НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

География пәнінің мұғалімі, Нурсултанова Нургуль Маратовна, ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, "Георгиевка орта мектебі" КММ-сі

Гидросфера және дүніежүзілік су ресурстары, су айналымы - 10 сынып Нурсултанова Н.М

 

 

География пәнінің мұғалімі Нурсултанова Нургуль Маратовна

ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы

"Георгиевка орта мектебі" КММ-сі

Сабақтың тақырыбы:

ГИДРОСФЕРА ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СУ РЕСУРСТАРЫ, СУ АЙНАЛЫМЫ

Сабақтың жалпы мақсаты:

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалану арқылы әр оқушының қабілетін дамыту, ұйымшылдық қабілетін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Оқушы өзі оқи отырып өзгені оқытуға дағдыланады; тақырып бойынша өз білімдерін пайдалана отырып, гидросферадағы құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, оқушылардың өмірлік тәжірибесі дамиды.                                                                                                    

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру, диалогтық оқытуды дамыту, формативті және суммативті бағалау

Уақыт

Мұғалімнің қызметі

Оқушылардың қызметі

2 минут

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

8 минут

Топтық жұмыс ұйымдастырады:

- Өзен, теңіз, мұздық, ауа райы құбылыстарының суреттерін таратады.

- Топ басшысына бағалау парағы беріледі, сабақтағы критерийлер түсіндіріледі.

ҚОСЫМША 1 - Слайд № 4

Сабақ тақырыбын және мақсатын анықтау үшін жай сұрақтар қояды:

Слайд № 2-3

- Осы суреттерді не біріктіреді?

- Олардың құрамында не бар?

- Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсындар?

- Осы тақырыпты ашу үшін қандай мақсат қою керекпіз?

 

"Ой қозғау" стратегияны қолданып, "Бинго" ойынын өткізеді - сұрақтарды қояды.

 Слайд № 5-6

 

Атаулары бойынша 4 топқа бөлінеді.

 

Топ басшысы әр топ мүшесіне фишка беріп отырады да бағалау парағын толтырады.

 

 

Әр топ өз пікірін айтады.

 

 

Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды.

Сұрақтарға жауап беріп, жауаптарды фишкалармен жауып отырады, қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі. «Бинго!!!» болған кезде қол көтереді.

 15 минут

 

 

 

3 минут

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

Әр оқушы 2-3 минуттан

Сабақтың мағынасын анықтау үшін "Зигзаг" ойынын ұйымдастырады - кластер құрастыруды ұсынады:        Слайд № 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

А. Оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады. Жеке тапсырма орындайды.

Б. Белсенді әрекетке жұмылдырылады, ойлау жұмысына ынталанады. Басқа топ ішінде пікір алмасады.

 

В. Оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білімдерін топ мүшелеріне жеткізеді.

 

3 минут

Сергіту сәтін өткізеді - доп лақтырып, сұрақ қояды:

Слайд № 8

1) Атмосфера - ауа қабаты,

Ал гидросфера - ................;

2) Дрейк - бұғаз,

Ал Бенгал - .......................;

3) Балқаш - көл,

Ал Ертіс - ..........................;

4) Байкал - ең терең,

Ал Каспий - ........................;

5) Ең үлкен - Тынық мұхит,

Ең кіші - .................................;

6) Марқакөл - Евразияда,

Титикака - ...........................;

7) Гудзон - шығанақ,

Гибралтар - .........................;

8) Африкада - Конго,

Оңтүстік Америкада - ................. .

Доп ұстаған оқушы сұраққа жауап беріп, допты қайтарады.

 

5 минут

"Ой толғаныс" - PISA тапсырманы шешуді ұсынады:  Слайд № 9 (ҚОСЫМША 2)

Ауыз суы туралы мәтін беріледі де 2 ашық сұрақ, 1 жабық сұрақ, келісемін/келіспеймін сұрағы беріледі.

Қорытынды сұрақ беріледі.

 

Топтар сұрақтарға жауап береді. 

Анализ - өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

синтез - топта бір-бірімен ой бөліседі.

5 минут

Қорытындылайды - суммативті бағалау үшін

Слайд № 10-11

 - тест сұрақтары әр оқушының алдыңа береді.

- критерийлер ұсынылады:

10 дұрыс жауап - "5"

8-9 дұрыс жауап - "4"

7 дұрыс жауап - "3"

Уақыттан тыс болған оқушыларға «Ең ерекше» атты кесте толтыру ұсынады.

 

 

 

Тест сұрақтарына жауап береді.

 

Өзін-өзі бағалайды.

 

Кесте толтырады.

3 минут

Формативті бағалауды ұсынады

Слайд № 4

Топ басшылары бағалау парағын толтырады.

2 минут

Рефлексия өткізеді -

Слайд № 12-13

"Бағдаршам" әдісін қолданып, кеме суретін ұсынады: "Бүгінгі сабақта мен сендерге білім кемесін сыйлағым келеді! Бірақ, кеменің желкені түссіз болып тұр. Бәрі түсінікті болса - жасыл түсті, әлі де сұрақтарын болса - сары түсті, түсініксіз болса - қызыл түсті стикерлерге пікірлерін жазып, кеме желкенің бояйық."

Сары, жасыл, қызыл стикерлерді таңдап пікірлерін жазады.

 

Қосымша 1. ПРЕЗЕНТАЦИЯ  СКАЧАТЬ

Қосымша 2. PISA тапсырмасы. 10-сынып.  СКАЧАТЬ

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину