беттерінен, ауыл мектеп мұражай материалдардан, және ақын шығармаларының беттерінен алынды.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Газет баспа беттері және «Ұлағат» ақынның туғанына90 жылдығына байланысты шыққан «Қазына» кітабы пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.Нұрлыбек Баймуратовтың Қазақстандағы бүгінгі айтыс ақындарының тұңғыш жол салушылардың бірі екенін дәлелдеу.
Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындысынан тұрады.
1. Нұрлыбек Баймұратовтын өмірі мен ақындық өнерінің шындалуы.
Нұрлыбек Баймұратұлы 1887 жылдың желтоқсан айының 6-і күні бұрыңғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданына қарасты астықтыөңір, атағы мол жайылған Балапан зәйімкеде кедей Баймураттың үйінде дүниеге келген.
«Балапан-орыс жері ел жайлаған,
Қу жетім кедейлікпенбел байлаған.
Он жасқа келгенімдеөлең дарып,
Он бес жасқа келгендеайғайлағам.»
-деп еске алады.
Жасынан жалшылықта жүрген кедей Баймұрат күн көрістің егін кәсібін серік етіп, қарауылшысы болған.Оның анасы Сапар де еңбек бейнетін ерте тартқан қазақ әйелінің ересең қайраттысы, бір өзі екі-үш кісіге пара-пар келетін кесек те, аса ірі-денелі, шаруашылық адам болған. Нұрлыбек осы анасына ұқсаған зор денелі, бұла күші буырқана шығып жастайынан еңбекпен шынығып мықты болып өскен.Бұл кездегі ата-анасының ауыр тұрмысы туралы өлеңге қосады:
«Тұрағы Семиярлық қазақ-орыс,
Егіндік Балапанға салған коңыс
Ушаров тұқымына жалшы болып,
Әке-шешем аянбай еткен жұмыс»
-дейді.[5.3 бет]Осы кезде Балапан жері Семияр маңының (Ертіс бойындағы) бай орыстары Путинцов Василий мен Ушаровтардың егін салатын жері болған.
Ақынның арғы ата тегіне келетін болсақ, қазіргі Павлодар облысының Май ауданына қарасты Бозарал-Жалаңаш деген Ертіс бойындағы шағын қазақ ауылдарын мекендеген, орта жүздің белді тайпасы найман ішіндегі Кенжалы бұтағынан тараған Еділбай атты батыр болған. Осы Еділбайдың әке мұрасына жаңашылықпен қарайтын ел силаған Келді атты сүйікті ұлы болған. Келдіден Сазанбай туған. Осы Сазанбайдан Самұрат,Баймұрат атты қос ұлы туған. Самұраттан Сыздық, Сыздықбай, Әбен туады да, Баймұраттан Нұрлыбек туады. Заманның әртүрлі себебімен Еділбай ұрпақтары күнкөрістің ауқымымын кәсіп етіп, өз ата қонысынан көше жылжып әр жерге таралады.Ал Нұрлыбек Баймұратовтың қазіргі ұрпақтары Семейдетұрып жатыр.
Баймұрат-әкем аты, елім-найман,
Дауысым айғайласам шығар қайдан....
Туғанмын Балапанда-орыс жері,
Жасымнан ақын болып болдым шері,
Баймұрат әкем аты, шешем Сапар,
Сүйегі қалмақылау арғы тегі....
-деген. [4. 4 бет]
Сонымен жас дарын Нұрлыбектің өнерлі болып, ел аузына іліне бастауы үстем тап өкілдеріне ұнай қоймады. Ауыл молдасынан оқып ескіше хат таныған, ол қара жұмысшы болып еңбек етеді.Осы кездегі ертегі-аңыздарды көп оқып, көп тыңдайды. Көптеген батырлық, ғашықтық жырларды жаттап алып,айтып жүреді. Белгілі айтыс ақындарының бірі Қалихан Алтынбаев былайша әңгімелейді: «Нұрекең туа біткен талант иесі еді. Он жасар бала түн ортасында дауыстап оянады да, қисындырып өлең айта бастайды. ...»Ол он жасар баласы домбыраны сартылдата қағып-қағып жіберіп, өлеңді айтқанын жеткізеді. Соның бірінде Ахметшәріп Молдажанов болған. Ол Нұрлыбекке тәлімгер болып, өз зайымқаларына таяу тұрған татар халқының «Башкөл» атты ауылындағы медресеге оқуға түсіп сауат ашады.
Арабша жазу-сызуды жақсы меңгерген ол, діни оқуымен қолына түскен қисса, аңыз, ертегілерді ізденіп оқып, білімін толықтырады. Осылайша, Башкөл медресесін Нұрлыбек еңбекпен араласа жүріп, өнерін өзінше дамыта береді. Бірақ анасының одан әрі оқытуға шамасы келмейді. Енді Нұрлыбек Балапанда еңбекпен есейді. Мұндағы егін егіп, пішен шаптыратын байдың қоластындағы орыс, неміс, украин,татар жігіттерімен бірлесіп еңбек етеді.Осы жерде жүргендермен орыс, неміс, украйн тілдерін үйреніп, сол тілдерде өлең айтады.
Бұл кезде анасы Сапардың жүріс-тұрысы ауырлап, жиі-жиі сырқатқа бой алдыра бастағаны байқалады.
«...Енді Балапанда тұрмаймын деп,
Жалданған Ушаровқа мәлімдегем.
Үй салып «Жалаңашқа» орналасып,
Қарт шешем рахатқа сонда батты...»-
дейді.Бұл жерде Нұрлыбек өзіне лайық кәсіп табылмайды. Сондықтан туыстарға анасы мен Тұрсынбек, Нұрғалиды тапсырып, өзі Ертіс су жолында кемелерде жүкші болып жұмысқа орналасады. Осы жерде елге танылып, өнер көрсетеді.
1912 жылы Лебяжі түбегіндегі Подпускная станицасының 18 жастағы Евлалия Васильевна Щитинина деген бойжеткен өзін айттырған бай баласына барудан бас тартып, «ол өзі сүйген Нұрлыбегі үшін сол орыс қызы шын ниетімен өз дінінен шығып, ерінің дінін қабылдап, ата-анасы қойған Левлалия атын Балқия деп қойдырып, қосағының тілін үйреніп, кейіннен жасы ұлғайған соң қосағымен бірге бес уақыт намазын қаза қылмай дүниеден өткенше орындап өткенін айтпай кетуге болмас...»[4. 13 бет]
1912-1920 жылдары Нұрлыбек аға өлең еңбектерін жазады.
1920-1922 жылдары Нұрлыбек аға Орынбор қаласында оқуда болғаны мәлім.Осы жылдары қазақтың кемеңгер ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовте осы қалада қызмет жасап, жас ақынның шығармаларына көп ықпал етеді. Әсіресе «Қала сұлу » поэмасын жазған кезде,оқудан келген соңНұрлыбек аға Қарқаралы уезі, Ақбота болысында ревком бастығы қызметіне жіберіліп, Балқия облыстық кеңеске секретарь болады.Бұдан кейін совет партия мектебінде Нұрлыбек аға оқиды.
Осыдан соң ол Семей қаласында үлкен сауда орталығында жауапты қызметтер атқарады.Осы ол Нұрлыбекті Май ауданынан шақырып, Қазақстан көркем өнерінің Москвада өткен он күндік ертіп барған. Ол Москвалық көрермендерді сүйсіндіріп, үлкен сый құрметпен оралады.
Сондықтан да Нұрлыбек «-мынау көкжиегі қазағымның кең жазира даласындай, әлем таныған үлкен жазушы Мұхтарды туған інісіндей жақсы көріп, айта жүретін..»-депті.[1. №8, 4 бет]
1922-1939 жылдары Нұрлыбек Баймұратов белгілі ақындар айтыстарға қатысып, Иса Байзаков және Нартай. «Анығында, бұған шейін-ақ (1920-1939 жылға шейін) өзге ақындар ішіндегі ең шапшаң, ең тапқыр ақындардың дүлділі атанған Иса Байзаковтың өзі оны іздер жүріп бес рет айтысқанда жеңіс алмаған төкпе дәудің нағыз өзі еді» -депті У.Тукусов[1.№90, 4 бет]
Осы жылдары алғаш поэмасы «Қала сұлуы» жарық көреді.
Нұрлыбек ағаның ақындық сапарындағы өрге өрлеп, биікке көтерген шағы, бүкіл республика жұртшылығына танылып, атағы шыққан кезі 1939 жыл болыпты.Бұл туралы әдебиет зерттеуші, белгілі ғалым және сол кездегі Семей жазушылары бөлімшісінің бастығы Қайым Мұхаметханов былай деп жазыпты:
-1939 жылдың 21-22 маусым күндері Алматыда Қазақстан жазушыларының ІІ сьезі өтті. Сьезге Нұрлыбек Баймұратов Семейден делегат болып қатысып, сьезд тұғырына шығып, суырып салма өлең айтып, сьезді құттықтады. Сол слетте қатысқан Нұрлыбек Баймұратов Қызылорданың атақты ақыны Нартай Бекежановпен айтысты. Сол 1939 жылы 14 қарашада Нұрлыбек Баймұратовқа және Нартай Бекежановқа құрметті атағы берілді.[1. 19 бет]
1939-1941ж.ж. бірнеше айтыстарға қатысып, дүлділ ақындардың бірі екенін көрсетті.
1941 жылдың жазы. Сұрапыл соғыс басталған күннен бір апта кейін Семейдің облыстық театрында Ертістің суын егіз емген үш облыстың халық ақындары өтті. Ертеңіне «Екпінді» газетінде Төлеу Кобдіков, Нұрлыбек Баймұратов, Естай Беркимбаев, Сапарғали Әлімбетов, Есенары Құнанбаев тәрізді бір топ ел саңлақтары қол қойған үндеу өлең жарияланды.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Нұрлыбек Баймұратов үнемі ел аралап, халықты жауға қарсы күреске, ерлік еңбекке шақырып, жігерлі, патриоттық жалынды жарымен елдің рухын көтеруге бойындағы бар ақындық күш-қуаты барынша жұмсады.
1943 ж. 4-9 желтоқсанда Алматыда халық ақындардың тұңғыш республикалық айтысы өтті.
1950 жылы әдебиет саласындағы асыра сілтеушілік кезінде қармаққа ілініп әжептәуір уақыт жазықсыз қорлық көрген.
«-Нұрлыбек алғаш сотталғанда менің әкеммен бір шамада сотталып еді,-дейді, белгілі ғалым Қайым Мұхаметханов аға ақын туралы білгендерін айтқанда,- Екінші рет бір әңгімесінде Нұрлыбекпен екеуіміздің 1950 жылдары Алматыда орган адамдары бетпе-бет кездестіріпті..»-депті еске алады. [4.35 бет]
Ақын сол тұстағы түрме қорлығын көріп жатқанда жалғыз баласы Мансұры артынан іздеп барған. Бұл жылдары оның қудаланып барып Сібірдің солтүстік шығысындағы Ресейдің Магадан облысындағы саяси тұтқындарға «мекен» болған азапты Калыма түрмесіне тап болған жағдайын Павлодарлық журналист Төлеубек Коңыров әңгімеледі. [5. 6 бет.]
Нұрлыбек Баймұратовты сол кезде кездестірген Ермұхан Бекмахановпен. Ол туралыТөлеубек Қоңыров жазыпты.
Нұрлыбек аға соңғы жылдарын 1965-1969 жылдары өзінің туған жері Ново-Николаевкада тұрады. Ардақты ақын Нұрлыбек Баймұратов 1969 жылы 8 қарашада Бесқарағай ауданындағы «Башкөл» совхозының орталығы болған «Ново-Николаевка» ауылынды 82 жасында дүние салды. Осы ауыл зиратындағы темір шарбақ пен қарапайым қара қаңылтырға «Халық ақыны, Нұрлыбек Баймуратұлы» деген жазуы бар.
Ақынның тұңғыш ұлы Мансұр 1945-1950 жылдар аралығында Алматыдағы мемлекеттік қазақ университетінің филология факультетін оқып шыққан.
Ол әкесі айтқандай ақындық өңері де болып, жылдары...
Алматыдағы Жамбыл мұражайында ғылыми қызметкер болған. 1982 жылы Павлодар облысы Май ауданында қайтыс болған.
Жалғыз қызы- Гаужаһан Алматы қаласында тұрады.
Еділбай ұрпақтарынан Баймұраттан басқаларының немере-шөберелері күні бүгінге шейін Ертіс бойындағы Семияр, Май, Бозарал-Жалаңаш маңында тұрып жатыр.Мәселен, жоғарыдағы Самұраттың балаларынан тараған Омар, Әубәкір, Оспан дейтін ұрпақтары сол ата қоныстарында тұрып қалған. Әубәкірдің баласы Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тауыпты: оның аты Ертай екен. Оспаннан екі бала болыпты. Үлкеннің аты Мұқан, кішінің аты Бекен. Олар қазір Семияр ауылында тұрады.
Ақынның 90-ға, 100-ге толу мерекелер өз туған жері Бесқарағайда ескерілмей қалған.Ақынға ауылда арнайы мұражай жабдықталған. Н.Баймұратов өмірі, халыққа жасаған жақсы қызметтері аудан жұртшылығына өлең тілімен, өнер тілімен және ғылыми зерттеу жұмыстары, қызықты баяндама бүгінде жеткізілу мақсат етілді.
2017 жылы ақынның 130 жылдығы мерекесі аталып өтуге жоспарланып отыр.Ақындығын жеке насихаттаған арнайы ақындар өлеңдері жарық көруі мүмкін...
Сонымен:
Қазақ халық поэзиясының тарихында өзіндік орны, өлең өрнегі, суреттеу мәнері бар өр дауысты ақындарымыздың бірі- Нұрлыбек Баймұратов. Қазақ ССР-ң және ҚР мәдениетінің өнер тұлғасының қайраткері.
2.»Нұрлыбек Баймұратов-Бесқарағай мақтанышы»
«Алдыңғы толқын ағалар» деп Абай айтпақша, сол алдыңғы толқының ішінде өзің іш тартып жүретін, халықтың қамы, елдің бірлігі дегенде түн ұйқысын төрт бөлетін, қазыналы сөзін айтатын кісілер болады. Атам қазақ анау замандарда сондай адамдардың сөзіне тоқтап, батасына ұйыған. Алдын қиып өтпей кішілік танытқан жаны таза һәм адамгершілігі мол сондай ағалар жайында қолына қаламалып айтар ойың мен пікіріңді көпшіліктің назарына жеткізе алсаң, парызыңның орындалғаны. Осы оймен дүлдүл ақын Нұрлыбек Баймұратов туралы бірер сөзді арнап, ой жеткізуді жөн көрді.
Уақыт бәріне де билік айтады. Сондықтан да ол әлемнің әміршісіндей әсер етеді. Уақыт өз теңіне салмайтын жаратылыс жоқ. Демек, уақыттан тысқары өмір жоқ, ештеңе өріс жаймайды. Өнерге де уақыт төрешілік айтады. Елеп, екшейді. Жасығы көбелектей ұшып кетеді, жауһары халық жадында мәңгілікке жатталады. Негізі мықты рухани әлемнің уақытпен бірге қанаттанып алға жылжитыны содан болса керек. Сол сияқты нағыз өмірін сұрыптаудан өткен халықшыл өнер туындылары да уақытпен бірге марқайып, уақытпен бірге ұдайы жасару үдерістерін бастан кешеді. Өнер өміріңді сарп етпесең, өркенді болмайды. «Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – жер жаңа» дегендей, елімізге егемендік пен бостандық әкелген демократия мен жариялылық атаусыз қалғандарымызды тірілтіп, өшкенімізді қайтадан жандандырып отыр.
Ақындықтық – табиғаттың зор абзал сыйы ғана емес, айрықша құбылыс да болады. Ақындардың өзі емес, өшпес өмірінің бағасы «көз жұмғаннан соң» басталатыны да бәлкім, содан болар. Әркімнің атағы тірісінде ғана аспандайды, ал ақынның даңқы өлгесін дәуірлейді. Сол сияқты Нұрлыбектің де ақындық өмірі өзі дүниеден озған соң халыққа жария болып, танылды. Бесқарағай өңірінде Балапан ауылы астықты алқап ретінде кеңес кезінде мол өнім беріп бүкіл Одаққа аты шықты.
«Аман ердің аты шығады», - дейді қазақ халқымыз. Бүгінгідей өз қолымыз өз аузымызға жеткен жаймашуақ кезеңде кешегі аумалы – төкпелі уақыт, тарих қыспағынан аман шыққанымызға, бостандығымызға шүкіршілік ете аламыз. Осы амандығымыз кешегі өткен заманда еркіндікті аңсаған, арманда кеткен кейде ерлеріміздің салып кеткен сара жолы ма деп ойлайсың . Өзінің асқақтаған дауысымен халық есінде қалған ақиық, талантты, байсалды ақынымыз -Нұрлыбек Баймұратұлы атамыз. Ол тек Бесқарағай өлкесінің ғана емес Семей округінің, бүкіл Қазақстанның тұрмыс-тіршілігін жырлаған суырып – салма ақын. Оның «Қазақстан тойына» атты өлеңінде:
«...Келетін келте оралып ер қазаққа,
Кездескен шеңгел қонды азапқа.
Бейнесін шұғып шалып нұсқамасаң,
Созармыз сөз желісін тым ұзаққа.
Самал тау, төсі жайлау, түбі сүтті,
Арнасы малға шүгін, елге құтты.
Қарт Алтай, Қарасу мен Еділ, Ертіс,
Қондырып аттандырды талай жұртты.
Ер қазақ орда тігіп орнын басқан,
Басқа елге тізгін беріп бағынбастан.
Жауласқан хан мен бектер зардабынан,
Ел азып, құтшайқалды той – таластан.
Қаулады қалың сордың жалған өрті,
Ел шулап, кісі өлтіріп, барымта алмақ.
Егеске, кісі өлтіріп, барымта алмақ.
Егеске ерімте болды елдің серті,
Ханзада, бек пен билер болды кекті.
Береке, бірлік кетіп еркін елден,
Іздетті басқа жұрттан әділдікті.
Бағынды ақ патшаға еліп беріп,
Бағынған еркін елден кетті ерік.
Ысқырған екі басты қара аждаһа,
Аузын алты қарыс ашты керіп.
Заманның нар өркешті асқар белі,
Тайғақ ер, тор асудан тартты желі.
Шыдамай патша хандар зорлығына,
Топ бастапжарық ашты елдің ері... », деп[1. 4 бет]тәуелсіздікті аңсаған кедей халықтың ерлігін жырлайды. Бойында Көк бөрінің рухы бар, «арым – жанымның садағасы» дейтін қазақ халқының ұрпағы болу – үлкен бақыт екенін ұқтық.
Сонымен
1.Н.Баймұратов елге танымал болған, ұлағаттыақын.
2. «Қазақстан тойына» атты өлеңінің танымал болуы.
2.1. Айтыс ақындарының тұңғыш жол салушысы.
«Адамның басшысы-ақыл, жетекшісі-талап,
шолушысы-ой, жолдасы-кәсіп, қорғаны-сабыр,
қорғаушысы-мінез, санаушысы-халық болсын»
-депті Сақбұлақ би [8.5 бет]
Туған еліне, ауылы мен аймағына арнап, жұртшылықтың есінде ұзақ сақталып келе жатқан асыл азаматтардың бірі -Нұрлыбек Баймұратов. Оның Қазақстандағы бүгінгі айтыс ақындарының тұңғыш жол салушылардың бірі екеніне мәлім. 1922 жылы Семей қаласында заманымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің қатысуымен өткен атақты Иса Байзаковпен айтысы айғақ бола алады. Ол жөнінде М.Әуезов: «Бұл айтыс бұрыңғы айтыстардай ру айтысы болмай, қайта қала мен ел өмірінің мәдениетін көтеру мәселесіне ден қоюын және ақындардың әлеуметтік істерге бет құру талабын дұрыс атқарып шықты.»-деп жоғары бағалады.[1.№15.4 бет]
Қазақ ақындарының ішіндегі суырып салма өнерінде дүлділі атанған, айтыстарда шашасына шаң жуытпай аты аталатын жүйрік, Қазақ поэзиясының мақтанышы болған Иса Байзаковпен тең түскен ақын болмағаны аян.
Нұрлыбек Баймұратовтың Иса туралы бұдан жарты ғасыр бұрын жазған естілігі ешқандай түзету енгізілмей, сол күйінде газет оқырмандарға ұсынылып отыр. [3. №14] Мәтінін келтіре кетейік: «...Бір мезгілде Әріп пен Көкен ақсақалИса мен маған сөз беруді тіледі. Алдымен Иса сөйледі. Шынын айтайын, тап сол күнгі Исаның Шолпандай жарқылдап көрінді.» Нұрлыбек ағаның Иса Байзаковпен үшінші рет айтысы Семейдегі Луначар атындағы клубта болғаны. «Ал, менімен Иса жалғыз ғана Семейде айтысып қойған жоқ. 1924 жылы Орынборда-айтыстық. Сол жылы осы Сәбит, Ғабит-олар да рабфакта оқитын-ды.
1928 жылы Қоянды жәрменкесінде, Мәшүр Жүсіп қатысқан бас жиналыста айтыстық.»-депті.
«Иса мен Нұрлыбектің айтысы қаладағы ескі циркте өткізілген.Сондағы цирк алаңына кигіз төселіп, ортаға үстел салып қойылыпты. Екі ақын мен жиналған көп сол столды жағалап отырыпты.Ықшам денелі, сұр көйлек киген Жүсіпбек орнынан тез тұрып , айтыс басталғанын жариялады. Иса мен Нұрлыбек ақындар «Адам» деген тақырып бойынша айтысуға тиіс екенін жиналған халыққа тағы бір ескертті. Жусіпбек алғашқы сөз кезегін Исаға берді.»[1. №15,9 4 бет]
Айтыс аты-жөні таныстырудан басталады. Айтыстың корытындысын сол кезде губерниялық «Қазақ тілі» газетінің бас редакторы Жүсіпбек Аймауытов шешеді екенін айтылады.
Келесі кезекте Нұрлыбек ақынға сөз беріледі.Ол ойланып, асықпай, баяу үнмен арғын руының атақты адамдар байларын, батыр-билерін өлеңмен мақтап өтеді.
Исаға сөз кезегі келгенде ол да найманның белгілі кісілерін, шешен билерін көкке көтере мақтады. Арғынның атақты адамдарын, соның ішінде қаз дауысты Казыбек биді халықтың қамқоры емес, елді жеген парақор, озбыр деп айыптады.
Кезекті айтысқа ақындар «Адам» деген тақырыпқа дайындалып келмек. Екі ақын адам туралы өз ойларын өлеңмен бейнелеп айтып беруге берді.
Иса бөгелместен шұбырта ұзақ сөйледі. Адамның қасиеті, міндеті туралы жырлады. Адам туралы ойларын жырға айналдырып, суырып салып айтқанын мәлімдеді.
Нұрлыбек ағаға келгенде айтысқа дайындалғанын көрсетіледі.Ол дауысын күңгірлете бір көтеріп алды да, ашық үнмен сөйлей жөнелді. Ол бұдан бұрынғы айтысындай емес, қимылы, сөзі ширап қалған тәрізді. Адам деген не екенін бұл ақын да өзінше бағалап түйіндейді.
Ақырында бұ жолға айтыстың қандай дәрежеде өткеніне баға беріп, оны Жүсіпбек Аймауытов қорытады: «Иса ақын бұл айтысқа онша дайындалмаған. Ақын өз күшіне сенген болар. Ал, Нұрлыбек ақынның айтысқа өте дайындалып келгені өлеңінен байқалып отыр. Иса жүйрік ақын болғанымен берілген тақырыпқа жеңіл-желпі қарап, тереңірек ойлануға көңіл бөлмеген.
Бүгінгі айтыстың қорытындысы осы»-деп Сәду Машаков[2. №37 ]
Нұрлыбек Баймұратов адамға, адамның қоғамға қажет болмай қалғандығынан қатты сақтандырады. Елім деген еңіреген, жерім деп тебіренген, елін ерекше сүйген, елдік қасиеттерді көкірегінде тұмар ғып түйген ол үнемі күнделікті болып жатқан өмір өзгерістерін, қол жеткен табыстарды жырының басты тақырыбы етті.
Ал, бұл екі ақынның айтыс өлеңдері жазылып сақталмағанымен олардың айтысы тек, бір-ақ рет емес, бес рет айтысқанын жоғарыдағы дәлелдер аңықтап берген.Осымен қатар қайта-қайта айтысу, бір-бірін жеңісе алмай, тең түсуден болып отырғанын да ескергенін жөн туралы мәлімдейді.
Нұрлыбектің айтыскерлігін қазақ зиялалылар да, ақындар да жоғары бағаланған. Оны қарт журналист Бесқарағай ауданың құрметті азаматы Уәлихан Мұхаметқалиұлы Түкісовтың 2011 жылы 26 қаңтарда «Бесқарағай тынысында» шыққан «Ұлыларды ұлықтайды ұрпақ үшін мақаласынан кездестіреміз.» Оның ішінде Иса Байзаковпен Нұрлыбек Баймұратов арасындағы айтыс туралы жазылған.
Нұрлыбек Баймұратов тек Иса Байзаковпен ғана емес (1922жылы), Нартаймен (1938 жылы),Майсарамен (1943 жылы), Төлеумен (1944 жылы) айтысқа түскенін белгілі.
Айтысушы екі ақын жалынды, көркем жырларды суырып салма өлеңімен қалын жұртшылық алдында тудырып жарысты. Еңбек жемісін айту ретінде Нартай мен Нұрлыбек өздерінің облыстары, Семей мен Қызылорда облыстарын салыстырады. Бірі шалқар өзен Ертістен, екіншісі Сырдан шыққан ақындар, социалистік дәуірде жаңғырып көркейген табиғат көріністерін де, ел тіршілігін де айтыстың кең жарқын тақырыбы етіп алды.»[1. №19,11 4 бет]
Мұхтар Әуезов осы жолға Нартай мен Нұрлыбектің айтысы туралы былай деген: «Қазақстандағы айтыс өнеріне жеттік, ірі ақындардың айтыстарын республиканың партия-совет басшылығы, Жазушылар одағы ұйымдастырып, өткізу жаңа мәдениеттік үлкен дәстүрге айналды.»депті[1. 4 бет]
Нұрлыбек Баймұратов адамгершілігі мол, парасатты да кішіпейіл ақын. Ол дер кезінде сөзге тоқтай біліп, ілтипат та білдіре білген текті жан. Оны мынадан байқаймыз:
Нартаймен айтысқанда Нұрлыбектің қасында –домбыра, ал екіншінің қасында сырнай болды. Айтыс басталмас бұрын Мұхтар Әуезов Нұрекенді келістіріп мақтайды. Нартай сырнаймен сызылтып, өз әуенінен ауытқымайды. Бір тұста Нұрлыбек:
«Кекесін күлкіменен күлімдейсің,
Бейнебір менің, Нартай пірімдейсің.
Соза тартып сырнайды жөнелгенде,
Сырғақтан сыныптай білінбейсің...
Кезекпен менің сөзім жалғасады,
Көрместер түйені де көрмес деген.
Әлемге аты Мәшһур болып кеткен.
Семейде атағы шыққан ет комбинат,
Консерві, шұжық мен қолбасадан»-депті
«Колбаса» деген сөзін іліп алып :
«Нұрлыбек, сен де қойшы далбасаңды,
Менің де айтар сөзім жалғасады.
Доңыздың майы ішінде өріп жүрген,
Қолбасаңды ұста да отыр» -деді.
Нұрлыбек жеңілгенін мойындап, ілтипат жасап, орнынан тұрып кетеді. [6.4 бет]
Осы айтыс шынында оның бағын ашып, айтыс өнеріндегі шеберлігі мен тапқырлығы, суырып салма импривизаторлығын бүкіл Қазақстан халқы танып қол соғады. -депті
Сол 1939 жылы 14 ноябрьде Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумның Указы бойынша Нұрлыбек Баймұратовқа, Нартай Бекежановқа тағы басқа да ақындарға «Қазақ ССР-інің өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, деген құрметті атақ беріліп, олар Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен наградталды.»
1943 жылы желтоқсан айының 4-9 дейін бір жұма бойы, Алматы халық ақындарының республикалық айтысы өткізілді. Басталғанын Карағанды облысынан кейін барлық облыстарға жайылып, қорытындысы Алматыда өтетін аңықтаған. Тұңғыш республикалық айтысты дағдалы жүйрік қарт Жамбыл бастаған. Ол ағалық өнеге сөзінде, бұрынғы айтыстарды еске алып, айтыс үздік жүйректерін әйгеліп, атап өтті.
Нартай, Кенен,Нұрлыбек,
Өлең-жырды дүрілдет.
Сөздерінің күшінен.
Жау жүрегі түршіксін,
Жырларынды естіген,
Дос құмардан бір шықсын.
-депті жырау.
Алматы мен Жамбыл облысы, Семей мен Карағанды, Қостанай мен Солтүстік, Қызылорда мен Оңтүстік облыстарының ақындары айтысты. Семей облысы ақындарын атынан Қарағанды ақындарымен Нұрлыбек пен Тәңірберген айтысқа түсті.
Нұрлыбек Қарағанды ақыны Маясар айтысында, өз облысының ырыс-байлығын, асыл қазынасын, ел қасиеттерін жырлайды. Сонда Нұрлыбек аға:
«Салсаң да бір бұтағын салмақ болар,
Ақынның аты әйгілі талайына.
Өрбеген, осы өреннің ұрпағымен,
Самғамай шаршы топты қалайын ба?
Асқар талант, асқан күш ақын Абай,
Сансыз жұлдыз ішінде толған айдай.
Адамның ақыл-ойы, ардагері,
Ақындық шыңындай –бір Гималай»
-депті.
Ол облысының тарихын қөзғап, өндіріс, мәдениет саласындағы табыстарын көркем сөзбен сипаттап, жауды жеделдету жеңу күресіне қосып жатқан еселі үлесін суреттеп айтып, соғыс майданындағы, тылдағы еңбек майданындағы ерлерін мақтан етіп, жыр төқті.
Осыдан кейін Нұрлыбек Баймұратов республика ақындарының сапарынан көрнекті орын алып, оның аты енді Қазақстанға ғана емес, бүкіл Одақ көлемінде жайылып, таныса бастады.
Адамгершілігі мол, парасатты да кішіпейіл ақын.
Сонымен:
1.Нұрлыбек Баймұратов айтыс ақындарының тұңғыш жол салушысы.
2.Суырып салма өнерінің дүлділі.
2.2. Нұрлыбек ақын Абай, Жамбылды пір тұтты..
Адамға керегі үш–ақ нәрсе: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат.Данышпан Абай осылай айтқан екен.Осынау үш қасиетті бойына сіңіре білгендердің бірі –Нұрлыбек Баймұратов.Қаншама таршылық, тапшылық заманға ұшырап,соншама қиын әлеуметтік –саяси дағдарыстан шыға алмай тығыраққа тірелгенмен,тәуелсіздік әкелген сөз бен құқық бостандығы егемендік алған ел еңсесін көтеріп,рухани дамудың алдына жаңа бір көкжиек ашты.Егер бұрын халық жырлары жырымдалып, ұлттық тарих тарамдалынып,селсоқ назар аударылып келсе,егемендігіміздің арқасында оған зерделі зейін қойып,бар-бар құндылықтарымызды риясыз көңіл көзінен өткізіп,кәдеге асыратын заман туғаны аса ғанибет сезімді оятады.Бақсақ,ол Жамбыл мен бүгінгі қазақ поэзиясының арасына тартылған алтын алтын көпір екен. Сол кездегі Нұрлыбектің Жамбылға атты өлеңнен білуімізге болады.
Құрметпен сәлем бердім,Жамбыл ата,
Алдыңа ақын шықты,сөз саната.
Алысы асқан шабыт сіз – қара нар,
Біз елден артыңызға ерген бота.
Нұрлыбек суырып-салма ақындардың ішіндегі өзінше бір ерекше тұлға десек,асыра айтқан болмас.Жаңа бір ағымға арнап берген асқар қия.
Қазақтың Абайдан ұлы ақынын ұстаз тұтып,оның шығармаларын жастайынан жаттап өскен Нұрлыбек Баймұратов есейе келе, өлеңдерді ешбір дайындықсыз суырыпсалып айтатын шеберлікке жеткен.
Белгілі ақын Тәңірберген Әміренов –«Нұрлыбек жай әңгімеде болсын, өлеңінде болсын Абайға ләйім ден қоятын...»-деп еске алады.
[7. 4 бет]
Нұрлыбек ұлы Абайдың шығармаларын үнемі өзіне үлгі ретінде қабылданған.Оны «Абай» атты өлеңінде:
Гүл өсіп, өмір заңы түрленгендей,
Түрленіп ақыл, сезім түрге енгендей.
Балдырған бала жігіт-ақын Абай,
Шалықтап жаңа шыққан болды күндей.
Қазаққа келді Онегин, Татьяна,
Оқыған жаттап алып қыз-бозбала...
Әкеліп Лермонтовтың лирикасын,
Сезімін терең ұғып, мағынасын.
Ұлы орыс өрнегімен үлгі тартып,
Қазақтың аралатты сай-саласын.
Абай бар, Абай тірі, ау жамағат!
Ондай жанды «өлді» деу үлкен ағат.
Саналы жас ұрпақпен Абай бірге,
Жасырып жасты көрсем етем тағат.
Немесе «Бейіт басында» деген өлеңінде ақын былай жырлады:
Шын ұлы сен халықтыңөлмейтұғын,
Өмірмен бірге өсіп өрлейтұғын.
Дауылдай тау-тасқыннанкүшті желге,
Сөзіңнің жасыны бар сөнбейтұғын.
Кекті арман сен көксегенхалық мұнға,
Неге ұмытсын өлмейтін халық мұны.
Жырлаған ақиқатты әділдікпен
Марқайып, маңызданар сөздің құны.
-депті [5.6 бет]
Бірінші рет Нұрлыбек Баймұратов Жамбыл Жабаевты 1939 жылы қараша айының 10-12 күндері күндерінде Алматыда өткен халық ақындарының республикалық слетінде көріп еді. Осы шақыртуымен екінші рет келіп тұрған еді.
Бірінші рет осы Алматыда 1939 жылдың 21-22 маусым күндерінде өткен Қазақстан жазушыларының 2 сьезінде көріпті. Сол кезде Нұрлыбек аға 52 болса, ал Жамбыл атамыз 93 жастағы кезі еді.
«-Пау, шіркін! Өзі де Алатаудың алып шындарына қарғып доп түсетін алып арқарларына құлжасындай екен » -деп сүйсінеді қарт Жамбыл оның өнері мен тұлғасына риза болып. [1.№90, 4 бет]
1940 жылы Жамбыл ауылдағы Нұрлыбек Баймұратов пен Жамбыл Жабаевтың кездесуін айнытпай полотноға белгілі қылқалам шебері, дарынды суретші Борис Чекалин түсіріпті.Осы сурет Жамбыл Жабайұлының Ұзынағаштан 12 шақырым жердегі Жамбыл ауылындағы өзінің әйгілі мұражайда болып тұр.
Қазақ халқының алыбы Жамбылды, данышпан Абайды пір тұтқан Нұрлыбек өзінің жырында сол кездегі халықтың ауыр күндерін айтады. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнатылғанда оның істеріне белсене қатынасып, жаңадан құрылған жас мемлекеттің қаз тұрып кетуіне де ақынның қосқан үлесі аз болған жоқ. Оның «Ұлы еңбектің олжасы » деген өлеңінде қазақ революция мен Одақ кезі туралы баяндайтыны бар.
Сонымен бірге 1931 жылдары болған бұрмалаушылық заманында ашық жырлады. ақынның заманы туралы да айтылды.
«Жалғыз ат, жалғыз сиыр болды бәрі.
Шуылдап жылап отыр жас пен қәрі..
Ат қойды бізге бүгін –Қазақстан
Малдыға мал жидық деп болды дұшпан.
«Көп ойлы Кеңесімнің » арқасында,
Аш-арық өлер болдық жоқшылықтан...
Қолдағы жалғыз сиыр
«излишке» боп,
Ойласаң су түбіне енді кеттік...»
-деп жоқшылықты көрген, халықтың ауыр жағдайын айтқан.Ақынның өлендері шың мәнінде халықтық өлеңдер. «Ақын өз халқымен, Отанымен бақытты»-деген сөздің бағасын беруге болады. деп [..174 бет]
Нұрлыбектің поэзиясы, терең идеясы- саяси жағынан өміршең поэзия болды, оның шыңдығы мен күші де осында. Оның өлендері шың мәнінде халықтық өлендері.Ол- халықтың көзі, ескінің сарқыты.
Сонымен қорытындылай келсек, Нұрлыбек Баймұратов ол:
1.Суырып салма өңерінің импривизаторлардың бірі.
2. Абай мен Жамбылды пір тұтқан..
3.Ақынның мұрасы. Ақынның шығармаларын насихаттау.
Ақынның ең алғашқы өлең-жырлары 1924 жылы алғаш рет баспасөздерінде жарияланды.Алғашқы көлемде шығармасы «Қала сұлуы» поэмасы 1925жылы «Таң» журналында жарияланыпты.Бұл шығармасында ол қаланың кейбір жеңіл мінез, көрсеқызар, опасыз, қуыс кеуде, бояма «сұлуларының »жағымсыз бейнелі жат қылықтарын әшекерленген.Ал шығармалар жинағы 1957 жылы кітап болып басылып шықты. Ақынның «Майдан хаты», «Жүрек қуанышы», «Батыр ұлыма», «Аттаныңдар», «Колхоз радиосы» атты жырлары соғысты ерлерге арналған. Оның жырлары алыс көкжиектерге бет алғандарға үзеңгілес жан жолдас.
Оның қайталанбас дарынын астанамыз Алматы ғана емес, бүкіл одақтың сол кездегі орталықтың жан-жүрегі боп танылған Мәскеуде екі мәрте көріп жете танығанын тарихи тұлғалар, зиялылардың еңбегінен, айтқан сөздерінен көреміз. Оның еңбектерімен, шығармаларымен танысқан адам қазақтың ұлы азаматтармен дос-жолдас болып, тығыз байланыста болғанына көз жеткізеді. Ол бүкіл дүниежүзін палуандылықпен аралап танылған қазақтың нар батыры Қажымұқанмен де, Парижде әйгілі әнімен танылған Әміре Қашаубайұлымен, халық артісі Калибек Қуанышпаевпен бірге замандас болған, олармен тығыз байланыста болып, араласқан.
Нұрекеннің 1945 жылы Төлеу Көбдіков ақынмен айтысы Төлеу ақынның «Жырларым» атты кітабына кіріп, 1975 жылы 10 000 дана боп шықты.
Ақын Ұлы Отан соғысының батыр жауынгерлері Т.Тоқтаров және М.Габдуллин туралы алғашында «Қос қыран» атты өлең шығарған.Сонымен бұл тақырыпты зерттей жүріп, Отан сүйгіш ерлердің жауға қарсы ересен ерлік істерін көркем тілмен суреттеп көлемді дастанға шейін көтерген. Дастанда Б.Момышұлы, Б.Жетпісбаев, А.Мұхамедияров, Ж.Ү.Батталов сынды Панфиловшы жаужүрек батырлардың шынайы бейнелерін сомдай білген. Бұл шығармасы Дмитрий Снегиннің аударуында орыс тілінде жарияланыпты.
Нұрекеннің қарағандылық ақын Маясарамен айтысы 1966 жылы Алматы «Жазушы» баспасынан шыққан «Айтыс» кітабының 3 томына кіргізіліпті.
Ақынның «Қазына» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы 1982 жылы Алматыдан аз таралыммен басылып шыққан. Бұл кітапқа ақынның «Ер Төлеген », «Қаңды жорық» дастандары енген. «Қанды жорық» поэмасы 1962 жылы жеке кітап болып басылған. Мұнда азамат соғысы жылдары атаман Анненков бастаған ақ гвардиялардың қазақ ауылдарына жасаған бүліншілігі мен оған қарсы Семей маңындағы бұқара халықтың күресі туралы суреттелді.
//Сарыарқа самалы газетінде №111 20қырқүйегіндегі: «Павел Кузнецов деген –тілші ақынның өлеңдерін қолма-қол аударып, телефонмен «Правда» газетін берді. Сол газетте «Қазақстан миллиарды» деген атты Нұрлыбек Баймұратовтың өлеңі басылып шықты. Астында халық ақыны деген атағы тұрды»-депті.
Бесқарағай өңірінің тумасы, тума талант Нұрлыбек Баймұратов артында өшпестей іс қалдырған жан. «Тау алыстаған сайын биік көрінеді» демекші, жылдар жылжып өткен сайын оның бейнесі, тұлғасы кесектеліп сомдала түсіп, абыройы асқақтап, өрісі өсіп келеді десек, артық айтқандық емес.
Бұдан нар тұлғалы ақынға жерлестерінің көрсетіп келе жатқан құрметті ілтипаты бар. Оның әрбір жырының, шығармаларынан әділдіктің, адамгершіліктің асыл касиеттердің иісі аңқып тұр. Нұрлыбек есімі қашанда ұрпақтарының жүрегінде, оған деген халықтың ыстық ілтипаты еш уақытта суымайды, сууы да мүмкін емес. 2017 жылы ақынның Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жыл толады. Мерекені есте қалдыру мақсатымен Ново-Николаевка есімін өзгертуге Н.Баймұратов ауылы атауы болып отыр.
Сонымен қорытындылай келсек:
Нұрлыбек Баймуратов-Бесқарағай өнерінің атақты ақыны, өз атынан өшпестей із, өнегелі іс қалдырған. Оның әрбір жырының, шығармаларынан әділдіктің, адамгершіліктің асыл қасиеттердің иісі аңқып тұр. Нұрлыбек есімі қашанда ұрпақтарының жүрегінде, оған деген халықтың ілтипаты еш уақытта суымайды, ұмтылуы да мүмкін емес.
Қорытынды
Сондықтан қазақи дәстүр айтыс өнерінің жақтаушысы, насихаттаушысы біртуар өнер иесі Нұрлыбек Баймұратов-Қазақстан Республикасының ұлы мәдениет қайраткері, Бесқарағай өңірінің таланты және оны қазақ мәдениетінің насихаттаушысы, жалғастырушысы ретінде толық зерттеуден өткізу алдағы кезектегі мәселе. Ақынның шығармаларын толық зерттеп, талдап, өткен деректерді интернет сайттары арқылы әлемдік айналысқа беру, тарихи жадымызды жаңғыртып, тарих қорына енуін іске асырсақ деп ойлаймын.Президентіміздің «Мәдени мұра» және биылғы Халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталуының бірден бір себебі білім сапасы мен өскелең ұрпақтың тәрбие мәселесін шетен тыс қалдырмау. Мұнда өзекті мәселе жасөспірімдер бойына сіңірілуге тиісті құндылықтар ретінде патриоттық тәрбие беруді насихаттау көзделген.Сол себептен осы тақырып аясындағы кешенді жұмыстар ары қарай да жалғасын тауып, атқарылады деген үміттемін.
Алдағы басты міндеттеріміз:
1.Мектепте, қосымша факультативтік сабақтарда және қазақ әдебиеті пәнінде оқытылатын негізгі бағдарламада осы аталмыш тақырып ұсынылса және Нұрлыбек Баймұратов туралы деректер жиірек оқытылса екен ойдамын.
2. Жинақталған материалдар бойынша мақалалар, ғылыми болжамдар, дәйектемелер жасап, ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық талқылауға ұсыну.
3. ҰлтымыздыңНұрлыбек Баймұратов сынды тарихта ізі қалар ұлы тұлғаны дәріптеп, келешекте деректі фильм түсірілсе нұр үстіне нұр болар еді.
Нұрлыбек Баймұратовты насихаттап, кітап және баспа беттерінде ақын туралы деректемелер мен шығармалар жиі жарық көрсе,оның жас ұрпаққа үлкен өнеге болатынына кәміл сенемін.Яғни өскелең ұрпаққа рух берген ата-бабаларымыздың өткен өмірі, бай мұрасы ғылыми тұрғыда әлі зеттеле беретініне сенемім мол.
Сөз соңында осы зерттемдік жұмысты ары қарай да жалғастырып, Нұрлыбек ақынның басқа да қазақ мәдениетіне қосқан үлестерін жан-жақты зерттеп, насихаттамақпын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: