Мурзабекова Тоғжан Ержанқызы, 2 "а" класс, КММ "Н.Баймұратов атындағы орта мектеп", село Қарағайлы, Бесқарағай ауданы, Шығыс -Қазақстан облысы, Республика Қазақстан
Научный руководитель: Куанбаева Кенжехан Кадиржановна, учитель начальных классов, КММ "Н.Баймұратов атындағы орта мектеп", село Қарағайлы, Бесқарағай ауданы, Шығыс -Қазақстан облысы, Республика Қазақстан
"Қазақтың ұлттық киімдеріне байланысты ырым - тыйымдар" Мурзабекова Тоғжан Ержанқызы
Бұл еңбектің алдына қойған мақсаты - ұлттық киімдерге қатысты ырым-тыйымдардың күнделікті өмірде қолданылуын бақылай отырып, іс жүзінде көре отырып, сол ережелерді сақтаған жағдайда, тәрбиелі де, саналы тәртіпке үйренуге болатындығына оқушылардың көзқарасын қалыптастыру болады.
Кіріспеде қазақтың ұлттық киімдерінің біразына сипаттама беріледі және соларға қатысты ырым-тыйымдардың қолданылуының нәтижелілігі көрсетіледі.Оқушыларды ерекше еліктеушіліктен сақтандырады,жалпы ұлттық киімдер туралы білімдерін толықтырады.
Білім-шетсіз, шексіз мұхит. Білімге ұмтылыс-мұхитқа сүңгігенмен бірдей. «Қаншама адам көрдім, үстінде лыпасы жоқ, қаншама киім көрдім, ішінде адам жоқ» дегендегі ойдың тереңдігіне үңілте отырып тәрбиелеуге ат салысуды негізгі міндетіміз деп алдық..
«Өнегеңді қазық ет, ақылыңды азық ет» демекші, үлкендер кішіге өнеге болуға міндетті болғанын, солардан қалған ырым-тыйымдардың бізді тек жақсылыққа үйрететінін түсіндіргіміз келді. Өйткені, ата –бабамыздан мұра болып қалған ырым-тыйымдарды екшеп , қазіргі өмір шындығымен ұштастыра зердемізге құйып алудың біз үшін мәні өте зор екендігіне көзіміз анық жетті.
«Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына ,ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп, Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей, ұлттық санамызда қалыптасқан жақсылықты үйрену мен жамандықтан жирену қағидасы кіші мектеп жасынан бастау алып жатса құба-құп болар еді.
Цель этой работы - обьяснить детям о поверьях, о значимости их, о соблюдении правил этикета.
В предисловии указывается поверья относительно к национальным костюмам казахов. Поверья предостерегают учащихся от склонности к подражанию к вредным привычкам.
В основной части дается краткое описание национальным костюмам, описываются поверья, относительно головным уборам, верхней одежде, свадебным убранствам, одеждам новорожденных, обуви казахов.
Дается анализ исследования.
Хотели объяснить детям о роли старших в учении нас к положительным эмоциям, к искусству быть неотразимым.
Народное наследие передается от поколения к поколению, они учат нас к бережливости, к аккуратности, соблюдению правил охраны здоровья, охраны окружающей среды в целом.
Великий целитель, ученый Аль-Фараби сказал, что «Ум человека – это сила, которая помогает людям различать хорошие от плохого».
Қазақ халқының ырым-тыйымдары қазақ ұлтының ұлт болып қалыптасқанынан бері келе жатқан тәрбие көзі. Ырым-тыйымдар әр түрлі тақырыпты қамтиды. Олар ауыз әдебиетінің бір үлгісі ретінде танылған.
Тарихтың әр кезеңінде де олардың көкейкестілігі, танымдылығы, қолданылуы күн тәртібінен түскен емес. Ырым-тыйымдарды біліп өскен бала тәрбиелі, ұстамды, түсінігі мол, ізетті, ибалы, әдепті болып қалыптасады. Басталған істі аяқсыз қалдырмауға үйретуде де ырым-тыйымдардың қосар үлесі мол.
Ырым-тыйымдардың қоршаған ортаны қорғауға үйрететін де жағы бар. Мысалы, кірдің суын аяқ басатын жерге төгуге болмайды, күл төккен жерге дәрет сындырмайды» т.б. тыйымдар баланы жастайынан тазалық сақтауға, жинақылыққа, керенаулыққа жол бермеуге тәрбиелейді.
Киімдерге қатысты ырым-тыйымдардың күнделікті тіршілікте, оқушылардың сабақ кезінде, сабақтан бос кезінде жинақы жүруіне,киімді күтіп ұстауына, әдепті болуына тигізер ықпалы өте зор. Өйткені, «Адам көркі-шүберек» деп дана халқымыз айтқандай, сол «шүберекті» қастерлеп күтсе, киімге қатысты ырым-тыйымдарды жадында сақтап жүрсе, сол ырым-тыйымдар баланы көрікті болып өсуге талпындыратыны сөзсіз.Тақырыбының өзі баланың жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуіне талпындырады.
Тақырыптың жаңашылдығы сол,ана тілі, дүниетану, өзін өзі тану пәндерінде қосымша материал ретінде оқу тақырыптарына сәйкес беріліп отырғаны. Нәтижесінде, ырым-тыйымдарды оқып-біліп үйренген бала келеңсіздікке бой ұрғызбайды, ойланбай іс істемейді және өзінен үлкенге де,кішіге де үйретіп отырады.Күнделікті өмірде бала өзінде жақсы әдет қалыптастырады. Сырт киімді күтіп киіп қана қоймай,олардың қасиетін де білетін болады, өмірде болып, күнде өзгеріп жатқан жаңалықтармен сәйкестендіреді.
Біз бұл жұмысымызда ұлттық киімнің қаншалықты қадірлі екенін, әрі сұлулық, әрі жылу беретінін, әрі ұлттық тәрбиеге үйрететінін өзіміздің құрбыларымызға айтқымыз келді. Өйткені, қазіргі озық техникалы заманда батыстың алабажақ, ашық-шашық киімдеріне әуестік мектеп табалдырығын алғаш ашқан кіші жастағы мектеп оқушыларынан бастап, тіпті салиқалы апаларымызға дейін бар екеніне көзіміз жетіп отыр. Сол әуестіктің түбі неге апаратынын ойлап, ұлт болашағы үшін алаңдай бастадық. Киімді сәнді етіп киюден басқа, оны қадірлеп, қастерлеуге осы ырым- тыйымдар көп септігін тигізетініне көзіміз жетті. Бұл- көнеден келе жатқан ұлттық тәрбие,ол намысқа жетелейді. Ал бойында намыс оты бар әр қазақ өз елін әспеттеп, аспандатып отырады ғой. Сондай намысты қазақтарымыз көп болса екен деп тілейміз. Көрші мемлекет- ағайындас түрікмен халқының бар болмысы олардың ұлттық киімдерінен көрініп тұр.Біздің ұлттық киімдеріміз де біздің ұлттық мақтанышымыз,ұлттық нақышымыз, ұлттық белгіміз болуы керек.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Киім-адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Ол адамдардың ақыл-ойынан, биік талғамынан құралған. Қазақтардың қазіргі киімінің көбісі сақ дәуірінен басталады. Ұлттық киімдерді зерттеу қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.
Ұлттық киімнің негізгі құрамдас бөлігі ретінде бас киім аса мәнді, сәнді де ерекше көрінеді. Өйткені, бас киім өзге киімдердің ішінде ұлттық ерекшелікті айқын білдіріп тұратын элемент.
Киім киюдегі әлеуметтік айырмашылықты маусымдық ерекшелік қана айқындап қоймай, қандай да бір бас киімді киюдің дәстүр-жорасы бар. Солардың бірі- айырқалпақ деп аталып кеткен мұрақ.
Мұрақ- айырқалпақ иесінің жоғары әлеуметтік мәртебесін білдіріп, қазақтың билік басындағылар киімі ретінде танылған.
Бөрі текті саналған ғұндар қасқыр терісінен бас киім киетін еді. Содан бастап теріден тігілген бас киім- бөрік аталып кеткен.
Қандай да бір бас киімді кию ерекшелігі сол адамның әлеуметтік мәртебесін немесе діни ерекшелігін айқындайды.
БАС КИІМГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМ - ТЫЙЫМДАР
Ырым - тыйымдар жүйесінде бас киімнің төңкеріліп қойылмауы, теріс қаратып киілмеуі, жерге тасталмауы сияқты салттық жоралғыға негізделген қызметтері де айқындалады.
ТЫМАҚ- қасиетті бас киім саналады.
Оны айырбастамайды, оған аяқ тигізбейді.Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар.
Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау- бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.
Көптеген халықтардың дәстүрлі наным-сенімі бойынша шаш - жанның тұрақтайтын орны. Шаш қойысы мен бас киімінің өзгеруі адамның және оның жанының есеюін білдіреді.
Балалардың, қыз-бойжеткендердің әлеуметтік мәртебесі жиі өзгеріп отыруына байланысты олардың бас киімдеріне тағылатын тіл-көзден сақтаушы үкі қауырсыны мен көз тастары айрықша қызмет атқарады.
Тарихи ескерткіш мұраларымыздың бірі- «Алтын адамның» бас киіміне төрт алтын қауырсын тағылған.
Бас киімге қауырсын тағу - көптеген халықта кездесетін ырым. Ол- ежелгі наным бойынша, жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін білдіреді.
ЖАУЛЫҚ. Жаулыққа қатысты арнайы Заң жолы, салт бар. Тәуке ханның «Жеті Жарғы» Заңында қылмыстық, бұзақылық істе кімге кімнің құн төлейтінін анықтау орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл құн төлеуге келіскендік деген сөз.
Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін басына сары жаулық тағып жүретін болған.
/ Бас киімді іліп қояды, кез келген жерге тастай салмайды, жамбастың астына салып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды.
/ Ер адам әйелдің жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектік қасиетінен айрылады.
/ Қыз бала басына ақ немесе қара орамал тартпауға тиісті. Ақ-жаулықтың, қара- қайғының белгісі.
/ Әйел жалаңбас отырып бала емізбейді, ас-су әзірлемейді.
/ Бас киімнің төбесін басып кимейді, ешкімге сыйламайды, сатпайды.Сыйлық жасаса, киілмеген, жаңа бас киім алып беру керек.
СЫРТ КИІМГЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМ- ТЫЙЫМДАР
ІШІК. Қазақ халқының салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма бес жасқа толмаған жастардың киюіне болмайды.Өйткені, қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін.Екі адам боранда адасып ккетіп,қасқыр ішіктісі аман қалып, қасындағысы үсіп өлсе, оның туған-туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы.Себебі, бір қасқыр ішік екі адамды суықтан қорғап қала алады.Мұның бәрі дала заңында бекітілген тәртіп.
ШАПАН. Халқымыз шапанды «жағалы киім» ретінде бағалайды. Қонаққа шапан кигізу, иығына шапан жабу-үлкен құрметтің белгісі.Бұрын хандар елдегі батырлар мен билерге дәреже бергенде, соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан.
Хан киген шапанды сыйға алу үлкен мәртебе болып табылған.
Еліміздің тұңғыш Президенті сайланғанда оның иығына абыз атамыз Шәкір Әбенов шапан жауып, батасын берген.Шапан жабу-зор құрметтің белгісі.Елі құрметтеген адамға шапан жабу бүгінде ел ішінде берік қалыптасып келеді.
Зерттеу барысында Шәкір Әбенов атамыздың Елбасының иығына шапан жауып, ақ батасын бергенін газет бетінен оқып-білдік.
ЖЕЙДЕ. Ертеде қазақтар көп жасқа келген, халқына өте қадірлі болған , бақытты тұрмыс құрған қариялардың жейдесін сұрап алып,ырымдап киетін болған. Бұл «жақсының жолын берсін» дегенді білдіреді. Егер жейде алғысы келгендер көп болса, әлгі жейдені қиып, кішкентай қолорамал көлемінде «тәбәрік» деп бөліп алған.
Біз «тәбәрік» алуға Ұлы Отан Соғысының ардагері, І,ІІ дәрежелі Даңқ ордендерінің кавалері, Бесқарағай ауданының құрметті азаматы- Бутинбалин Смағұл атаның үйіне бардық әрі атаның хал-жағдайын сұрап , амандасып келдік.
Ленин орденді, атақты шопан болған, бүгінде жасы 94-ке келген атамыздың көйлегін қалап, «тәбәрік» ретінде бөліп алдық. Біздің ауыл орыстанған «Николаевка» деп аталатын ауыл.Тұрғындары білім мен тәлім-тәрбиені орысша алған. Біздің мақсатымыз-өзімізбен қатар құрбыларымызға және аға буын өкілдеріне де осы «тәбәрік алу» ырымын насихаттау болды.
Көп жасаған, ел сыйлаған аталарымыз бен әжелеріміздің көзіндей болған заттарды күтіп ұстап, болашаққа жеткізуге осындай насихаттау жұмысымыз әсер етсе екен деп ойладық. Бұл жұмысымызға әркімнің де көңіл қоя бастағаны, ісімізді құптап, өздерінің де істей бастағанының куәсі болдық.
Бүгінде өз құрбыларымыздың ішінен де осындай жұмыстар туралы пікірталастар туа бастады.
Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге,сыйлауға өз құрбыларымызды жұмылдыруымыз титтей де болса өз нәтижесін бере бастады.
НЕКЕ КИІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАР
СӘУКЕЛЕ. Сәукелені қыз ұзатыларда,әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді.Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп алып қояды да, жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді.
ОРАМАЛ. Ұзатылған қыз өзінің сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілекті білдіреді.Осы ырымды кейде «шарғы салу» деп те атайды.
/ Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашады.Бұл- «келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым.
/ Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара жатқанда, қыздың жеңгелері оның шапанын алып қалады.Бұл « күйеу бала киімін жаңаласын,өмірі ажарлансын» деген ырым.
/ Жаңа түскен келін киімін тектен - текке қысқарта бермеуі керек.Олай жасаса, нәрестесінің кемтар болып тууы мүмкін.
/ Бойына бала бітпеген әйел балалы әйелден сәбиінің иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ астына, далаға тастамай,қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге бермейді.Оның сыры - қазақтар «иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады» деп сенген.