НАВИГАЦИЯ
ОПЛАТА KASPI PAY
Подписаться на уведомления! Бесплатная информационная рассылка. Подпишись и будь в курсе всех событий!

 

 
Магазин: Корзина
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
СЕТЕВОЕ ИЗДАНИЕ
Публикация материалов публикаций, семинаров, конкурсов, мастер-классов
Новостная рассылка!
Мы в соцсетях!
 

You are welcome to translate our site into any language! Just chose the language below!

 

Макешова Адель Канатова, 11 сынып окушысы, "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ж.Аймауытов ауылы

 

 

Научный руководитель: Ахметова Динара Кабеткызы, химия пәнінің мұғалімі, "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ж.Аймауытов ауылы

 

 

Металдар бейбіт заманға керек

Металдар бейбіт заманға керек.docx (22 КБ)

«Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды... егер металдар болмаса... адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді».

Георгий Агрикола

Жоспар.

І. Кіріспе: Металдардың ашылуы – адамзат үшін ірі табыс.

ІІ. Негізгі бөлім: а) Пайдалы металдардың қолданылуы.

                              ә) Адам ағзасындағы металдар жайлы.

                              б) Металдардан жасалған көркем құрылыстар.

                              в) Еліміздегі металдар – біздің байлығымыз.

ІІІ. Қорытынды: Металдардың күллі адамзат өміріндегі маңызы.

      Металл ұғымы адамдар арасына сонау мыстытас дәуірінен енген болатын. Металдың химиялық элементтер қатарына еніп, әрқайсысы периодтық жүйеден өз орнын тапқанын сол дәуір адамдары білмесе де, сол уақытта өздері ашқан бірнеше металдарды тұрмыста пайдалану арқылы еңбек өнімділігін біршама арттырды. Алғаш қолданылған металдарға алтын, күміс, темір, қола, мыс, қорғасын, қалайы жатады. Ал, қазіргі таңда металдардың түр-түрі игеріліп, әртүрлі салаларда қолданылады. Тас дәуірін артқа тастап, металдың көмегімен жаңа кезеңдерді бастаған адамзат үшін металдарды ашып, олардың қасиеттерін анықтап, тұрмыста және шаруашылықта қолдану  үлкен жаңалық әрі табыс болды деп есептеледі. Адамның миының дамып,  ойлап тапқыштық қабілетінің артуына да осы металдардың жер бетінен табылуы да әсер етсе керек деп ойлаймын. Себебі, металдарды тексеру, олардан көп құралдар жасау адамның қол еңбегін көбейтті. Еңбек арқылы адам дамудың шегіне жетті.

       Жер бетінің 99%-ын алып жатқан металдарды таппау мүмкін емес. Аяғымыздың астында жатқан бар байлық – осы металдар болып табылады. Оларды ашқан, игерген алғашқы адамдар металдарды ұрпақтан – ұрпаққа жеткізе отырып, олардың қолданыс аясын кеңейтті. Осының нәтижесінде Жер беті тарихында металл атымен аталатын бүтіндей бір дәуір қалды.

        Металдар сөзі қазақ даласына да, қазақ халқына да жат емес ұғым болып табылады. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз болатын сақ пен ғұн тайпалары Қазақстан жеріндегі темір өндірісін ашып, біздің даламызды темір қорытудың алғашқы орталықтарының біріне айналдырды. Жерімізден темірден жасалған ежелгі құрал-саймандар мен қару-жарақтардың табылуы, сонымен қатар тарихтың асыл жәдігері саналатын бағалы «Алтын адамның» табылғандығы, құрамында жеті түрлі металдар бар әйгілі «Тайқазанның» біздің жерімізде болғандығы Қазақстанның металл өндірісін ежелгі дәуірден бастап кеткен озық мемлекет екенін дәлелдейді. Аталған көне жәдігерлер ежелгі дәуірде адамдардың алғаш игеріп, олардан керемет заттар жасап шығарған құралдардың алғашқыларының бірі әрі бірегейі.

       Бұл заманда металдардың қолданылу аясы өте кең. Барлық салада, ғылымда, өндірісте, үй шаруашылығында, автокөлік жасауда және тағы басқа көптеген шаруашылық түрлерінде пайдаланылады. Өз кезегінде металдар адамдардың өмір сүру дағдысын техника мен технология дамыған сайын жеңілдетіп келеді. Ең алдымен металдар біз үшін аса қажет деп саналатын заттар үшін қолданылады. Адамдар үшін қажет нәрселердің көш басында, әрине жарық тұр. Жарықты қауіпсіз жағдайда толық алу үшін бізге күнделікті өмірде электр сымдары керек. Өзінің электр тогын жақсы өткізетін қасиетіне орай металдардың мыс және алюминий сияқты түрлерінен электр сымдары жасалады. Металдардың пайдасының бастауы осы болса, екіншіден адамның қазіргі заманда өмірін жеңілдетіп тұрған заттардың бірі - автокөліктер де металдардан жасалады. Тек автокөліктер ғана емес, ұшақ, зымыран, пойыз сияқты көлік атаулының бәрі де металдарсыз жасалынбайды. Мұның өзі металдардың адамзат баласы үшін ұшан-теңіз пайдасын дәлелдеп тұр. Металдардың аса маңыздылығы мұнымен аяқталмайды. Көзіміз үйренген қоңыр, қара, күміс сияқты ғана түстер металдарға қатысты емес. Аллюминий металынан сәндік бұйымдар үшін кеңінен қолданылатын, көздің жауын алар сапфир, түсі өзгеретін құбылмалы александрит, қанық қызыл рубин, аспан түстес аметист тәрізді көптеген бағалы асыл тастар алынып, бүгінгі таңда жоғары бағаланады. Сонымен қатар, ежелгі заманда сауда қатынасында айрықша орын алған, бүгінгі таңда да өз құндылығын жоғалтпаған екі металл бар. Алтын және күміс орта ғасырларда ақша жасау үщін, теңге соқтыруда қолданылса, қазірде де мәнет ақшалар үшін белгілі бір металдар пайдаланылады. Металдарсыз әр мемлекеттің валютасы болмай, сауда жүйесі де бұзылар еді. Қоғам өміріндегі металдардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндетін бұлжытпай орындап отыр десек те болады.

         Күнделікті күйбең тіршілік аясында металдарсыз адам өмірі өмір болмайтынына көз жеткізсек, ағзаға қажет металдарсыз адамзат баласы мүлде өмір сүре алмайды. Әрбір адамның организмінде жеткілікті мөлшерде металдардың болатынын баршамыз медицина саласынан білеміз. Ал, олар ағзамызға жетпей қалса, не болатынын елестету де қиын. Мысалы, темір жайлы А.Е.Ферсман былай деп айтқан: «Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс, темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3 г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді». Бұл көріністі суреттеген А.Е.Ферсман тек қана темірдің жойылғандағы не болатынын сипаттады. Ал, басқа да көптеген пайдалы металдар адам ағзасынан жоғалып кетсе, адамдар тіршілігін тоқтатып қана қоймай, жер бетінен жойылып кетеді.

    Медициналық көрсеткіштерге сай, адам ағзасына әр металл күн сайын өз мөлшерімен ас арқылы жеткізіліп отыруы керек. Темір элементінің өзі адам организміне жетіспесе, адам қан аздық ауруына шалдығады. Темір ақжелкен, бұршақ, жүзім, қарақұмық, қалақай, күнбағыс сияқты өсімдіктерде болады. Бұл өсімдіктердің өзі темірге бай болғандықтан, адам үшін де пайдалы. Қажеттілігі жағынан темірден соң екінші орын алатын металл - мырыш. Ол А, В6, Е сияқты витаминдердің сіңуімен қатар жүреді. Балық, теңіз тағамдары, пияз, бұршақ, ет пен құс етінде жиі кездеседі. Мырыш болмаса адамның ағзасына үлкен зиян келіп, терісі бүлінеді, өсу, даму процесстері тоқтайды. Осы элементтер сияқты мыс, қорғасын, алтын, күміс сияқты тағы басқа металдардың барлық түрлері адам ағзасы үшін арнайы қызметтер атқарып, адам өмірінде, денсаулығында басты орындарды алады. Металдардың адамдарға қажет екендігінің бірден-бір себебі осыда болып табылады.

         Тіршілік пен организмде өз орындарын алып алған металдар қауымы адамдардың көзайымына да айналып үлгерген. Металдардың көмегімен зәулім құрылыстар салып, көпшілікті таңқалдыруға болады. Әлемде мұндай құрылыстар көп болмаса да, олар жұртшылық назарын өзіне аударып, металдан жасалғандығын паш етіп тұрғандай көрінеді. Мұндай құрылыстардың біріне Дели қаласында орналасқан 6,5 т салмағы бар, биіктігі 7 м болатын таза темірден жасалған темір бағана жатады. Бір қызығы бұл бағана б.э.д IV-V ғасырларда салынса да бүгінге дейін әлі таттанбағандығымен ерекшеленеді. Әлемге әйгілі Париж қаласындағы Эйфель мұнарасы да тек қана темірден салынған. Металлдан жасалған бұл құрылысқа жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен тамашалау үшін адамдар келеді. Дүние жүзі мұсылмандарының өте көптеп жиналатын орны -Меккедегі қара тас та таза темірден жасалғандықтан магниттік қасиетке ие болып, тіреусіз жер бетінен қалқып тұр. Металдардың адамзат үшін маңыздылығы соншалық, адамдар металға да ескерткіш орнатқан. Оған 1958 жылы Брюссель қаласына қойылған «Атомиум» атты темір атомының кристалы моделіне арналған ескерткіш мысал бола алады. Бұл ғасырлар бойы адам қоғамына үлкен пайдасын тигізіп келе жатқан Тәңірдің қымбат сыйына айналған металдар үшін адамзат баласының білдірген алғысы іспеттес.

        Металдардың мөлшері мен пайдаланылуы жағынан, одан көп пайда мен табыс көру жағынан Қазақстан да өзге елдерден шет қалмады. Біздің туған жеріміз Қазақстанда металдардың барлық дерлік түрі бар. Пайдалы қазбаларға бай қазақ даласында өте ерте кезеңдерден бастап металл өндірісі болған. Шығыс Қазақстан, Жезқазған, Балқаш маңы мен Жоңғар Алатауынан мыс табылса, Кенді Алтай мен Орталық Қазақстан мырыш пен қорғасынға бай. Алюминий Торғай ойпаты мен Ертіс маңында шоғырланған. Ең көп кездесетін темір Қарағанды, Жезқазған, Қостанай, Торғай, Көкшетау өңірлерінде бар. Қазақстанда бұдан да басқа металл түрлері көптеп кездеседі. Әсіресе, еліміздің орталығы металл кендеріне бай. Оған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөздері дәлел бола алады: «...еліміздің жер қойнауында кездесетін байлықтың сан түрі жерінде тұнған Орталық Қазақстан сияқты «асыл тәждің» Қазақстанда болуын мақтан етемін». Әрине, жеріміздің байлығын күллі қазақ халқы мақтан етеді. Себебі, әйгілі академик, ғалым Қаныш Сәтбаевтің сөзімен айтсақ: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес».

        Сонымен, металдар дүниедегі таптырмас ең қажет байлық екенін өміріміздегі барлық жағдайлардан анық көруге болады. Металдарсыз адамның күні тас ғасырындағыдай жабайылық пен күн көрістің ең ауыр кезеңіне түсіп кетеді. Адамды адам етіп тұрған еңбек болса, ал сол еңбектің алғашқы бастауы металдардың табылып, игерілуімен байланыстырылады.

     Қорытындылай келе айтарым, металдардың барлық түрі олар табылған сәттен бүгінгі күнге дейін адамзат өмірінде жарқырап, шуағын шашып тұрған күн сияқты баршасына пайдасын беріп тұрған асыл қазына. Бүгінгі бейбіт заманда метал атаулының бәрі бізге ауадай  қажет. Сондықтан, металдарды жер астынан сарқылғанша тауыспай, болашаққа ұрпаққа да аманаттап, үнемдеп пайдаланайық!         

 

Наверх ". "
". "". "". "". "". "". "". "". "". "". "
"; ?>
Товар добавлен в корзину