НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Кенжебаева Маржан Ахматқызы, учитель физики, КГУ "Новобухтарминская средняя школа №1", Республика Казахстан, ВКО, Зыряновский район, с. Новобухтарма

«Физикалық кеш» сайыс сабағы

«Физикалық кеш» сайыс сабағы

Мұғалім:
 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңыз да Физикалық кешке хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді 7-10 сыныптар арасында өткізгелі отырмыз, және құрама топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық.

Кешіміздің мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін дағдылдандыру. Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.

Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.

9- сыныптан құралған «Күш», 8- сыныптан құралған «Заряд», 7- сыныптан құралған «Атом» топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.

Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.

І. Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)

ІІ. Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

ІІІ. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)

ІV. Физика қиын, ашиды миың. (формулалар сайысы)

V. Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын аш)

VI. Пантомимо.(Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет..)

Мұғалім:

Армысыздар құрметті төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көресіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру

Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.

Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – демекші

І кезеңімізді бастайық. Сәлемдесу.

Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.

1. «Күш» тобының таныстыруы: 

2. «Заряд» тобының таныстыруы:

3. «Атом» тобының таныстыруы:

 

 

ІІ кезең жорға кезеңі.

 «Күш» тобынан бастайық. Топ мүшелерін ортаға шақырамыз

10 сұраққа жауап беруге дайынбыз ба?

  1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі – (кристалдану, қатаю)
  2. Тұтас алғанда атом заряды? – (бейтарап)
  3. Тоқ күшін өлшейтін құрал – (ампермерт)
  4. Қуатты өлшем бірлігі – (Ватт)
  5. Жылдамдықтың өлшем бірлігі– (м/с)
  6. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с)
  7. Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді – (λ)
  8. Ньютонның ІІ заңы (F=ma)?
  9. Энергия неше түрі бар. Атап бер? (Кинетикалық және потенциалдық)
  10. Қысымның өлшем бірлігі (1 Паскаль)

«Заряд» тобына сұрақтар:

  1. Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі – (булану)
  2. Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)
  3. Жылу мөлшерін қандай әріппен белгілейміз – (Q)
  4. Жылу берілудің неше түрі бар, атап бер– (3 түрі бар.)
  5. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)
  6. 1 К неше тең – (273)
  7. Қызыл планетаға қай планета жатады – (Марс)
  8. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі – (Дж)
  9. Ньютонның І-заңы не деп аталады – (Инерция)
  10. Температураны өлшейтін құрал – (термометр)


«Атомдар» тобына сұрақтар:

  1. «Физюс»деген қандай мағына береді – (табиғат)
  2. Шамалар нешеге бөлінеді – (Скаляр және векторлық)
  3. Жылдамдықтың формуласы – ()
  4. Траектория дегеніміз не? – (заттың артында қалған із)
  5. Тығыздықтың өлшем бірлігі – (кг/м3)
  6.  Қандай физикалық құбылыстарды білесің? – (жел, жаңбыр, қар....)
  7.  Үш агрегаттық күйді ата? – (газ, сұйық, қатты)
  8. Массаны өлшейтін құрал  – (таразы)
  9. 36 км/сағ қанша м/с бар? – (10)
  10.  Орын ауыстыруды қандай әріппен белгілейміз? (S)

 

ІІІ – кезең. Бұл фокус емес, бұл физика деп аталады.

Тәжірибе - физика ілімінің атасы” деп Г.Галилей айтып өткендей топтар өздері үйден дайындап келген тәжірибелерімен алмасады. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.

«Күштер»

«Зарядтар»

«Атомдар»


 

ІV – кезең. «Физика қиын, ашиды миың» (формулалар сайысы)

 

V – кезең. Капитандар сайысы.

 

3 – капитанға 3 әннің мәтіні беріледі.

1- тапсырма. Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту.

2- тапсырма. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.

1. Желсіз түнде жарық ай…(Жарықтың шағылу құбылысы)

2. Тыныш еді өмірім…(Инерция заңы)

3. Жұлдызды түнде шаттанамын…(Жұлдыздардың ашық күндері жарқырауы физикалық құбылыс)


 

VІ – кезең. Пантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас топ оның қандай құбылыс екенін көрсетеді.

1. Зарядтардың бірін – бірі тарту және тебу құбылыстары.

2. Деформация

3. Диффузия құбылысы

4. Өткізгіштерді қосу

5. Үйкеліс күші

6. Денелердің тартылысы

 

Сайыс өз мәресіне жетті.

Сөз кезегі әділ қазыларда. . .

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину