НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Муратбекова Гулнур, 7 "в" класс,  КГУ "Основная средняя школа № 14" акимата города Усть-Каменогорска, город Усть-Каменогорск, Восточно-Казахстанская область, Казахстан

 

 

Научный руководитель - Жумадилова Асем Закарьяновна, учитель физкультуры, КГУ "Основная средняя школа № 14" акимата города Усть-Каменогорска, город Усть-Каменогорск, Восточно-Казахстанская область, Казахстан

 

Доклад Тоғызқұмалақ – спорт, өнер, ғылым.docx (34 КБ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ

«№14 НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

 Бағыты: Спорт

 

                 Жоба тақырыбы: «Тоғызқұмалақ – спорт, өнер,                        ғылым...»

Мақсаты:  Ұлттық ойынды жандандыру; оқушылардың ақыл ойын дамытуға арналған ойын түрлерімен таныстырып, қызығушылығын арттыру;  ұлттық ойын түрлерін дәріптеу; ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімін молайтту.

Міндетті: Оқушыларды тоғызқұмалақ ойындарының ережесімен таныстыру;  ойынға деген қызығушылықтарын арттыру; тоғызқұмалақ ойынының тарихын және қазіргі қоғамдағы маңызымен таныстыру.

Мазмұны:

1.  Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1.  Тарихы

2.2.  Адамның ойлау қабілетіне ықпалы

2.3.  Әлемде

2.4.  Қазақстанда

2.5.  Тоғызқұмалақ ережесі

2.5.1. Жүріс жасау ерекшеліктері

2.5.2. Тұздық алу ережесі

2.5.3. «Атсырау» ережесі

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Егемендік алған аз ғана уақыт ішінде елімізде болып жатқан елеулі өзгерістер мен игі істердің қатарында өшкеніміз – жанып, бабалардан қалған асыл мұраларымыз оралып жатыр. Ұлттық мәдениетіміздің бөлшегі ұлттың қазынамыз тіліміз, дінімізбен қатар ұлттық ойындарымыз да жанданып жатқаны көңіл қуантатын жайт.

Қазақ халқының ұлттық ойындары жетерлік. Тек қазақ халқының ғана емес сонымен қатар жалпы түркі тілдес халықтар арасында кең тараған көкпар ойыны, бәйге, күрес ойындары баршаға мәлім. Қазақ халғының ұлттық ойындары: асық, теңге алу, қыз қуу, ақ сүйек тағы басқа ойындар жеткілікті.

Ойындардың өзін бірнеше бөлімге: балалар ойыны, спорттық ойындар деп бөлуге болады, дегенмен де ойындар жасөспірімдерді қырығылыққа, төзімділікке, ептілікке, дәлдікке баулыйды.

Кеңес үкіметі кезінде ұмыт болудың аза алдында қалған ұлттық ойнымыздың бірі тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ ойыны бүгінгі күні көпшілік арасында қызығушылық тудырып отырған ойындардың бірегейі.

Тоғызқұмалақ – жасөспiрiмнiң ақыл-ойын шыңдап, ми қызметiн жетiлдiретiн зияткерлiк ойын. Дүниежүзiндегi зияткерлiк ойындарды Д.Мюррей деген ғалым 5 топқа бөлiп қарастырады. Олар: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, нарды және гоо. Мiне, осы бес топтың ерекшелiктерiне сай тоғызқұмалақ манкала тектес ойындардың құрамына кiредi. Әр ойын әрбiр ұлт мәдениетiнiң көрiнiсi дейтiн болсақ, шахмат еуропалық, дойбы грек, гоо қытай, нарды иран, ал, тоғызқұмалақ көшпендiлер дүниетанымына сәйкес келедi. Тоғызқұмалақтың басқа ойындардан ерекшелiгi – ойын құралдары ақ, қара түстерге бөлiнбейдi және арнаулы отаулық тақталарда ұсақ шарлармен ойналады.

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Моңғолияда мектептерде тоғызқұмалақтан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғызқұмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.

2.1.Тарихы

Бұл — ерте  заманнан кележатқан ойын. Бізден басқа қырғыздар, қарақалпақтар, алтайлықтар да ойнайдыекен. Қырғыздар “тогузкоргоол” десе, Ақтеңіз (Жерортатеңізі) жағалауындағы көшпелі түрік тайпалары “тогузташ” депатайды. “Коргоол” маңғол тілінде “құмалақ” деген мағынаны білдіреді. Бұдан шығу тегі бір түркі халықтары арасында бұл ойын ежелден болғаны байқалады. Сонымен қатар, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстанның кейбір аудандарында тоғызқұмалаққа ұқсас ойындар бар. Жалпы, түркі халқы ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Олар ұрпағының саналы, ақыл-ойы озық болғанын қалаған, соған көп мән берген. Бұдан төрт мың жыл бұрын ғұндар мен түркiлердiң кезiнде 3 отаулық, 5 отаулық, 7 отаулық шарттармен тоғызқұмалақ ойынын ойнаған болса, келе-келе дами түсiп, қазақтар мұны 9 отаулық үлгiмен ойнай бастаған. Осы орайда, «тоғызқұмалақ атауы қайдан шықты, 9 санының қандайда бiр арифметикалық ерекшелiгi бар ма?» деген заңды сауал туындайды. Негiзiнен, 9 саны ежелгi түркiлерде қасиеттi сан болып есептелген. «Тоғыз жолдың торабы» деген сөз бекер айтылмаған-ау. Сондай-ақ, аңыз-ертегiлерде кездесетiн «бiр байдың тоғыз ұлы болыпты» деген жолдар да бiраз жайтты аңғартатын сияқты. Яғни, 9 саны — көптiктiң белгiсi.

Тоғызқұмалақ ойынының шарттарына қарап бiз ата-бабаларымыздың арифметиканы терең меңгергенiн байқаймыз. Қазiр бiз ойнап жүрген тоғызқұмалақтың классикалық үлгiсi 1948 жылдан берi ойналып келедi. Осы жылы тоғызқұмалақтан республика бiрiншiлiгi өткiзiледi. Бiрақ, республиканың әр аймағынан келген тоғызқұмалақшылар ойынды өз түсiнiктерiнде, әртүрлi нұсқада ойнайды. Бұдан кейiн, тоғызқұмалақтағы әртүрлiлiктi реттеу үшiн ұлт жанашырлары М.Әуезов, Қ.Қуанышбаев, Ш.Ибраев секiлдi қоғам қайраткерлерiмен бiрлесе отырып, тоғызқұмалақ бапкерлерi тоғызқұмалақтың классикалық үлгiсiн жасайды. 1949 жылдан бастап, тоғызқұмалақ ойынының үлгiсi бiр iзге түстi. Бүгiнде дүниежүзi осы ережемен тоғызқұмалақты танып отыр.

2.2. Адамның ойлау қабілетіне ықпалы

 Тоғызқұмалақ – жасөспiрiмнiң ақыл-ойын шыңдап, ми қызметiн жетiлдiретiн зияткерлiк ойын. Дүниежүзiндегi зияткерлiк ойындарды Д.Мюррей деген ғалым 5 топқа бөлiп қарастырады. Олар: шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, нарды және гоо. Мiне, осы бес топтың ерекшелiктерiне сай тоғызқұмалақ манкала тектес ойындардың құрамына кiредi. Әр ойын әрбiр ұлт мәдениетiнiң көрiнiсi дейтiн болсақ, шахмат еуропалық, дойбы грек, гоо қытай, нарды иран, ал, тоғызқұмалақ көшпендiлер дүниетанымына сәйкес келедi. Тоғызқұмалақтың басқа ойындардан ерекшелiгi – ойын құралдары ақ, қара түстерге бөлiнбейдi және арнаулы отаулық тақталарда ұсақ шарлармен ойналады. Ойынның мақсаты – қарсыластан көп шарларды (құмалақ) жинап, ұпай санымен алға шығу.

2.3.Әлемде

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Моңғолияда мектептерде тоғызқұмалақтан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғызқұмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.

Қазір әлемде тоғызқұмалаққа ұқсас мысырлық калах, Шри-Ланкадаолинда калия, қырғыздардатогузкоргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.

Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғызқұмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғызқұмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.

Тоғызқұмалақтың ең алғаш әлемдiк деңгейде танылуы 2006 жылдан бастау алады. Осы жылдың тамыз, қыркүйек айларында Лондонда халықаралық зияткерлiк ойындар олимпиадасы өттi. Бiз сонда бiрiншi рет олимпиадаға қатыстық. Онда 36 спорт түрiнiң iшiнде шетелдiктер тоғызқұмалаққа ерекше қызығушылық бiлдiрдi. Содан кейiн, олимпиадалар мен фестивальдердi ұйымдастырушылар, ғалымдар тоғызқұмалақтан бiздердi жарыстарға шақыра бастады. 2007 жылдың қазан айында Прагада өткен Шығыс Еуропа елдерiнiң 7-шi зияткерлiк ойындарының бәсекесiнде тоғызқұмалаққа құмартқан чех ғалымдары бiздiң құраманы басты олимпиада сайыстарына қатыстыруға мүдделiк танытты. 2008 жылдың 10-17 шiлде аралығында Қазақстан құрамасы Чехияда өткен 19-шы халықаралық зияткерлiк ойындар фестивалiнде бақ сынады. Көптеген шетелдiк мемлекеттер өздерiнiң ұлттық ойындарын осындай фестиввальдерге қатыстыра алмағанына өкiнiш бiлдiрдi. Тоғызқұмалақтың осылай жедел түрде әлемге танылуына интернет сайттары мен блоктарында аталмыш ойын туралы мағлұматтардың мол болуы, сондай-ақ, халықаралық зияткерлiк ойындарда мүшелерiмiздiң болуы игi ықпалын тигiзуде. Қазiргi кезде тоғызқұмалақтан халықаралық федерация құрылды. Ал, елiмiзде тоғызқұмалақ федерациясы 1991 жылы қоғамдық ұйым болып жұмысын бастаған болатын. Бүгiнде әлемнiң бiрқатар дамыған елдерi тоғызқұмалақ туралы жақсы бiледi. Ұлттық ойынымызды басқа елдерге насихаттап жүрген Қазақстан Құрамасының бас жаттықтырушысы Айнұр Әбсадыққызы, 10-шы халықаралық зияткерлiк олимпиада ойындарының 1-шi орын иегерi Айдос Сейiтжанов, Шығыс Еуропа елдерi зияткерлiк ойындарының бас жүлдегерi Әсел Дәлиева, жақында ғана Пардувициде өткен жарыстың жеңiмпазы Ғалымжан Темiрбаев секiлдi азаматтар деп айтсақ болады.

2.4.Қазақстанда

Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғызқұмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атауға  тұрарлық.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғызқұмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.

2.5. Тоғызқұмалақ ережесі

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Тоғызқұмалақ ойынынын оңнан солға қарай, яғни сағат тілінің бағытына қарсы жүреді. Құмалақ  салынған тоғыз отаудың әрқайсысының өзінше атауы бар: сол жақтағы шеткі, яғни бірінші отау – «таңдық», екіншісі – «көшпелі», үшіншісі – «атөтпес», төртіншісі – «атсұратар», бесіншісі – «бел», алтыншысы – «белбасар», жетіншісі – «қандықақпан»,  сегізіншісі – «көкмойын», тоғызыншысы – «маңдай».

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

Қостаушықазаны (0)

 

9

9

9

9

9

9

9

9

9

Бастаушықазаны (0)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.

2.5.1. Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.

1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып,қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

9

9

9

10

10

10

10

10

(0)

 

9

9

9

9

9

9

1

10

10

(10)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

 

2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

2.5.2. Тұздық алу ережесі

Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауынатаратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

10

10

1

11

11

11

11

11

(0)

 

10

10

10

10

10

10

2

11

1

(12)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

1

11

1

1

11

11

11

11

11

(3)

 

11

11

11

11

11

11

Х

11

1

(12)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

2.5.3. “Атсырау” ережесі

Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.

7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап,барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

1

1

1

Х

1

(78)

 

Х

4

(76)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

1

1

1

Х

1

1

3

(78)

 

(76)

отаулар

№9

№8

№7

№6

№5

№4

№3

№2

№1

 

Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.

9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.

Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.

Қорытынды.

«Тоғызқұмалақ – спорт, өнер, ғылым...» тақырыбында жазылған бұл ғылыми жобаға халқымыздың ертеден бүгінге дейін ұмыт болған өз жалғасын тауып  келе жатқан ұлттық ойынымыздың көпшілік біле бермейтін адамның жүйке жүйесін жетілдірудегі және тәрбиелік мәнімен қатар ойын шартымен тарихынан сыр шертеді.

Сонымен қатар тоғызқұмалақ ойынының бүгінгі қоғамыздағы алған рөлі тек қазақ халқы үшін ғана емес. Орта Азия халықтарының арасында таралуы туралы да мәлімет береді. Тоғызқұмалақ тек түркі тілдес халықтарда  емес бүгінгі таңда әлемдік ойынға айналғанына дәлел келтірген.

Ғылыми жобаның маңызы жас өспірімдерді осы ұлттық ойын түрімен таныстыра отырып өз бос уақыттарын пайдалы тиімді іске жұмсауға үйрету. Ұлттық ойын түрлерін таныс білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Ғылыми жобаны жазбай тұрып №14 орта мектептің 4-8 «В» сыныптарынан сауалнама жүргізілді.  Онда тоғызқұмалақ ойыны туралы не білесіңдер деген сұраққа 38 оқушыдан 10 оқушы  білетіндерін айтса, тоғызқұмалақ  туралы білгісі келетіндер 25-30 оқушысы үйренуге талап білдірді.

Осы сауалнама қорытындысын негізге ала отырып дене тәрбие пәнінің мұғалімдері Жумадилова А.З. және Айткалиев Т.С. мектепте үйірме ұйымдастыруға ұсыныс жасадық және ғылыми жобама арқау етіп алдым.

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Қазақ энциклопедиясы» (87 бет)

2. «Дене шынықтыру» кітабы 4 сынып, Алматы «Атамұра» 2000ж

3. Жадыра Нармаханованың сұхбаты, Оңтүстік Қазақтан облысы

4. Жадыра Шамұратованың сұхбаты, Батыс Қазақстан облысы

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину