НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Бейсенгазинов Ерасыл Кайратович, 1 "а" класс, КГУ" Средняя школа имени Н.Баймуратова", село Карагайлы, Бескарагайский район, ВКО, Республика Казахстан

 

 

 

Научный руководитель: Исина Жанар Шайзатовна, учитель начальных классов, КГУ" Средняя школа имени Н.Баймуратова", село Карагайлы, Бескарагайский район, ВКО, Республика Казахстан

 

 

Проект "Шоколад қалай әзірленеді?"

Проект "Шоколад қалай әзірленеді?" Бейсенгазинов Ерасыл Кайратович

Аннотация

Осы ғылыми жобада шоколадтың шығу тарихы,құрамы,зияны мен пайдасы туралы деректер жинастырылған. Шоколадтың адам ағзасына қалай әсер ететіні жөнінде мәселелер қарастырылған.

В этой научной работе описали шоколад, о его происхождений,о составе шоколада, его полезных свойтсвах и о вреде. В работе были рассмотрены влияние шоколада на организм человека.

  1. Ғылыми жобаның мақсаты:

Шоколадтың шығу тарихын білу.

Міндеттері:

  • Шоколадтың шығу тарихын анықтау.
  • Оның жасалу жолы мен құрамын білу.
  • Шоколадтың пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинау.
  • Шоколад туралы қызықты мәліметтермен танысу.
  • Үй жағдайында шоколад жасау.
  1. Зерттеу гипотезасы :

Зерттеу гипотезасы ретінде щоколадты алып,оның пайдасы мен зиянына көз жеткізу, үй жағдайында шоколадты дайындауды үйрену.

     3.Зерттеу кезеңдері :

  • Ғылыми әдебиеттерге,баспасөзге шолу жасау.
  • Интернет мәліметтерімен танысу,іріктеу.
  • Үй жағдайында шоколад жасауды үйрену.
  • Зерттеу жұмысын жинақтау,қорытындылау.

4.Эксперимент әдістемесі :

  • Шоколад жөнінде баяндалып жазылған баспасөз,

интернет ақпараттарымен танысу.

  • Шоколадтың адам өміріне пайдасы мен зиянын білу.

5.Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтиже :

  • Шоколадтың құрамы туралы жан-жақты сипаттама берілді.
  • Шоколадтың пайдасы мен зияны көрсетілді.
  • Үй жағдайында жасалған шоколад таза,дәмді болатыны дәлелденген.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы :

Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру,сәйкестендіру,тұжырымдау,анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім.

Шоколадтың зиянын біле отырып,аурулардың алдын алуға болады.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні :

Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау арқылы жан-жақты зерттеу және шоколадтың пайдасы мен зияны дәлелдеу жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

Жұмыс барысында қолдан жасалған шоколад көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап, пайдалану мүмкіндігі, яғни қолжетімділігі жұмыстың практикалық мәні болып табылады.

 

Кіріспе

Балалардың сүйсініп жейтін тәттілердің тәттісі – шоколадты қайдан, қалай келгенін, оның пайдасын, зиянын білгім келіп, оны зерттеуді мақсат еттім.

Тарихы

Адамзат баласы шоколад дәмін алғаш татқалы бері осымен екі мың жылдан астам уақыт өтті.Шоколадпен таныстық қазіргі Мексика аумағында басталған. Ежелгі майя үндістерінің ата-бабасы какао дәндерінің ұнтағын шарап немесе сумен араластырған.Сусынды патшаларға,қадірлі азаматтар мен жоғары дәрежелі дін қызметкерлеріне беріп,құрмет танытатын. Ал қарапайым адамдар бұл тәттінің дәмін де татпады.Оны нақты кім ойлап тапқаны белгісіз. Тек ең алғашқы шоколадты тұрмыста Оңтүстік және Орталық Американың үндістері пайдаланғаны туралы жазбаларда кездеседі.Олар какао-бобты қуырып, үгітіп сумен араластырған, соңынан оған чили бұрышын қосатын болған.

XIX ғасырға дейін шоколад өте қымбат десерт болып есептелген. Себебі, оны жасауға қажетті заттар өте қымбат еді.

Шоколадтың көп бөлігін, әрине какао-боб алып жатыр. Бірақ, оның өз дәмі жағымсыздау болғандықтан фабрикаларда олар арнайы өңдеуден өтеді. Какао-бобтың мөлшері мен қолданылу әдісіне қарай шоколадтар түрге бөлінеді.

Сонымен қатар, шоколадқа шекер, тәтті дәмдеуіштер, иістендіргіштер және әртүрлі компоненттер (вафли, жаңғақ, мейіз, т.б.) қосылады.

Жалпы, шоколад ащы, сүтті және табиғи ақ болып бөлінеді.

Ащы шоколадта үгітілген какао-боб, шекер үгіндісі және какао-май бар. Какао-бобтың мөлшері қаншалықты көп болса, соншалықты ол ащы әрі пайдалы болады.

Сүтті шоколадқа ащыға қосқанның барлығын және оған ерекше дәм беріп тұратын құрғақ сүтті қосады.

Ақ шоколадтың құрамында какао-боб болмайды. Оның құрамы какао-май, шекер және құрғақ сүттен тұрады.

Шоколадтың қысқаша жасалу тарихы осындай!

 

 

 

Шоколадты әзірлеу

Шоколад әзірлеу – машахаты көп жұмыс. Түсі мен дәмі жағынан керекті өнімді алу үшін бір-бірімен байланысқан көптеген технологиялық операциялар орындалады. Ең бастысы- шоколадты әзірлеу барысында бір ғана компанент мөлшерден артық,не кем болмауы тиіс. Одан қалды қыздыру кезінде де от қызуы шамадан асып кетсе,тәттінің құрамы айтарлықтай өзгеріске ұшырайды.Ал какао дәндері тәтті тағамның басты шикізаты.Олар мұнда Африкадан тікелей жеткізілген.Технолог маман шикізаттың мөлшерін есептейді. Дәл осы жерден бастап какао дәндері өздерінің технологиялық саяхатын бастайды.Сұрыптаудың арқасында какао дәндері артық шаң тозаңнан,түрлі қоқыстан тазартылады.

Келесі кезең – кептіру сатысы.

Әрі қарай какао дәндері ұнтақтау машинасына жөнелтіледі.Ол 5 бөлу кезеңінен тұрады. Әрі қарай ең маңызды кезең-шоколад құрамына түрлі дәмдеуіштер қосылады.Мұнымен қоса сол сәтте шоколаттың кристалдану кезеңі жүріп жатады.Ол өнімнің ұзақ мерзімге шыдауына,сондай-ақ оның жылдам еріп кетпеуіне,сынып қалмауына жауап береді.Егер суыту процесі дұрыс орындалса,тоңазытқыштан шыққан шоколад қалыбынан оп-оңай ажыратылады.Осыдан кейін олар арнайы қағаздарға оралады.

Пайдасы.

Америка Құрама Штатындағы Гарвард Университетінің зертттеушілері 8000 ер адамға тәжірибе жасап, оларды шоколад жеушілер қатарында екенін атап, олар шоколад жемеушілерге қарағанда жылына үш ай артық өмір сүретінін анықтайды.Какаоның құрамындаңы анти оксидтер полипенол деп аталады. Антиоксидтер бізге белгілі болатындай рак ауруларына қарама қарсы қорғану үшін қолданады. Қышқылды валерина жанға жұмсақтық береді. Қант стрессті төмендетеді және қанттың ауруды жеңілдететін әсері кішкентай балаларға қолдану кезіндегі зеттеуде табылған. Себебі тәтті дәмдер наша сияқты әрекет етеді. Осы сияқты ғылыми негіздер бар.

Шоколад иісі долдану әрекеттерін жояды, өзімізді жақсы сезінуге себепші болады. Дегенмен көптеген жасөспірімдерге шоколадтың әсерінен безеу-бөртпелер пайда болады деген пікірлер бар, бірақ бұл ғылыми нақты дәлел емес. Бұған Миссури университетінің ғалымдары былай дейді шоколад жеп тұрған сәттерде оның кейбір бөліктері үстімізге түсіп дақ қалатын сәттер болады сол дақтарды дене екі апта ұстағанда денеде ештеңе болмағандығын айтады.Шоколадтың құрамында төменгі деңгейде глисемик индикс glycaemig index бар, яғни бұл ұзақ уақыттық энергияны береді. Мысалы үшін бір бөлік шоколадта 70 грамм кездеседі, яғни бұл дегеніміз ұзақ уақыт өмір сүруіңізге себепші. Сонымен қатар шоколад хромның негізгі көзі болып табылады. 50 грамм шоколад құрамында 1.2 мгр темір,45 мгр магниумбар. Сүтті шоколад кальциийдің негізгі көзі. 50 гр шоколад 110 гр құраммен толтырылады, дегенменде бізге күніне жеті бөлік шоколад жеу керек. Өйткені оның құрамы минералдарға бай.

Кейін шоколадпен ауру-сырқаудың бәрін емдейтін болды.Ал сарай ханымдары біраз уақытқа дейін оны беттеріне жағып,әдемілік үшін пайдаланды. Алайда уақыт өте келе,Еуропа халқы бұдан гөрі шоколадты жеудің пайдасы мол екенін түсінді. Жуырда еуропалықтар шоколадтың 500 жылдығын атап өтті.Шоколад жайлы пікірдің өзгергені соншалық,дәрігерлер науқастарға аз мөлшерде шоколад жеудің денсаулық үшін өте пайдалы екенін айтып жүр.Тіс дәрігерлерінің «шоколад тіс жегісіне әкеп соғады» деген пікірі де жаңсақ болып шықты.Зерттеулердің нәтижесіндекакао майының құрамында антисептиктік әсерге ие заттардың бар екені дәлелденді.Олар эмаль қабатын бүлдіретін бактерияларды өлтіреді.Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді.Сол себебті,бұл тәттіні жегенде көңіл күйіміз көтеріледі.Зерттеулердің қорытындысына сүйенсек,америкалық аурулардың18%-ы күйзелістен шоколадтың көмегімен арылады екен.

Зияны.

Шоколадтың пайдалы қасиеттерімен қатар,зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн.Біріншіден,ол өте құнарлы.Шоколадтың азықтық құнарлығы сары майдың нәрлілігіне бара-бар.Шоколадты жеу бет терісіне де әсер етеді. Басқа майлы тәттілер секілді,ол да май бездерінің қызметін күшейтеді. Ал егер күніне 250 граммнан жесеңіз, оның зияны көп болмақ .

Сонымен қатар шоколад цитрус жемістері,жаңғақ пен балық секілді аллергия тудыруы мүмкін.Сондықтан дәрігерлер алты жасқа толмаған балаларға шоколад беруге тыйым салады.

Қызықты деректер.

Әлемдегі ең үлкен шоколадтың салмағы 6 тоннаны құраған.Британдық«Thorntons» компаниясы өзінің ғасырлық мерейтойына осындай алып шоколад пісірген екен.

 Шоколад туралы көптеген шығармалар жазылып, бірнеше кинофильмдер түсірілген.
Бір қызығы, жүрек пен жалпы бұлшық етке пайдалы өнім ащы шоколад екен. Детройттағы Уэйн Университетінде жасалған зерттеулер ащы шоколадтың құрамында болатын эпикатехин бұлшық ет жасушаларындағы митохондрийдің өсуіне әсер ететінін дәлелдеген. Аквиль университетінің ғалымдары да зерттеу жасап, қатысушыларға 15 күн бойы жүз грамм беріп отырған және қан қысымын өлшеген. Тәжірибе кезінде адамдардың қан қысымы тұрақтанып, қан айналымы жақсарған. Демек, ащы шоколадты орынды орташа тұтыну жүрек аурулары мен артеросклероздың алдын алу шарасы ретінде пайдалануға болады.

Қорытынды:

Қорытындылай келе шоколад жегенде оның пайдасы мен зиянын біле жүреңіздер.

Құрамы: сонымен бірге,бір кесек шоколадтың құрамында калий,кальций,минералды заттар мен дәрумендер бар.Шоколад сыртының "сұрлануы" және қатты құрғақ болуы оның тағамға жарамсыздығын көрсетеді.Шоколадтың түрлеріне

«Баян Сұлу Premium» (1) шоколады құрамында: қант, езілген какао, какао май, фундук жаңғағы, эмульгатор - соя лецитині, ванильдің табиғи сығындысы, «Фундук» хошиістендіргіші. Какао-өнімдердің жалпы құрамы - 35,4%. Өнім құрамында сүт өнімдерінің ізі болуы мүмкін.

Құрамы: қант, өсімдік майы, құрғақ сүт, жержаңғақ, какао майының алмастырғышы (тазартылған, иіссіздендірілген өсімдік майлары; күнбағыс майы, пальма майы), және химиялық қоспалары өте көп шоколады «Ameli» кәмпиттері болып табылады.(2)«Мексикано» (3) кәмпиттері глазурьленбеген желелі кәмпиттер. Түсі мен хош иісі әртүрлі болатын төрт сұрыптан кем болмайтын жинақ түрінде шығарылады. Екі қабаттан: түрлі-түсті және ақ түсті қабаттан құралған.Құрамында қант, сірне, ылғалды ұстайтын агенттер: сорбитол, глицерин, желелегіш агент – пектин, эмульгациялаушы тұз – натрий лактаты, қышқылдықты реттегіш – лимон қышқылы, глазурлегіш, хош иістендіргіштер: «Манго». «Вишня», «Ананас», «Лайм», «Сливки кокосовые», «Грейпфрут», «Медовая дыня», «Мята перечная», «Ром», бояғыштар: құрамында балалардың белсенділігі мен зейініне кері әсерін тигізуі мүмкін бояғыштар бар.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину