You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!
Сәбитқызы Әсем, Арыстанбек Ләйлә Қуанышқызы, Малтабар Айбек Алмасбекұлы – 7 сынып, «Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі», Қазақстан, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылы
Жиембаева Гулмира Искендировна, «Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі», Қазақстан, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм ауылы
Презентация "Метеориттер және олардың қасиеттері" (ғылыми жоба)
Метеорит деген не?
Метеорит – планетааралық кеңістіктен жерге келіп түсетін метеорлық денелердің қалдықтары.
Метеориттер темір, тас-темір және тас метеорит болып негізгі үш түрге бөлінеді. Олардың ерекше белгілері: қырлары мүжілген, сыртында жұқа қабығы және өзіне тән шұңқырлары болады. Сындырып қарағанда метеориттің ішкі жағы күлгін қоңыр түстес келеді, қара немесе ақ түстер сирек кездеседі. Әдетте ақ түсті никельді темір және сары түсті троилит минералы аралас метеорит жиі кездеседі. Тас-темір метеоритінде никельді темір басымырақ болады. Метеориттің мөлшері бірнеше милиметрден бірнеше метрге дейін, ал салмағы граммның бірнеше үлесінен ондаған тоннаға дейін жетеді.
Сынбай түскен метеориттің ішіндегі ең ірісі – Оңтүстік-Батыс Африкада Кейп-Йорк деп аталатын темір метеорит (салмағы 34 тонна). Метеориялық денелердің бөлшектенуі нәтижесінде ондаған, жүздеген тіпті мыңдаған метеориттен тұратын метеорит топтары бір мезгілде жерге түседі. Бұл құбылыс метеорит жауыны деп аталады.
1947 ж. Ресейдің Приморье өлкесінде салмағы 70 тонналықлық Сихотэ-Алинь темір метеорит жауыны жауған. Жыл сайын жерге мыңдаған метеорит түсіп тұрады, оның көпшілігі теңіздер мен мұхиттарға түсіп, белгісіз болып қалады. Метеориттің ақырғы массасы мен жылдамдығына, сонымен қатар метеорит түсетін топырақтың құрылымына байланысты метеорит топыраққа 3 – 5 м тереңдікке еніп, сонда қалып қояды. Метеориттің беткі қабығы 103 – 104 К-ге дейін қызып үздіксіз булану әсерінен өлшемі кеми түседі. Жылдамдығы үлкен метеориттер атмосферада түгелдей дерлік жойылып кетеді. Ауаның әсерінен атмосфера қабатында метеориялық дене тежеледі. Оның кинетикалық энергиясы жылуға және жарыққа айналады.
Метеорит жерге түскенде жарқыл пайда болып, қатты сартылдаған дыбыс естіліп, механикалық құбылыстар байқалады. Метеоритте көп кездесетін элементтер: алюминий, темір, кальций, оттек, кремний, магний, никель, күкірт. Сонымен қатар метеоритте бірқатар белгісіз немесе жер бетінде өте сирек кездесетін минералдар бар.
Подробнее... Презентация "Метеориттер және олардың қасиеттері" (ғылыми жоба)