НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Ыбыраева Құралай Дүйсенбекқызы, учитель казахского языка и литературы, КГУ "Комплекс Степновская основная школа-детский сад", Республика Казахстан, ВКО, Глубоковский район, с. Степное

 

Урок на казахском языке, знакомит с приметами зимы. Ведётся интересный диалог учителя и ученика.

Урок казахского языка на тему "Қыс"

Урок казахского языка на тему "Қыс"

Сабақтың тақырыбы: Қыс

Сабақтың білімдік мақсаты: Модуль бойынша өткен әр түрлі тапсырмалар арқылы грамматикалық ережелерді пысықтау.

Дамытушылық мақсаты: «Қыс» тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, меңгерту, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: жылдың әр мезгілі өзінің әсемдігі, қажеттілігі бар екенің таныту.

Сабақтың түрі: Интерактивті.

Көрнекілігі:

  1. Интерактивті тақта. 
  2. Электронды оқулық.
  3. Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер, анимациялар, музыка.

Сабақтың өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықтарын ояту

  • Сәлеметсіндер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме  қуаныштымын. Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?
  1. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қыс»

Сабағымыздың мақсаты: Қыс тақырыбын жалғастырып, алдыңғы сабақта алған білімдерімізді жинақтау.  

 

Мен бүгінгі сабағымды Абай Құнанбаевтің «Қыс» өлеңімен бастағым келіп тұрмын.

 «Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы,

Бет қарауга шыдамай, теріс айналды.

                        Абай Құнанбаев  

Тыңдаймыз. Бұл өлеңмен балалар алдағы сабақтарда жақынырақ танысып, жатқа білетін боламыз.

  1. Жан-жақты тексеру
  1. Қазір қай жыл мезгілі?
  2. Қыс айларын атаңдар.
  3. Қыста күндер қандай болады?
  4. Қыста адамдар қалай киінеді?
  5. Қыста қандай мереке болады?

Жаңа жыл мерекесінде.

Балалар бүгін біздің сабаққа Аяз атамен Ақша қар келе жатыр екен.

Музыка.

  1. Олар келгенше біз шыршаны безеңдіріп қояйық. Әр ойыншықтың өз тапсырмасы бар. Біз ойланып, бірге орындайық.
  1. Мәтінді тыңда.
  2. Мәтінді оқып, түсін.
  3. Мәтінге ауызша сұрақтар құрастырыңдар.
  4. Бір-біріне сұрақтар қойындар 4 мин.
  5. Зат есімнің тірек сызбасын толтырыңдар.
  6. Берілген зат есімге сипаттама беріңдер.
  7. Зат есімдер: қар, балалар, шаңғы.

Балалар интерактивті тақтада шыршамызды безеңдірдік.

Қандай тамаша біздің шыршамыз.

Сергіту сәті. Ойын «Кім көп біледі?»

Күнделікті сөздер.

  1. Қараңдаршы, балалар, бізге аққалалар да қонаққа келіп қалыпты.

Олар шыршаны айналып, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алғысы келеді екен.

Олар да сендерге өз тапсырмаларын алып келіпті.

Тақтада деңгейлік тапсырмалар.

Кім бірінші таңдайды?

  1. Сын есімнің тірек-сызбасын толтырыңдар. 3 мин.
  2. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
  3. Әліпби дегеніміз не?

Дыбыс дегеніміз не?

       Әріп дегеніміз не?                  

  1. Антоним дегеніміз не?
  2. Дауысты дыбыс дегеніміз не?
  3. Берілген сын есімдерге сипаттама беріңдер.
  4. Омоним дегеніміз не?

Мысал келтіріңдер.

Оқушылар тақтаға шығып, немесе орындарынан сұрақтарға жауап береді.

  1. Қорытынды. Сұрақ-жауап

Сабақ соңында Аяз ата мен Ақша қар келеді.

VII. Үй жұмысы: Оқушылар өз деңгейлеріне қарай шағын шығарма жазып келеді.

 

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину