НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

ШҚО Көкпекті ауданы, Амангелді орта мектебі, Физика пәнінің мұғалімі, Сагатова Рымкан Макишевна

 

 

 

 

Физика пәні бойынша оқушылардың ғылыми –ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру

Физика пәні бойынша оқушылардың ғылыми –ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру

Қазіргі заман талабына сай білімді ,  озық ойлы , құзыретті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру  әрбір ұстаздың алдындағы жауапты іс. Осы бағытта жұмыс жүргізудің бірі  оқушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстары. Ғылыми зерттеу жұмыстары оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына,  зеректілікке, ізденімпаздыққа , өз ойын еркін әрі ашық жеткізе білуге , шешендік қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада өзін емін- еркін , сенімді ұстауға  даярланады. «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін,  тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын.»-деген екен Альберт Эйнштейн. Сондықтан  мектепте оқушылардың зерттеу жұмыстарына тек бағыт-бағдар беру арқылы қадағалау маңызды болмақ.

Оқушылардың ғылыми жұмысын ұйымдастыру үшін алдымен мектеп бойынша оқушыларының арасында пәнге деген қызығушылын анықтайтын сауалнамалар  алып ,оқушының танымдық  қабілетін және пәнге деген қызығушылығын анықтау керек. Сауалнама қорытындысына қарай оқушыларды жаратылыстану  және қоғамдық –гуманитарлық бағыттарға бөлу керек.Бағыты айқындалған оқушыларға ең бірінші қызығушылығын анықтау мақсатында қызықты тақырыптарда  шағын рефераттар жазуға уйрету керек. Мысалы : физикадан «Қара құрдым»,          « Бермуд ұштағаны» , « Магниттің құпиясы»  т.б .  Реферат жазған кезде мәліметтерді қайдан , қалай іздеу керектігін түсіндіру және пайдаланған әдебиеттер жинақтағанда оның калай жазылу әдісіне тоқталу маңызды болып табылады.  Реферат жазып машықтанған оқушыны ғылыми-ізденіс жұмыстарына бағыттауға болады. Шығармашылықпен айналысу үшін оқушыға қарапайым   құрылғыларды жасауға арналған нұсқаулар беру өз жемісін беретін тиімді әдіс болып табылады. Алғашқыда  қарапайым жұмыстар ,мысалы: тапталмаған және тапталған қардың қалыңдығын сызғышпен өлшетіп, олардың бетін арнайы қораппен жауып қойып, апта сайын олардың қалыңдығын өлшеп отыруын қадағалау керек. Бұл жұмыстың нәтижесінде қай жердің қары жылдам еритінін анықтау.Нәтижесінде оқушы сараптап, анализ жасай білуге үйренеді. Басқаша садақ ату мен диск лақтыруда қалай жақсы көрсеткішке жетуге болатын  көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы арқылы түсіндіруге болады.Мұнда қолдың күші ғана емес физиканың заңдылықтарында білуге тура келеді.Тек ұшу алыстығы  көкжиекке 45 0С  бұрыш жасай лақтырылғанда ғана жетуге болады. Осылайша теориялық материалдарды практикамен, өмірмен ұштастыра білу керек.Бұл кезде ғылыми –ізденіс жұмысын жүргізу үшін , аймақтық компонентті байланыстыра отырып, оның өзектілігін ажыратып алу маңызды болып табылады.  Ғылыми зерттеу жұмысына тақырып таңдап  алғанда ең алдымен :

  • Оқушының  жас ерекшелігін ескеру керек
  • Қосымша сабақтар жүргізу (танымдық тапсырмалар беру);
  • Теориялық білімін жетілдіру (тақырып бойынша тірек сызбаларын дайындау);
  • интеллектуалдық   ерекшеліктерін  дамыту
  • Тақырыптың өзектілігін айқындау;
  • Нақты мақсат қою;
  • Ғылыми болжай білу;
  • Жүргізілген жұмыстарына салыстыра отырып, қорытынды жасай білу
  • Күтілетін нәтижені сараптай білу

Осындай жұмыстардың нәтижесінде жақсы ғылыми-зерттеу, ізденіс жұмыстарын жүргізіп аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуға болады.Грек  елінің ойшылы Сократ  «Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» -деген екен. Бізде  оқушыға тиісті  педагогикалық әдіс-тәсілді қолдана отырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасауымыз керек.

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину