НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Шакиржанова Гульмира Сабитқызы, педагогика пәнінің оқытушы, Ж.Мусин атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) педагогика колледжі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Боровской, 76

Аннотация

В данной статье говорится о национальном образовании в начальных школах, о поведении учеников, о семейных обычаях, традициях, духовно-нравственном воспитании.

Abstract

This article national education in primary schools by the behavior of students with family customs, traditions, spiritual and moral education.

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың алатын орны

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі халықтық педагогиканың алатын орны.docx

Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүние жүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жеткізілу де. Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік өреге ие бола бастаған алғашқы қадамызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін бабалардың ақ батасын, адал тілегін, санасын ояту тәрбиеші-мұғалімдердің ата-аналардың үлкен парызы болмақ. Ертенгі елдің етегін көтеретін жас ұрпақ. Оларға тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағытты азамат болып өсуін қамтамасыз ету, рухани материалдық мәдениетін толық менгертіп, әдет-ғұрпты, салт-саны, дәстүр мен тәлім тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.Тәрбиенің басты қайнар бұлағы –халық педагогикасы. Халық педагогикасы халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында, ойындар мен ойыншықтарда, ырымдар да мәнгі сақталып қалған. Адам өмірге келгеннен бастап, өмірінің соңғы күніне дейін салт-дәстүрлердің ықпалы мен өмір сүреді. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, азаматтық дәрежеге жеткізуде атқарылатын жұмыстар мен тағылым берерлік салт –дәстүрлер саны әр түрлі.

Қазақ халқының рухани жағынан еліне, халқына мәдиниетіне шынайы сүйіспеншілікті тәрбиелеу жалпы білім беретін орта мектептің атқаратын орны ерекше маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық тәрбиелік сапаларын, олардың отбасындағы мінез-құлқықтарын, қарым-қатынастарын, қоғамдық жердегі тәртіптерінін орнын ерекше қадағалау тәрбиеші-ұстаздардың абыройы міндеті. Халықтық тәжірибиені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ол-адам санасы, ол ұлттық –тұлғаның сана-сезімін алған білімін іс- жүзінде іске асырады. Жалпы оқушыларға тәрбие беру процесінде қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлері арқылы бала бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасындағы парасатты мінез- құлық қасиеттерді отбасынан бастап тәрбиелеудің маңызы зор.[7/8 Б.72].

Адамгершілік тәрбиесі жеке басты жетілдірудің барлық саласын қамтиды. Баланың  бойындағы жаман да жақсы қасиеттердің қалыптасу процесі қоршаған ортамен тығыз байланыста. Оқушыларға қазақ хандығының тарихындағы ұлы батырлардың хандар мен билер жайлы көркемдеп әңгімелеу бала сезіміне өтте қатты әсер етіп, оның адамгершілік, елжандылық сезімдерін оятады. Адамның өміріне түсінушілік пен қарау, қамқор бола білуді, сезімталдылықты, адамгершілік сананы сезінуді қалыптастыру барысында, оқушылардың сана-сезімін тілдік қорын жетілдіру ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдерді, аңыз-әнгімелерді, пайдаланудың мүмкіндіктері бар. Бастауыш сыныптарда халықтық педагогиканың алатын орны ерекше деп айтудың себебі біз барлық сабақтарды осы адами құндылықты, адамгершілікті рухани байлықты сабақ барысында кездестіреміз. Оқушыларды сол күнделікті өмір мен өткен ғасыр тарихымен байланыстырып оқушылардың өмірге деген қөз қарасын  қалыптастырамыз.

Оқушылар тәрбие сағаттарында  салт-дәстүрлерді рөлге бөліп, жауапкершілікті сезінуді дамытады. Жалпы салт–дәстүрі қазақ халқының ұл бала бойына қайраттылық, батылдық, төзімділік, ержүректілік, қайсарлықты ер адамға тән мінез-бітістерін, ал қызбала бойына шеберлік, үй шаруасына ұқыптылық, әдептілікпен нәзіктілік қызға тән мінезді қалыптастырады.[Б9-12]. Ұлымызбен қызымызды  тәрбиелей отырып қариялардың ақ батасын алып жас ұрпақтың жолын ашу әрбір отбасы баланың болашағынан үлкен үміт күтері сөзіз. Бастауыш сыныпта сынып сағатында не болмаса тәрбие сағатында қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу тәрбие жұмысында пайдалануға оқытудың басты мақсаты – жеке тұлғаның ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық мәдениет пен өнерге баулу, рухани адамгершілігі мол, бағдар табуда қабілетті бар азамат тәрбиелеу. Қазіргі қазақ халқының рухани жағынан қайта жаңғыру кезеңінде ұлттық дәстүрді қастерлеу, халқына мәдениетіне шынайы сүйіспеншілікті тәрбиелеу жалпы білім беретін орта мектептің қайнар бұлағы болып табылады. Бастауыш сыныптарда халақтық этнопедагогиканы байланыстыра отырып  оқушылардың шығармашылығық ізденістерін арттыру бірнеше байқаулар, жинақ альбомдары, рефераттар жазу сайыстарға қатыстыру баланың ұлттық дүниетанымын арттыруды көздейді. Бұның бәрінде халықтық педагогика негізінде қалыптасқан ұлттық сананың дамуы.

Сөз соңында айтарым халық педагогикасы – тәлім тәрбиенің қайнар көзі, халықтың рухани мұрасы. Осындай халықтық мұралар заманымыздың талап –тілегіне байланысты пайдаланып, ұштасып жаңара берсін. Адамның іс-әрекетін қос тізгіні жақсы қалыптасқан, ішкі рухани қасиетіне билете білсе, сонда ар ұят адамгершілік ішкі рухани дүниенің молдығы байқалады. Игі адамгершілік қасиеттерді балаларды жас кезінен отбасында қалыптастыру керек. Отбасының ең басты құндылығының бірі – балалар.

Халықтық салт-дәстүрлердің қоғам өмірінен алатын орнын, оның ұрпақтар өміріндегі маңызын ғылыми тұрғыдан пайымдау жастарды адамгершілік пен мейірімділікке, адалдық пен қайырымдылыққа, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық көрсетуге, еңбексүйгіштік пен отансүйгіштік қасиеттерге, ержүректік пен батылдыққа тәрбиелеудің қуатты құралы екенін ұмытпауымыз қажет.                          

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Айдар С. «Халық педагогика негізінде еңбек тәрбиесін ұйымдастыру» // Қазақастан мектебі.-1999.7/8 Б.72

2. Садуақасов Ә. «Халық педагогикасы дәстүрлерін қазақ мектептерінің оқу тәрбие процесінде пайдаланудың шарттары» // Ұлт тағылымы. 2002. -№2. Б9-12

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину