You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!
Каирбекова Кульбаршын Зиеевна, жоғары санатты, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Павлодар қаласы МҚКК №2с/б, жұмыс өтілі - 28 жыл
Ата-аналар және балалар арасында ұйымдастырылған интеллектуалды шоу:"Ойнайықта, ойлайық!"
Мақсаты: Бағдарлама бойынша берілген тақырыптады қайталау, бекіту. Ауызекі сөйлеу және жай сөйлем құрастыру білу дағдысын қалыптастыру,қойылған қарапайым сұрақтарға толық жауап бере алу.
Міндеттері:
1.Білетін сөздікті орынды қолдану және сөз ішіндегі қазақ тіліне тән дыбыстарды ажырата білуін, яғни фонетикалық естуін жетілдіру.
2.Балалардың ақыл-ойын,тілдік қорын ,көру, зейінің,логикалық қабілеттерін және бала саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту;
3.Ата-аналар және балалардың Мемлекттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, балалар арасында достық сезімін тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер:Қайталау, достық шеңбері, бой сергіту, стандарттан тыс В. Воскобович және М. Монтессори әдістемесінің элементтері бойынша әзірленген ойындар қолдану.
Көрнекіліктер: В.Воскобович «тақтайшалары», М. Монтессори «қысқыщтары», «Аллейка-неболейка» кілемшелері
Балалар және ата-аналар екі топқа бөлінеді:
1. «Отандастар» балалар тобы
2. «Атамекен» ата-аналар тобы
Екі топтың сәлемдесуі:
«Отандастар» Армысың ашық аспан!
Армысың алтын күн!
Армысың ата-аналар!
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос!
Рисунок 1.Достық шеңбері
«Атамекен»: Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
№1.Тапсырма:Блиц-турнир сұрақтары (Миға шабу):
«Отандастар»тобына қойылатын сұрақтар:
1.Біздін Отан.... Біздің Отан Қазақстан
2.Біздің Елбасы.... Біздің Елбасы Н.Ә. Назарбаев
3.Әнұранның авторы... Н.Назарбаев,Әлімбаев
4.Елтаңбаның авторы.... Малибеков, Уалиханов
5.Тудың түсі қандай? .... Тудың түсі көгілдір
6. Тудың авторы кім?.... Тудың авторы Ш.Ниязбеков
7.Бас қала қалай аталады?... Бас қала Астана
8.Ту, елтаңба, әнұран....мемлекеттік рәміздер
9. «Менің елім,менің жерім...» қай әннің жолдары?...Әнұранның
10.Біздің қала қалай аталады?....... Біздің қала Павлодар
«Атамекен»тобына қойылатын сұрақтар:
1.Қазір қай мезгіл?... Қазір күз мезгілі
2.Бүгін қай күн?....Бүгін сәрсенбі күні
3.Ертең қай күн?...Ертен бейсенбі күні
4. Әнұранның авторы кім?... Әнұранның авторы Н. Назарбаев
5.Күзде қайда барасыңдар?... кұзде мектепке барамыз
6.Сен неше жастасың?... Мен алты жастамын
7. Сен қайда тұрасың?...Мен Павлодарда тұрамын
8.Әкеңнің аты кім?...Әкемнің аты Сергей Анатольевич
9.Сенің атың кім?...Менің атым Максим
10.Дима қалың қалай?...Рахмет, қалым жақсы
№2 тапсырма:Үстөл үстінде ойнайтын ойындар арқылы екі топ тапсырманы орындайды
«Отандастар»: М.Монтессори «қысқыштары» арқылы «Суретпен тиісті әріпті байланыстыр»
рисунок 2 М.Монтессори «қысқыштары»
«Атамекен»: В. Воскобович « тақтайшасында» қазақ тіліне тән «Қ», «Ғ» әріптерді құрастыр
рисунок3 В. Воскобович « тақтайшасында»
Бой сергіту: Екі топпен «Теңге алу» ойының ойнату
III. Ауызша ойын/тапсырма
«Артық сөзді тап» екі топ кезекпен жауабын береді
IV. «Аллейка-неболейка» кілемшелері.
рисунок4
Ойын/тапсырма: «Сөз ойла, тез ойла!»
Ойынның шарты:Осы кілемшелермен әр қадам басқан сайын берілген дыбысқа сөздерді ата:1 топ-«Ә» дыбысы-Әке, әже, әпке, әтеш, әнұран,әткеншек.
2топ-«Ү» дыбысы: үй, үйрек, үш, түлкі, үй жануарлары.
2топ-«Ү» дыбысы: үй, үйрек, үш, түлкі, үй жануарлары.
Залда әділқазы мүшелері жұмыс жасайды.
Список используемой литературы: 1.«Учимся по методике М.Монтессори". Для детей 5-6лет.
2.Развивающие игры. В. Воскобович в работе с детьми. (Сборник материалов по итогам конференцииг. Хабаровск. Опыт работы педагогов Казахстана, России, Беларуси.